Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шегіртке мен құмырсқа.


Шегіртке мен құмырсқа.

Шегіртке  мен құмырсқа.

Сабақтың  тақырыбы : «Шегіртке  мен құмырсқа »

Сабақтың  мақсаты :

Білімдік : Оқушыларға  мәтіндегі   негізгі  оқиғаны , идеяны  түсіндіру ; Шегіртке  мен құмырсқа   жайлы  білімдерін кеңейту ;

Дамытушылық : Оқушылардың  сөйлеу  тілін , тұлғалық қабілетін , шығармашылығын дамыту ;

Тәрбиелік : Жақсы мен  жаманды  ажырата  білуге , жалқаулық , еріншектік қасиеттен аулақ  болуға  тәрбиелеу ;

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту ;

Сабақтың әдісі:ассосация, топтық жұмыс , пікірталас , ой қозғау стратегия

Сабақтың  көрнекілігі : нтерактивті тақта,  кесте, постер,смайликтар т.б.

Сабақтың  барысы :

 1.Ұйымдастыру кезеңі

А)Психологиялық  дайындық

(Музыка  әуенімен  бір – біріне жақсы тілектер айтып , сәттілік тілеу )

 2. Қызығушылығын ояту  («Мозайка» әдісімен топқа бөлу, топ ережесі,)

«Миға шабуыл»

1-топ тапсырмасы : « Жамандық  дегеніміз не ? Абайдың   қандай нақыл сөзін  білесіңдер ?   

2-топ   тапсырмасы : Шегіртке  туралы  білетіндерін қағазға  түсір . (кластер )                                                                                                                                    

3-топ тапсырмасы : Құмырсқа  сөзінен ассосациялық  аймақ  құру ;

- Балалар , шегіртке мен құмырсқа  туралы білетіндеріңді еске  түсіріңдер.

 Енді  білгенімізді  топтастырып ВЕНН  диаграммасын құрастырайық .

             Құм.      Шег.

3. Жаңа сабақ

- Авторы кім ? ( Орыс  жазушысы И. Крылов)

- Ол туралы не  білесіңдер ?

  - Осы  мысалды қазақ  тіліне  аударған кім ?

(А. Құнанбаев )

-Абай атамыз  туралы  білетінімізді еске түсірейік .

3.1. Мәтінмен жұмыс

а) Мұғалім оқиды .

ә) Сұрақтар  қою .

          –Шегіртке  жазды қалай өткізді ?

         - Шегірткенің  жазғы  күні  жағдайы  қалай болды ?

         -Ол құмырсқаға  неге  келді ?

         - Шегіртке  қандай  сылтау айтты ?

б) Оқулықпен жұмыс . ( Рөлге бөліп оқыту . Автор , шегіртке , құмырсқа )

 

               Осы мысалды неше бөлімге бөлуге  болар еді ?

                           Шегіртке   мен  құмырсқа                               

Күннің суытуы                                  Шегірткенің тоңуы

      Құмырсқаны іздеп табуы               Өкінуі

 3.2.Шығармашылық  тапсырма  : ЭССЕ  жаздыру

4. Ой қорыту : ( өмірмен байланыс)

         - Мысалдан қандай ой түйдің ?

         - Өмірде  жақсы адамдар болады ма ?

         - Мақалдардың  жалғасын табу .  Толықтыру .

5. Сабақты бекіту :Ой  толғаныс . Сын тұрғысынан ой қозғау :

         1- топ : Шегірткеге мінездеме беру ;

         Шегірткеге ұқсағыларың  келе ме ?

         2-топ . Сендерге құмырсқа ұнай  ма ?

         Несімен ұнайды ?

         3- топ . Ситуация

6. Тестпен жұмыс.

         1. Мысалдың аты

         А) қарға мен түлкі

         В) түлкі мен қырғауыл

         С) Шегіртке мен құмырсқа

         2. Мысалды қазақ тіліне  аударған кім ?   

          А) Ы. Алтынсарин

         В)  А. Құнанбаев

          С)  М.Дулатов

         3.  Оқиға орны .

         А) Орманда

          В) Ағаш  басында      

         С) Өзенде

          4. Кейіпкерлер

         А) Шегіртке мен құмырсқа

         В) Түлкі , қоян , қасқыр

         С) Қарға , мысық , тышқан

           5. Кімдікі дұрыс деп ойлайсыңдар ?

         А) Шегіртке

         В) Құмырсқа

         С) Қарға

         6. Мысал қалай аяқталады ?

         А) Құмырсқа шегірткені аяды.

         В) Шегірке құмырсқамен бірге тұрды .

         С) Құмырсқа шегірткеге  ақыл айтты .

           7. Қандай  қорытынды  жасауға болады .

         А) Еңбекқор болу керек .

         В) Бос  жүріп өмір сүруге  болады .

         С) Қиын жағдайда көмектесу керек .

         6. Сабақты қорытындылау :

         -Егер  сен автор  болсаң  мысалды қалай аяқтар едің ?

Бағалау: Өзара баға

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қанағат қарын тойғызар
Шегіртке мен құмырсқа.
Жәндіктер. Сын есімді қайталау.
Шегіртке мен құмырсқа И. А Крылов қазақшаға аударған А. Құнанбаев.
Абай Құнанбаев И.А.Крыловтан «Шегірке мен құмырсқа»
Шегіртке мен Құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Құмырсқаның қанағаты
Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4645 | Қосты: Жаканова Майра Сапарбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык