Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сабаққа психологиялық талдау жасау


Сабаққа психологиялық талдау жасау

Сабаққа психологиялық талдау жасау

  1. Мақсаттылық  жағы-түсініктілігі, іс-әрекет  әдістерінің заңдылығы, шеберлігі, білімі , дағдысы,  іс-әрекет  құралдары. Оқушылар  дамуының қандай  өлшемдері мақсатта  белгіленген, сапалық өлшем  ретінде ұсынылатын  танымдық, сарамандық  тапсырмалар,  оқушылар іс-әрекетінің функционалдық кезеңі (бағдарлық, орындаушылық, бақылап-түзету).
  1. Мазмұндық  жағы- сабақ  мазмұны оқушылардың  оқу-танымдық әрекетінің  нысаны, объектісі болуы,  зерттеушілік  әрекеттің  жүзеге  асуы,  оқу  тапсырмаларының қандай  түрлерін құрайды, қандай пәндік  тапсырмадан  тұрады
  1. Технологиялық  жағы- зерттеушілік  әрекет тәсілдері, бағдарлық іс-әрекет тәсілдері, орындаушылық іс-әрекет тәсілдері, бақылап-түзету әрекеті, негізгі кезеңдерін біріктіру барысы, жеке оқушының танымдық талаптарын басқару, дамыту, біліміні, шеберлігіне, дағдысына, іс-әрекетті  дағдысына  ықпалы.
  1. Оқу  әрекетінің  теориялық-сарамандық  жағы- оқушының өз  мақсатын түсінуі, іс-әрекет объектісі мен нысанын  анықтай  алуы,  өз  әрекетін  ұйымдастыруы, пәнді  зерттеуде  теория  мен  сарамандық  жұмыстың  бірлігі.
  1. Сабақтың  дидактикалық  құралдары- түрлері,  жүктемесі, оқушылардың  бағдарламалық, бақылау-түзетушілік кезеңдердегі қызметі жас ерекшелігі мен психологиялыз дамуына сәкестігі.
  1. Қорытынды- сабақтың танымдық-талаптану өрісіне әсері қандай олды. Оқушы әрекеті  нәтижесі  сабақ  мақсатына  сай  келе  ме, сабақта қалыптасқан білім-дағды шеберліктің сабақ мазмұнында  біріктірілуі. Баланың білім дәрежесін бағалаудың психологиялық талапқа сәкестігі, сабақтың психологиялық әсері (көзқарастардағы жағымды және жағымсыз өзгерістер).

Оқушының  жеке  басына  берілетін педагогикалық-психологиялық   мінездеменің үлгісі

  1. Жалпы  мәлімет- аты-жөні,жасы, класы, жалпы дене  дамуы, денсаулық жағдайы, отбасындағы, күнделікті өмірдегі  тұрмыс  жағдайы, отбасы  мүшелерінің өзара қарым-қатынасы.
  2. Ұжыммен өзара қарым-қатынасы және мектепке деген қатынасы- сынып ұжымының жалпы мінездемесі, оқушылардың жалпы дамуы, тәрбиесі,  ұжым талабы, үлгі-дәстүрі . Ұжымдағы беделі, ерекшелігі, достары, кикілжің жағдай, болу себебі, сынып ұжымындағы орны.
  3. Оқу әрекеті- үлгірімі, дүниетаным, білуге деген құштарлығы, сөйлеуі, қызығушылығы, мақсатқа ұмтылуы, оқу әрекетін ұйымдастыра білуі
  4. Еңбекке көзқарасы- мотиві,  еңбек сапасы  дағдысы, тәртібі,  жауапкершілігі
  5. Жеке бас  бейімделігі – қызығушылығы (өнер,  спорт,  еңбек, т.б.)
  6. Тәртібі -  өзін-өзі бақылауы,   қозғалтқыштығы, тәртіпке бағынуы, үлкендердің  талабын орындауы т.б.
  7. Мінез-құлқының , темперамент ерекшелігі -  мінезінің  жағымды және жағымсыз жақтары,   бағыттылығы, мейірімділігі, белсенділігі, салмақтылығы, мінезінің  ерік  сапалары –тұрақты,  өзгермелі, бірбеткей, байсалды,  уайымшыл,  табанды, т.б.
  8. Жалпы   педагогикалық-психологиялық     қорытынды  - оқушы жеке басында  кездесетін  жетістіктер мен  кемшіліктер,  алдағы уақытта тәрбиеші мен мұғалімге қойылатын талаптар.

 Сынып  ұжымын  зертеу  бағдары

  1. Сынып құрамы.
  2. Оқушылар дамуының  танымдық  деңгейі.
  3. Оқушылардың  еңбекке  бейімділігі және  үлгерімі.
  4.   Қоғамдық  жұмысқа  қызығушылығы.
  5.   Оқушылардың  саналылығы 

6. Сыныптың  бейімділігі-сынып бірлігі - топқа  бөлінушілік,  теріс  мінезділер бар ма?  Мектепте  және  одан  тыс   мекемелерде  өткізілетін іс-шараларға  қызығушылығы,  қатысуы.  Қыз балалар  мен  ер балалар  арасындағы қарым –қатынас,  бірін-бірі қорғау,  бейтарап  топ  бар  ма?  Өзара жанашарлық,  қолдау.  Ұйымдастыру, өзін-өзі басқару, өзара міндет бөлісу, жауапкершілік

7. Қоғамдық пікір-өзара сынға көзқарасы- шыншылдық, қарым-қатынастағы  әділдік , бірін-бірі қолдау.

8.  Достық байланыс  сипаты-не біріктіреді, достық сапасы,   өзара  көмек,  талап қою, озат оқушы  мен   қабілеті төмен,  мүмкіншілігі шектеулі  оқушыға  көзқарасы

9. Сынып белсенділері-  ресми және  жай  белсенділер, олардың беделі,   тапсырмаға жауапкершілігі, мектеп  белсенділерімен  байланысы.

10. Сынып  ұжымының  мектеп  ұжымымен  байланысы-  ақпараттық  жетімділік,  мектеп  өмірін  жақсартуға ұсыныстар, мектеп тапсырмасын орындауы,  басқа сыныптармен байланысы,  жалпы мектеп  іс-шарасына қатысуы

11. Сынып  ұжымын  қалыптастыру шаралары –ұжымды қалыптастыруға , дамытуға,  ұсынылатын шаралар

Дарындылық   нышандары

1. Ойлау ұшқырлығы,  тапқырлығы.    Бұрыннан  кең таралған  идеялардан  басқа идея   ұсына  білуі.  Мысалы:  баланың  салған суреті  не   шығармашылығы  өзіндік  тақырып,  сипаттама  болады.

 2. Ойлаудың  иілгіштігі.    Тез, оңай  бір  құбылыстан  екіншіге  ауыса  білу.  Бір    проблемалық   мәселені шешуде  тез бағытты  өзгерту.

3. Ой өнімділігі.  Ой өнімділігі,  немесе шапшаңдығы көбінесе үлкен  ой-пікір идеяларының  көптігімен  сипатталады.

4. Талдау, жинақтау  қабілеттілігі.  Кез-келген  хабарды  жүйелі  логикалық  түрде   қарастыра білу-талдау, ал  керісінше  бір нақты құрылымға  біріктіру, жинақтау.

  1. Классификациялау, категориялау. Кез-келген  хабарды  жүйелей  білу, бағалай  білу  қабілеті. Жиналған      материалдарды  жүйелей  білу. Зейіннің  жоғары  шоғырлануы.
  1. Ес.          Баланың  оқиға,  мәліметтер, белгілерді  есте сақтай  білу  қабілеті.
  2. Танымдық  қажеттілігі. Бала неғұрлым  дарынды болса, білуге  ұмтылып,  соғұрлым  жоғары  болады. Жаңа хабар  мәліметтерді  іздейді, үнемі  сұрақ  қояды, зерттеу,    шығармашылық белсенділігі  жоғары  болады.
  3. Әр түрлі  мәселеге  жоғары  сезімталдық  басқалардың  байқалмайтындығын  байқау  қажеттілігі. Бұл  шығармашылықпен  ойлайтын  адамдарға  тән  сипаттама.  Проблемалық  мәселелерді  қоя  біледі.
  4.  Болжам  жасау  қажеттілігі. Кез-келген  мәселені  қалай  шешуге  болжам  жасап,  қалап  оң дұрыс  шешуге  болатындығын айтып, оның  қорытындысын  да айта алады.
  5. Сөздік қоры. Баланың  ақыл-ой дамуының  негізгі  қорытындысы, критерий сөздік  қорының  мол болуы.
  6. Бағалау  қабілеттілігі. Өзінің  ойын  іс-әрекетіне  және  басқа  адамдарға  да баға  бере  білу сыни  ойдың  нәтижесі. Бұл  өзін-өзі  байқауға, бақылауға, өзіне  сенімді  болуға  мүмкіндік  береді.

Жеке даму   деңгейіне  сипаттама

  1. Міндеттің  мазмұнына  қызығушылығы. Дарындылық  сипаттамасы,  сайыстарда  орын  алуға емес,  оның  мазмұнына  қызығушылығы.
  2. Іс-әрекетті  аяғына  дейін  жеткізу. Бұл  сапалық  қасиетке  кез-келген  іс-әрекетті  орындауды  бала  жоғарғы  талап  қоя  біледі.
  3. Өз көзқарасын   білдіре білу. Ол  баланың  белсенділігін,  тәуелсіздігін  білдіреді.

Мұғалім кодексі

Өзін жеке тұлға  ретінде  түсіну.

Шығармашылық  зертханасы  болып,  өзіндік  тәжірибе  жүргізу

Педагогикалық   қызметте  жетекші  бағытты  таңдау.

Педагогикалық  процестерді  шығармашылық  тұрғыда  жоспарлап  ұйымдастыру,  олар  жақсы   нәтижеге  берген  жағдайда  авторлық  идея  (ой), әдістерді енгізу.

Өзін  өзгеге  сыйлатуға  және өз  жұмысын  көтермелеп  мадақтауға  құқықты  болуға  құқылы.

Оқушының досы,  көмекшісі болу.

Өзге  ортаның  балаға жақсы  ықпал  беруі  үшін  күресу  өзгені  өзіндей  түсінуге үйрету, баланың  ерекше  қасиетін  сыйлау.

Қандай қиын  кезеңде  де  болашаққа  сеніммен  қарау (оптимист),  баланың  кейбір  қылығына төзімділікпен, жанашырлықпен  қарау.

Олармен  шынайы  сөйлесе  білу. Орамсыздыққа  (әдеттен  шықпаушылыққа), ескішіл,  кертартпалыққа  төзбеу.

Өз ісінің  маманы, шебері  болуға  міндетті.

Ата-аналар кодексі

Мектеп  кеңесін  сайлауға  және  оған  сайлануға.

Мектеп  кодексінде қарауға  ұсыныстар  енгізуге

Мұғалімдермен  және  әкімшілікпен  келісіп  жеке  сабақтар  мен  кеңестерге  қатысу.

Педагогикалық  ұжымның  жұмысын  (қызметін  бағалауға).

Мектептегі  жағдайды  жақсарту    мақсатында  ұсыныстар  жасауға.

Баласының құқын,  отбасының  намысын қорғауға

Дау, талас  туған  жағдайда  психологқа, әкімшілікке  немесе  дауды  шешетін   комиссияға  баруға.

Баланың  оқу  профилін  таңдауға.

Жеке  мұғалімдер  мен  оқушыларды  мадақтау  туралы  ұсыныс   беруге  құқылы.

Баланың  өміріне  жауапты  болу,  оның  өсуіне  жағдай жасау.

Отбасында  психолог, педагог, дәрігер  бол білу. Отбасында атқарылатын істердің  ортақтығы,  әрі ол істі  атқаруда  әркім  дербестігін  сақтауға.

Тәрбиемен  ерекше  жағдай  болған  кезде  ғана  емес,  ұдайы  айналысу.

Баланы тәрбиелеу  үшін  өзіңді  тәрбиелеген  жөн.  Тәрбие  беру  ақыл  айту  емес.

Баланы  жақсы  көру  және  өзінің  жақсы  көргенін  мейірімді,  жылы  сөзбен  жеткізіп  отыруға.

Өзін  баламен  тең  дәрежеде  ұстау. Балалар  өздерін  ешқашан  кішімен  деп  ойламайды, олардың  бойында  дербестікті  тәрбиелеу.

Егер  өзіндік  пікір,  сеніміңіз  болмаса, балаға  жақындамау.

Оқушы кодексі

Мектептегі  барлық  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып,  білім  алу мен  ептілікке  үйренуде  өз  белсенділігін  аныту, мектептің  оқыту  және  тәрбие  жұмыстарына  қатысты  өзінің  пікірі  мен  келіспеушілігін  білдіру.

Өз мәселесін  сынып жетекшісіне, мектеп  директорына, басқа да  мұғалімдерге  жеткізіп,  олардан  көмек, кеңес  алу.

 Өз намысын  сыйлауды  талап ету (сыйлауға  талап қою):

Қоғамдық  ұйымдарда  (жұмыстарда)  белсенділік  көрсету;

Сыныптан тыс, мектептен  тыс  сабақтарға  қатысу;

Өз мүмкіндігіне  орай конкурс  жарыстарда  мектеп  намысын  қорғау;

Сабақ арасындағы  үзілістерде  дем алу;

Өзінің білімі  мен  ептілігіне  баға   берілуін  талап ету. Әр пән  бойынша  қойылған  баға  өзінің  білімі;

Бақылау  жұмыстары  алынатын  уақыт пен  оның  көлемі  жайлы  мәліметтен  алдын-ала  хабардао болу,

Бір күнде  тек бір бақылау жұмысы,  ал бір аптада  үш  жазба  жұмысын  орындау:

Білім алуда  мұғаліммен  қосыша   көмек  білім  мен  ептілікке баға,  жолдастары  жағынан  көмек  алу.

Өзі, ата-аналары  немесе  олардың  орнындағы   адамдар арқылы  мектептің  оқу  профилін,  оқу түрін  қарқынын  анықтап,  білім беру  мерзімін, жеке  оқу  бағдарламасын  таңдайды.

Оқудағы  жақсы  үлгеріміне  сәйкес  аптасына   қосымша  бос  бір күн  алу;

Мектеп  кеңесіне  және  мектептен  өзін-өзі басқару  органына  сайлайды  және  сайланады. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.
Ұлттық ойындар
Ата-аналармен жұмыс
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ата ананың балаға көзқарасы сауалнамасы
Мектептегі әлеметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру және іс-қағаздары
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 20314 | Қосты: Гулбану Алжанова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык