Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сауыр - Тарбағатай таулары


Сауыр - Тарбағатай таулары

Сабақтың тақырыбы: Сауыр-Тарбағатай таулары

Сабақтың мақсаттары:
Оқыту: Физикалық-географиялық орнымен, геологиялық құрылысымен, органикалық дүниесімен таныстыру. 
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дүние танымын молайту.
Тәрбиелік:Туған жерді, елді сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, ғаламтор мәліметтері.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Жоңғар қақпасынан соғатын желдер?
2. Жетісу Алатауында қанша мұздық бар? 
3. Жетісу Алатауы қандай табиғат зоналарында орналасқан? 
4.Жетісу Алатауының солтүстік және оңтүстік жоталарының арасынан қай өзен ағып шығады?
5. Алакөл қорығында не қорғалады?
 
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Географиялық орны.Тауларгерцинде түзілгенЖайсан және Алакөл тауаралық қазаншұңқырларының аралығында орналасқан . Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.
Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан, Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті - Қоңыр тауы Қытай жерінде. Сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады.
Жер бедері мен геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалары. Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мүзтау (3816 м). Жотаның Қазакстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады.  Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі кұз жартасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы қар сызығы 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар.
Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады.  Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м . Ең биік нүктесі - Тазтау (2992 м). Онда мұздық Тазтаудың басында ғана кездеседі.
Сауыр-Тарбағатай негізінен жоғарғы палеозой жыныстарынан (кристалды тақтатастан, құмтастан, әктастан және саздан) түзілген. Сауырда атпа жыныстар кең тараған. Олар порфир және порфириттер түрінде кездеседі. Tapбағатайда порфириттер шөгінді жыныстармен кезектесіп отырады. Ал оның оңтүстік беткейінде әктас көп ұшырасады. СауырдағыжоқграниттерТарбағатайдыңсуайрығындасалыстырмалытүрдежиікездеседі.
Сауыр-Тарбағатай - қатпарланғантаулы өлке. Оныңнегізгіқұрылымыжоғарғыпалеозойда, яғнигерцинкатпарлануыкезіндеқалыптасқан. ОлАльпі тау көтерілукезіндежаңғырыпқайтакөтерілген. Бұлауданныңқазіргіжербедерініңқалыптасуынаертезамандардағымұз басу, ағын сулардың эрозиялықәрекетіжәнекейінгітектоникалықпроцестерәсереткен. Тарбағатай-Сауыр өлкесінде 1-2 балдықжерсілкінужиіболыптұрады. 1990 жылыТарбағатайдың оңтүстігіндегі орналасқан Рожков аулындағы жеті баллдықжерсілкінуішаруашылыққабірсыпыразиянәкелді (ауыл басқа жерге дерлік жаңадан салынды). СауыртауындаКендірліккөміркеніашылыпжанғыштақтатастың мол коры табылған. Жайсан көлінің оңтүстігінен мұнай мен табиғи газ табылды. Бүгінгі күні өңірді табиғи газбен қамтамасыз етуде.
Климаты мен өзендері. Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа карай қуаңдау.
Таудан Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер бастау алады.Көкпекті, Базар, Қандысу өзендері Жайсан көліне құяды. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Үржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балкаш көліне жетеді.
Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары. Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауырдын таулы орманды-шалғынды дала болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп.Әсіресе арша, бүрген,ұшқат,қарақат, тошала, тобылғы жиі кездеседі. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ теректі  шағын ормандар және қой бүлдіргенібар. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол. Таудың батыс беткейінде бақтар бар.
Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі. Сауыр тауының етегі егіндікке, шабындыққа, мал жайылымына қолайлы. Бұл тау жоталарының оңтүстік беткейі солтүстігіне қарағанда 5 градусқа жылы болады, көктем 20 күндей ерте шығады.
Жануарлар дүниесі жағынан Сауыр мен Тарбағатай, Алтай мен Тянь-Шаньның аралық ауданын кұрайды. Оны қоңыр аю, бүғы, елік, таутеке, арқар, қасқыр, қар барысы, сілеусін, түлкі және т.б. аңдар мекендейді. Сұр суыр осы өлкенің мақтанышы.Тау жануарлары да, дала, шөлейт аңдары да кездеседі. Шөлейтті далада Дала тышқаны,қосаяқ,аламан мекендейді. Бұл жерде «Қазакстанның Қызыл кітабына» енген жолақты қарашұбар жылан, ақбас тырна, дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ұлар, бүркіт, лашын, ителгі, үкі және т.б. ұшырасады. 
 
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
 
1. Сауырдың ең биік нүктесі? 
2. Тарбағатайдың ең биік нүктесі? 
3. Сауыр мен Тарбағатай тауларының жер бедері қандай?
4. Жануарлары?
5. Өсімдіктері?
6. Пайдалы қазбалары?
 
V.Үйге тапсырма:  Сауыр-Тарбағатай таулары.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Биік тауларға саяхат
Орал физикалық-географиялық аймағы
Алтай тауы
Сарыарқа
Жетісу Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань таулары
Білгір географ - XXI
Қазақстандағы биік таулар
Алтай таулары
Алтай таулары
Сауыр-Тарбағатай презентация
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 12725 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык