Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 6592 |
|
|
|
Алтай таулары
Сабақтың тақырыбы: Алтай таулары
Сабақтың мақсаттары:
Оқыту: Алтайдың физикалық- географиялық орнымен, геологиялық құрылысымен, органикалық дүниесімен, пайдалы қазбаларымен және өзен-көлдеріментаныстыру.
Дамытушылық: Қазақстан туралы білімін молайту.
Тәрбиелік: Экологиялық және эстетикалық тәрбие беру..
Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы, атластар, интерактивті тақта, ғаламтор мәліметтері, кескін карталар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру әредігі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Мұғалжар қай таудың жалғасы?
2.Тауды екіге бөліп жатқан ойыс?
3. Ең биік нүктесі?
4.Мұғалжар қашан түзілген?
5.Мұжалжар тауының ұзындығы мен ені?
6.Мұғалжардың пайдалы қазбалар?
7.Жылдық жауын-шашын мөлшері?
8. Өсімдіктері мен жануарлары?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Географиялық орны. Алтай Жайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оңтүстік-батыс шеті кіреді. Оның оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Жайсан көлі, батысы Қалба жотасы. Сарыарқадан Шар өзенінің аңғарымен бөлінеді.
Жер бедері мен геологиялық құрылымы.Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарайқазақстандық Алтай үш бөлікке бөлінеді.
А л т а й д ы ң б ө л і к т е р і
Оңтүстік Алтай Кенді Алтай (Батыс Алтай) Қалба жотасы
Тарбағатай 2739 м.
Сарымсақты 3374 м.
Нарын жотасы 2386 м.
Оңтүстік Алтай жотасы 3483 м.
Сарытау 3300 м.
Күршім 2644 м. Үлбі 2300 м.
Иванов жотасы 2775 м.
Үбі жотасы 2100 м. Сарышоқы 1558 м.
Алтай таулары негізінен герцин қатпарлығында түзіліп, Альпі тау жасалу кезеңінде қайтадан өзгеріске ұшырап көтерілген. Геологиялық құрылысы жағынан метаморфтанғанпалеозойлық саз балшықты кремнийлі тақтатастан, әктастан, гранитті интрузиядан, жанартаулық эффузиялық тау жыныстарынан түзілген. Алтайдың ең биік нүктесі-Мұзтау (Белуха) 4506 метр.
Оңтүстік Алтай-Бұқтырма өзені мен зайсан қазаншұңқыры аралығында жатыр. Оңтүстік Алтайды өз ретінде екі жотаға бөліпКүршім, Қарақоба өзендері бөліп жатыр. Герцин қатпарлығында түзілген. Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1449 метр биіктікте Марқакөл қазаншүңқыры орналасқан.
Пайдалы қазбалары :Алтай пайдалы қазбаларға бай өлке.Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс пен сынаптың мол қоры бар.Алтай монгол тілінен аударғанда алтын тау дегенді білдіреді. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек кездесетін металл, Қалба жотасында алтын, қалайы, вольфрам өндіріледі. Осы өңірден өндірілген қазбаларды байыту үшін Өскеменде, Риддерде, Зырянда металлургиялық зауыттар салынған. Кен рудаларын өндіру мен қорыту ісінің таза технологиялық негізде орындалмауы табиғаты әдемі өлкенің экологиясын бұзуға себепші болып отыр.
Климаты :Алтайдың қазақстандық бөлігінің климаты қоңыржай континентті. Айналасындағы жазықтармен салыстырғанда жаздың өзінде тау іші салқындау, ал қыста, керісінше жылы. Оған инверсия әсер етеді.
Шілденің орташатемпературасы19°-22°C,
1000 метр биіктікте 16°-14°C
2500-2700 метр биіктікте +7°-6°С-тан аспайды.
Қаңтарың орташа температурасы -20°C.
Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм
Тау ішінде 1000-1600 мм-ге дейін көбейеді.
Тауға қар қалың түседі. Кейде оның қалыңдығы 1-3 метрге дейін жетеді. Қазақстанның ең көп жауын-шашын түсетін нүктесі Батыс Алтайда (1600 мм.) жатыр.
Өзендері мен көлдері, мұздықтары. Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Алтайдың ең басты өзені – Ертіс.Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма,Үлбі, Үбі, Шар, өзендер құяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі су электр стансалары салынған. Ертіс Жайсан көліне құйғанға дейін Қара Ертіс деп, ал көлден ағып шыққан соң Ақ Ертіс деп аталады.
Алтай көлге де бай. Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл, т.б. көлдердің ауданы 1 км2-ден асады.Ең үлкені (ағынды көл, жағалауын жоғалтқан көл) - Жайсан көлі (ауданы 5510км2) . Марқакөлден Қалжыр өзені ағып шығады . Ол Жайсанға жетпей уәдке айналады.
Алтай тауларында 328 мұздық бар.Жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сақталған.
Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлары. Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Жайсан қазаншүңқырына караған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бүқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) жәнө биік шыңдағы мәңгі кар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді. Орман алқаптарында май қарагай, бал қарагай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмүрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.
Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бүғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау құр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұлар кездеседі.
Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының территориясында 1992 жылы Батыс Алтай қорығы құрылды.Онда өсімдіктердің 564 түрі,жануарлардың161 түрі, құстардың 120 түрі кездеседі.
Рахман қайнары - Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Айналасын биік тау,орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
1. Алтайдың бөліктері?
2. Ең биік нүктесі?
3. Кенді Алтай қандай жоталардан тұрады?
4. Қалба жотасының ең биік нүктесі?
5. Пайдалы қазбалары?
6. Ең үлкен өзені?
7. Көлдердің ең үлкені?
V. Үйге тапсырма: Алтай тауы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |