|
|
«Сөзмерген» танымдық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Ойын барысы:
Мұғалімнің сөзі: – Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! «Тілдер күніне» арналған 7- сыныптар арасында өткелі отырған «Сөзмерген» танымдық ойынына қош келдіңіздер!
«Сөзмерген» сайысы басталады,
Білгірлерді жұртшылық қарсы алады.
Көшбасшысы тілдердің – қазақ тілі,
Тағы басқа тілдермен достасайық! – дей отырып, ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
7 «Г» сынып оқушылары
7 «В» сынып оқушылары
Мұғалімнің сөзі: --- сайыскерлеріміздің білімін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сарапшылар тобы:
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бүгінгі «Сөзмерген» танымдық ойыны 5 бөлімнен тұрады, олар:
1. «Зымыран сұрақтар»
2. Тапқыр болсаң, тауып көр
3. Ойлы болсаң, озып көр
4. Мәнерлеп оқу сайысы /топ басшылары/
5. Сөз ойла, тез ойла
6. Көрініс /Шешендік өнерге байланысты/
Ойынымыздың бірінші бөлімі - «Зымыран сұрақтар». Бұл бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және логикалық сұрақтар берілген. Осы сұрақтарға тез, әрі шапшаң жауап беру керек.
1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? /10/
2. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? /3/
3. Қазақ тілінде неше септік бар? /7/
4. Мақалды аяқтандар. Мектеп - кеме, білім - .... /теңіз/
5. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? /Ы.Алтынсарин/
6. Қазақстанның елордасы . /Астана/
7. Қазақстанның мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/
8. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/
9. «Мен, сен, ол» есімдіктің қай түріне жатады? /жіктеу/
10. Етістіктің шақтары нешеу? /3/
11. Жіктік жалғаудың неше жағы бар? /3/
12. Қазақ халқының жаңа жылы /22 наурыз/
13. Қыста ауа райы қандай болады? /суық/
14. Жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі бір сөзбен қалай аталады? /төрт түлік/
15. Бие сүтінен не әзірлейді? /қымыз/
16. Түйе сүтінен не әзірлейді? /шұбат/
17. Айранды ненің сүтінен әзірлейді? /сиыр/
18. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? /Ш.Айманов/
19. «Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? /Құрмаш/
20. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? /4/
21. Бір жылда неше күн бар? /365/
22. «Мұғалім» сөзінің синонимі /¥стаз/
23. «Үлкен» сөзінің антонимі /кішкентай/
24. Абай Құнанбайұлының шын есімі? /Ибраһим/
Екінші бөлім – «Тапқыр болсаң, тауып көр »
Шарты: Тұрақты сөз тіркестердің мағынасын табу
Ит өлген жер – алыс
Қас пен көздің арасында – тез
Төбесі көкке жетті – қуанды
Беті бүлк етпеді – ұялмау
Ит терісін басына қаптады – ұрысты
Қол ұшын берді – көмектесті
Ұшан-теңіз – көп
Жүрек жұтқан – батыр
Жүрегі аузына тығылды – қорықты
Көзді ашып-жұмғанша – тез, жылдам
Үшінші бөлім – «Ойлы болсаң, озып көр »
Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.
1. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух)
2. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - )
3. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктеп қайта түскенде
Өңі кірер даланың (Жаңбыр – дождь - )
4. Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді. (түтін-дым- )
5. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
(жер-земля- )
6. Балдан тәтті не?
(тіл-язык - )
7. Бір арба келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек
(сіріңке – спички - )
Төртінші бөлім – «Мәнерлеп оқу» сайысы
Шарты: Топ басшылары мәнерлеп өлең оқулары тиіс.
Бесінші бөлім – «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал-мәтел құраңдар.
1 ұяшық «білім»
2 ұяшық «кітап»
3 ұяшық «сөз»
4 ұяшық «жер, ел»
5 ұяшық «дос»
6 ұяшық «табиғат»
Алтыншы бөлім «Көріністер сайысы»
Шарты: Би - шешендердің сөздерінен көрініс көрсету керек
Мұғалімнің сөзі:
Көп ұлтты Қазақстанда
Жүзден астам тілдер бар.
Мәртебелі, маңызды
Қазақ тілін танып ал!
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – дей келе бүгінгі «Сөзмерген» танымдық ойынын аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар! Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, «Сөзмерген» атағы беріліп марапатталады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4722 | |
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |