Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тапқыр болсаң,талас жоқ


Тапқыр болсаң,талас жоқ

 

Тапқыр болсаң,талас жоқ

Тақырыбы:  «Тапқыр болсаң,талас жоқ»

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.  Көрнекі іс-әрекеттік, сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Түрі:  интеллектуалды ойын

Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік

Ұйымдастыру кезеңі:   Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныптар арасында өткелі отырған «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысмыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

Оқу ісінің меңгерушісі:              Қабыл Гүлмира

Бастауыш сынып мұғалімдері: Тілеуқабыл Маржан, Маханова Индира 

Сайысқа қатысушылар:    3 «А» сынып оқушылары:

                                            3 «Б» сынып оқушылары: Темірбай Мадияр, Сатенова Зарина

                                            3 «В» сынып оқушылары: Болат Бек, Сахитжан Асылзат

                                            3 «Г» сынып оқушылары: Қолдасынұлы Жанболат, Сейсенбаева Айдана

                                            3 «Д» сынып оқушылары: Толыбай Әлім, Өтеген Арайлым         

Ал енді  сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:

1-айналым.   «Білімді болсаң, байқап көр»
2-айналым.  «Ойлы болсаң, ойлап көр»

3-айналым.  «Жүйрік болсаң, озып көр»
4-айналым.  «Тапқыр болсаң, тауып көр» 
5-айналым.  «Сөз ойла, тез ойла»


- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші айналымна кезек береміз.

1-айналым.   «Білімді болсаң, байқап көр»     Әр топқа зымыран сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Уақыты – 30 секунд

3 «А» сынып:

  1. «Өнер білім бар жұрттар» кімнің өлеңі?                     ( Ы.Алтынсарин)
  2.  «Қырдан келген жас қазақ» мәтінінде кім туралы айтылған?   (Ш.Уәлиханов)
  3.  8*7=
  4.  81:9=
  5.  Дауысты дыбыс дегеніміз қандай дыбыстар?

 

3 «Б» сынып:

  1. «Төрт ана»  кімнің өлеңі ?                                           (М.Шаханов)
  2.  «Дала жұлдызы» мәтінінде кім туралы айтылған?  (Ы.Алтынсарин)
  3.  7*9 =
  4.  36:4=
  5. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз қандай дыбыстар?

3 «В» сынып:

  1. «Үш бақытым» кімнің өлеңі?                                 (М.Мақатаев)
  2.  «Әке арманы» мәтінінде кім туралы айтылған?   (А.Құнанбаев)
  3.  6*8=
  4.  48:6=
  5.  Дыбыс нешеге бөлінеді?

3 «Г» сынып:

  1. «Туған ел» кімнің өлеңі?                                                (С.Сейфуллин)
  2.  «Әліппенің атасы» мәтінінде кім туралы айтылған? (А.Байтұрсынов)
  3.  9*3=
  4.  54:9=
  5.  Дауысты дыбыстың түрлерін ата

3 «Д» сынып:

  1. «Адам болам десеңіз» кімнің өлеңі?                                           (А.Құнанбаев)
  2.  «Ауылға келген мұғалім» мәтінінде кім туралы айтылған?    (М.Жұмабаев)
  3.  8*9=
  4.  63:7=
  5.  Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата

2-айналым.  «Ойлы болсаң, ойлап көр»  Мақалды жалғастыру керек, әр топқа 3 мақал-мәтел беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

Жақсы байқап сөйлер,...... жаман шайқап сөйлер.
Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді;............ Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.
Астың дәмін тұз келтірер,........... Ауылдың сәнін қыз келтірер.
Бөтен жердің гүлінен............... Туған жердің тікені артық.

3 «А» сынып:

  1. Тіл тас жарады,.......... тас жармаса бас жарады.
  2. Тауды, тасты жел бұзар,..... адамзатты сөз бұзар.
  3. Аққуды атпа,...... досыңды сатпа!

3 «Б» сынып:

  1. Білімдіге дүние жарық............. Білімсіздің күні кәріп.
  2. Жеті жұрттың тілін біл,............ Жеті түрлі білім біл.
  3. Еңбек етсең ерінбей, ............ Тояды қарның тіленбей

3 «В» сынып:

  1. Мектеп - кеме, ............. Білім  теңіз.
  2.  Әке көрген оқ жонар, ......... Ана көрген тон пішер
  3.  Білекті бірді   жығар, ...........Білімді мыңды жығар

3 «Г» сынып:

  1. Оқусыз білім жоқ, ......... Білімсіз күнің жоқ.
  2.  Қына – тасқа бітеді, ....... Білім – басқа бітеді.
  3.  Досы көпті жау алмайды, ........ Ақылы көпті дау алмайды.

3 «Д» сынып:

  1. Судың  да ...... сұрауы бар
  2.  Кісі елінде сұлтан болғанша, .......... Өз еліңде ұлтан бол
  3.  Оқу инемен ...... құдық қазғандай

                      Білім, ой мен арымыз,
                      Рухани нәріміз.
                      Сайыскерлер сіздерге
                      Қол соғайық бәріміз,- деп сайысқа қатысушыларды қолпаштап отырыңыздар.

Би: 3 «Д» сынып оқушыларының  «Бипыл» биін тамашалайық

3-айналым.  «Жүйрік болсаң, озып көр» - шебер қолдар сайысы. Әр сыныптың оқушыларынң қолдары байланған. Бірінің оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына бетіне өрнек түсірілген қағаз берілген. Осы қағаздан өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңмен көмек берілмейді. Ең жоғары ұпай – 5, уақыттарына қарай ұпай саны кеміп отырады.

Әдемі әуен қойылады.


4-айналым.  «Тапқыр болсаң, тауып көр».  Әр сынып мына жердегі әріптердің біреуін  таңдап алу қажет. (Әріптер таңдап алынады). Айналымның шарты –берілген сұраққа таңдап алған әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек. Мысалы: М – әрпін таңдатып, бір мұғалімге ойнату  арқылы түсіндіру. (Әріптер Б,С,А,Е,Т)

Мұғалімге:

  1. Пырылдап ұйықтайтын не?
  2. Қиындықты қалай жеңесіз?
  3. Ұстаз кім?
  4. Тіл не үшін керек?
  5. Сіз кімсіз?
  6. Ананың көңілі балада, баланың көңілі .....
  7. Ұялғанда не істейсіз?
  8. Күн ішінде не бар?


 

Оқушыларға:

  1. Суды немен ішесің?
  2. Сенің досың кім?
  3. Бүгін сенде неше сабақ?
  4. Қандай тағамды ұнатасың?
  5. Қай көшеде тұрасың?
  6. Жасың нешеде?
  7. Қай ертегіні ұнатасың?
  8. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
  9. Көршің кім?
  10. Ағаңның есімі?
  11. Сенің көршің кім?
  12. Қай жануар ұнайды?
  13. Зат есімге мысал айт
  14. Көйлекті неден тіккен?
  15. Сүйікті пәнің?
  16. Сен үшін ең құрметті кім?
  17.  Мектеп саған не береді?
  18.  Қазақстан қандай?
     

5-айналым.  «Сөз ойла, тез ойла».

                     Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
                   Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
                   Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
                   Сөзжасам кезегі енді басталады.–деп ойынның соңғы айналымына да келіп жеттік. Осы айналымның басты шарты:барлық сыныпқа бір сөз беріледі. 3 минуттың ішінде берілген сөзден бірнеше сөз құрап жазу керек.   Балдырған деген сөз беріледі.

 

                    Біреу озса сайыста,біреу артта қалады. 
                    Ренжімей тарасса, озбағандар жарады. 
                    Жарыс заңы ежелден- жеңімпазды анықтау, 
                    Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау-деп ойынымыздың соңғы бөлімін аяқтадық, оқушылардың ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайтын кезге де жеттік. Әділ – қазылар анықтап болғанша, тамаша әуенге кезек берелік.

 

Көрермендер арасында ойын:  Ойды сергітуге арналған жаттығулар

  1. Жаз мезгілінің екінші айы қалай аталады?
  2. «Алтын балық» ертегісін кім жазды?
  3. Тормен су әкелуге бол ма?
  4. Қала мен ауыл арасында не бар?
  5. Үлкейген сайын жеңіл болатын не?

 

Бұл қандай зат?

  1. Қара, төртбұрышты, сөйлейді, көрсетеді
  2. Ақ, төртбұрышты, іші суық
  3. Бәрін көреді, өзін көрмейді
  4.  

Жаңылтпаш айтайық

  1. Он қап он қапты қақ,

Он қапты қақ та, қатта

  1. Аралдар бар,

Аралдарда жабайы маралдар бар

Араларында жаралы маралдар бар

 

Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беру

Әр айналым бойынша жоғары ұпай жинаған сыныптарды номинациямен марапаттау:

1-айналым.   «Білімді болсаң, байқап көр»  -  «Білімді сынып» номинациясы
2-айналым.  «Ойлы болсаң, ойлап көр»  -       «Ойшыл сынып» номинациясы

3-айналым.  «Жүйрік болсаң, озып көр» -      «Епті сынып»        номинациясы
4-айналым.  «Тапқыр болсаң, тауып көр»  - «Тапқыр сынып» номинациясы
5-айналым.  «Сөз ойла, тез ойла» -                  «Жүйрік сынып»  номинациясы

 

Қорытынды:

                      Жарайсыңдар барлығың да өренім,
                      Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
                      Риза болды қатынасқан көрермен,
                      Сайыстағы бар қызықты көргендер.

- Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Осыменен сайыс аяқталды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұлдызды сәт
«Сөзмерген» танымдық ойыны
Тапқыр болсаң,талас жоқ.
Тапқыр достар
Білімнің бастауы –бастауыш
Ойлы болсаң, озып көр
Кім жүйрік ойға — сол алда.
Кім жүйрік ойға — сол алда
Жұлдызды сәт
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4387 | Қосты: Аимбетова Гульмира | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык