Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сезімге түскен сәулелер


Сезімге түскен сәулелер

Сезімге түскен сәулелер

Бүгінгі біздің тұсаукесер кешіміздің тақырыбы  «Сезімге түскен сәулелер».
Кештің мақсаты: Мектеп оқушыларын жергілікті ақын, ұстаз, имам Оразбаев Балташ Қабдығалымұлының шығармашылығымен кеңінен таныстырып, кітаптың ішкі мазмұнын ашып, оқырмандарды қызықтыру.
Тәрбиелігі: жазушының тәлім-тәрбиелік ойларын, жарық көрген кітабын, өлеңдерін балаларға айтып түсіндіру,мәнерлеп оқу, ақын талантын шәкірт жүрегіне ұялату, туған еліне , жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.                                                          Кіріспе : № 1 Бестөбе орта мектебінің қара шаңырақ астында сегіз қырлы бір сырлы ұстаз,имам, ақын Балташ Қабдығалымұлының «Сезімге түскен сәулелер» атты кешін ашық деп жариялаймыз. Ендеше, кешіміздің асыл қонағын Балташ Қабдығалымұлын 25 жыл отасқан жұбайы Бақыт тәтемен сахна төріне шақырайық.
2 кісі лентаны тартып тұрады.Лентаның кесу рәсімі Балташ Қабдығалымұлының өзіне беріледі.Көрермендер тұрып қол соғады.
Жыр шашу Айтолқын Аманбайқызына беріледі.Ән  «Той,той».
Жүргізуші:Алғашқы сөз кезегін Балташ Қабдығалымұлының шәкірті, сол кісінің жолын жалғастырушы  қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы Мухаметжарова Алмагүл Байжанқызымен мектептің бай  кітапханасын меңгеріп,  оқушы  жол сілтеп  жақсы мен жаманды айыруға ,білімнің терең нәрімен сусындатып , «кітаптің білім бұлағы»  екендігін танытып отырған мектеп кітапханашысы Гүлназ Папашқызына сөз беріледі.                                                         Жүргізуші:  Балташ Қабдығалымұлын  біріміз ұстаз ретінде , біріміз кентіміздің ардақты ақсақал ретінде танимыз, олай болса жергілікті ақынымыздың өмірбаянынан дәл осы кезде сыр шертуді жөн көріп отырмыз.
1оқушы . Мен, Аян  Балташ Қабдығалымұлының өмірі жайында айтып, өмірінің ең елеулі кезеңдерімен сіздерді таныстырғым келеді.
Жүргізуші: Дұрыс, саған көптен көп рахмет.Өмірі жайында мәлімет ала отырып, ел ақсақалының, қадірлі ұстаздық , ақындық жолы жайында кім не айтар едіңдер.
2оқушы:  Мен, Азамат  ақындық жолы туралы айтсам деймін.
Жүргізуші:  Жақсы,рахмет досым.і мен ақындық жолымен қатарымен қоғамдық қызметі жайында сыр шертсек қайтеді.
3оқушы: Мен, Дархан қоғамдық жолы туралы айтсам...
Жүргізуші: Жақсы   досым.
Ал құрметті көрермендер , бүгінгі кешіміздің қонақтары сіздер әрі ұстаз, әрі әке, сенімді серік, жар-жолдас, ардақты ата,ақын жайында оның өмірі қаламгерлік шеберлігі, қоғамдағы орны жайында жаңа оқушылар айтқанынан өздеріңіздерге қажетті мәлімет алдыңыздар -  деп сенемін.
Ендігі кезекте сұрақтарыңыз болса кеш қонағына қоюларыңызға рұқсат. 
1.Мен Қинаш Шолпан 10 «а» сынып оқушысы , құрметті Балташ Қабдығалымұлы  әр ақын-жазушы үлкен әдебиетке келер өзіндік жолы болады екен,ақындық қабілетіңізді кім байқап, кім ашты
2.Ең алғаш өлеңді қанша  жаста жаздыңыз.
3.Өлең жазу қабілетіңіз кімге ұқсаған
4.Бала кезіңізде кім болам деп армандадыңыз
5. Алғашқы ұстаздарыңыз кім болды , ақындық жолға түсу түрткісі кім, не болды.
5.Кітаптың атын неге  «Сезімге түскен сәулелер» деп алдыңыз.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Сұрақ қойған  көрермендерімізге рахмет айта отырып, бүгінгі тұсаукесер кешіне ақынның бірнеше өлеңдерін сүйсініп оқып,  жаттап келген шәкірттер де бар. Сөз кезегін поэзия сәтіне берейік,ендеше сол балаларымыз өлеңдерін оқып берсе дейміз.
Өлең  « Анасына» , «Туған елім, Алтын ұям, Бестөбе...» , «Әке», «Имандылық туралы», «Досқа наз».
Жүргізуші: Балаларға арнап жазған өлеңдерінде  тәрбиелік мәні бар өлеңдері көп кездеседі. Бала дегеніміз - болашақ  дей отыра  кезекті атамыздың жиендерімен  немерелеріне  береміз. «Балаларға базарлық», «Ата әлдиі», «Ардаққа», «Ринатқа» - өлеңдер.
Жүргізуші: Поэзия! Мен сенімен егіз бе едім....
Құрметті поэзияны  қадірлей әрі сүйе білген шәкірттер сіздерге көптен –көп рахмет.
Кешіріңіз , Балташ Қабдығалымұлы бізде көңілімізде тұрған көкейіміздегі қалып қояйын деп отырғандай  сұрақтар бар.,соған осы кеште жауабын алсақ деп отырмыз.
Жүргізуші: Жақсы,  көкейлеріңіздегі сұрақтарыңызды қоюға рұқсат.
1. 60-тағы Сәкене,70-тегі Бәкене деген өлеңдер кімге арналғанын айтып берсеңіз?
2. Мұқағалиша ғашық болдым дейсіз ғой , құпия болмаса бұл өлеңді кімге арнадыңыз?
3. Кәрілік туралы 
4. 25 жыл қатар жүріп келеміз...Енді қанша қатар жүзер кемеміз – деп айтылған екен келесі өлең жолдарында, рұқсат болса 25 жыл сіз бен бірге  қатар жүзіп келе жатқан апамызға сұрақ қояйын:
Ақынның  жары болу қиын ба?
Жүргізуші: Құрметті көрермендер қауым, сұрақтарыңызға жауа алсаңыздар кезекті бүгінгі кешіміздің қонақтары сыйға тартқалы отырған ән-шашуға берейік, Гүлназ Ақпанованың  орындалуында «Домбырамен би».
Жүргізуші:  Құрметті Балташ Қабдығалымұлы сіздің  жолыңызды қуар ұл-қыздарыңыз бар, солар сізге ұқсап өз ойларын жинақтап, өлең етіп шығаруда, жас ақындар талантын байқап оларға деген сіздің ақыл-кеңестеріңізді тыңдап   отыр Нүргүл, Камила, Қуаныш, Айжан, Құндыз, Ибрагим өздерінің жазған өлеңдерін оқиды.
Жүргізуші: Ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады депті бір ақылды адам.Олай болса өздерің сияқты жас талапкерге құлағың түрік, көзің жіті болсын деп тілек айтар едік.
Міне достар , мерекеміз аяқталуға жақын қалды.Келіңіздер Балташ атамыздан  «осы ізбасарларыңызға қандай жолдама бересіз»  дей отыра  ақ батасын сұрайық.                      Қорытынды: Аға, берген батаңыз ,айтқан ақыл кеңесініз әрқашан біздің жадымызда болады. /Гүл шоғын сыйлау/Ақын болу – екінің бірінің басына бітпейтін бақыт.Олай болса, құрметті Балташ Қабдығалымұлы жаңа кітабыңыз құтты болсын. Кітаптың өз оқырманын тауып кетуі жаңа түскен келінмен, өмірге тәй-тәй қадам басқан баламен тең, олай болса бүгінгі кітабыңіз өз оқырмандарын таба берсін  шығармашылық табыс, оқырмандарыңыз көбейе берсін дейміз.
«Туған елдің сүйіспеншілігіне бөленіп, халқымыздың алғысын арқалап , қияға самғай беріңіз!» - дей отыра бүгінгі семинар қонақтарымен, жас оқырмандармен  тұсаукесу кешімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз.Осымен  «Сезімге түскен сәулелер» атты кешімізді аяқтаймыз.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
«Саз әлемі» Музыкалық сайыс
Бастауышпен қоштасу.
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Шақырады көктем
Жырлайды жүрек
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 1683 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык