Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шоқан Уәлиханов


Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов

Сабақтың тақырыбы Шоқан Уәлиханов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ш.Уәлиханов туралы кеңінен мағлұмат алады, алған білімін практикалық жолмен көрсетеді. Тақырып аясында сөйлеу, талдау, сәйкестендіруге дағдыланады

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, оқу материалын іріктеу, тұжырымдау, алған білімін пайдалана білу дағды мен біліктерін дамыту

Тәрбиелік: қазақ халқының атақты адамдары, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, Отанына келешекте адал кызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы,

Сабақтың әдісі: тыңдалым, оқылым, айтылым, сұрақ- жауап, жартылай ізденіс, озық тапсырма, талдау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериал, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау
ә) Оқушыларды түгелдеу

Сабақ айдары:

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған?

Пікір алмасу.

— Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?

— Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер? ( интерактивті тақтада ұлы тұлғалардың портреттері)

— Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?

ІІ. Ой қозғау

— Бейнесюжет тамашалау / Сабақты бастамай тұрып, бейнесюжет көрсетіледі (Ш.Уәлиханов көшесі). Оқушылар көрсеткен бейнесюжет негізінде сабақ кім туралы екенін, сабақтың тақырыбын анықтайды. Тақырып арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.

— Балалар, бұл қай көше, кімнің атында?

— Бүгін сабақ кім туралы болмақ?

— Сабақ мақсаттарын бірге айқындайық? / оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды/

ІІІ. Білімдерін өзектендіру / білімдерін жаңғырту/

Ой қозғау / ассоциативтік картамен жұмыс: байланысын дәлелдейді/

ІV. Жаңа сабақ:

— Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі — Шоқан Уәлиханов. Бүгінгі сабақта біз Ш. Уәлихановтың өмірі, ғылыми қызметі туралы қосымша жаңа мәлімет аламыз. Осы тақырыпқа байланысты озық тапсырма бойынша дайындаған Фариза мен Сәулені тыңдайық.        ( оқушылар өз жобаларын интерактивті тақтада қорғайды.)

І жоба «Шоқан- этнограф-ғалым»

ІІ жоба «Шоқан — суретші  »

Зерттеу жұмысына арналған материалдар

Шоқан Уәлиханов – суретші

1856-1858 жылдары Жетісуда Алматы, Қойлық, Алмалық қалаларының ескі жұртын зерттеп, көне заманның теңге ақшаларынан коллекция жасаған; Іледегі Таңбалы тас мекенін, Шолақтау мен Жоңғар қақпасындағы жартас жазуларының көшірмесін жасап алған және Аягөз бен Ыстықкөл жағасындағы тастардың суретін қағазға түсірген.

Шоқан Уәлиханов қалдырған мұраның бір алуаны – бейнелеу өнері саласындағы еңбектері. Шоқан жастайынан сурет салуға құмар болады. Оның алғаш суретке еліктеуіне Уәлихановтардың үйінде ұзақ тұрып, жұмыс істеген орыс ғалымдары әсер етсе керек. Шоқан Уәлихановтан 150 шақты сурет қалған, ол көбінесе қарындаш, акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы ХІХ ғасырдың 60-жылдарының басында «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» журналдарында  жарияланған.

Қазақтың этнограф- ғалымы – Шоқан

Ш.Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын зерттеген. Ыстықкөл аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай  халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз халқының « Манас» жырын қағазға түсірді.

Шоқан – қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы, саяхатшы – ғалым.  «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» атты еңбектер жазған.

Шоқанның еңбектері , өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді.

Шоқан Уәлиханов

V.  Мәтінмен жұмыс

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.  Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген.

Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында шоқиып отырып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Содан әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен.

Шоқанның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері тиді. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс еді. Олардың көпшілігі бірнеше рет Шыңғыстың аулына қонаққа келген. Жеті жұрттың тілін білуге тиісті" хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі-үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г. Н. Потанин)

1853 жылы Шоқан Кадет корпусын бітіріп шығады.
1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858- 1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті.

Тапсырмалар:

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы

Оқушылар дәптердің бетін немесе парақты екіге бөледі. Мәтінді оқу барысында олар жазады. Бір жағына қатты әсер еткен тұстары, үзінділер, екінші жағына өзіне әсер еткен үзінді жайлы пікірін жазады.( не себепті жазып алды).

 Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделігін толтырған соң, жұпта, топта талқылайды. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арнаған сұрақтар қойып, жауап алады.

Оқыған мәтінге баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге қойылған сұрақтар.

-         Сенің ойыңда не сақталып қалды?

-         Не себепті үзіндіні жазып алдың?

VI.   Шығармашылық жұмыс 
1-топ. «Шоқанды қоршаған орта» атты кластер құрыңдар. 
2- топ. «Шоқан жүрген жерлер» деп алып, карта бойынша саяхат жасаңдар.

VII. Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңдар (әр оқушыға кесте таратылады)

Аты –жөні,

ғылыми қызметі

Өмір жылдары, туған жері

Орыс ғалымдарымен

байланысы

Алған білімі

Қызметі

Зерттеу саласы

Еңбектері

ІV.Тексеру, түзету, толықтыру жұмысы.

1. Кестенің әр бөлігі бойынша оқушылар жазған мәліметтерін оқиды.

2.Тақтада сол бөлікте жазылуы тиіс мәлімет рет-ретімен  ашылады.

Тапсырма:

1.Толтырылған кестелеріңді салыстырып, толықтырыңдар

Аты –жөні,

ғылыми қызметі

Өмір жылдары, туған жері

Орыс ғалымдарымен

байланысы

Алған білімі

Қызметі

Зерттеу саласы

Еңбектері

Шоқан

(Мұхамед-ханафия)

Уәлиханов.

Зерттеуші ғалым, этнограф, географ, тарихшы, саяхатшы,

ағартушы демократ,

суретші

1835 -1865

Қостанай облысы

Құсмұрын бекеті.

 

 

 

П.П. Семенов-Тян-Шанскиймен,

Ф. Достое вскиймен

дос болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Омбыдағы

кадет корпусы.

Араб, шағатай, түркі ,орыс тілдері.

1957жылы 22 жасында орыс география қоғамына мүше болып сайланды.

19 жасында Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік –шығыс аудандарын басқарды.

Генерал-губернатор Г.Х. Гасфорттың адьютанты болды.

Аңыз, әңгімелер, халық ауыз әдебиеті, Қазақ тарихы,

Түркістан тарихы, шығыстану,

география,қазақ, ұйғыр, қырғыз, дүңген, қытай халықтарының тарихы мен этнографиясы,

фольклор, сәулет өнері.

«Алты шаһардың жайы туралы»,

«Іле өлкесінің географиялық очеркі» ,

«Жоңғария очерктері»,

 «Ыстықкөл

сапарының күнд еліктері»,

«Қырғыздар туралы жазбалар»,

«Манас» жырын алғаш қағаз бетіне түсірді.

Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау

Тапсырмаларды орындаңдар.  (Интерактивті тақтаны қолдану)

1.Сызба құру: «Құрмалас сөйлем», «Салалас сөйлем түрлері», « Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері»

Құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

 

Ыңғайлас с.қ.

Кезектес с.қ.

Талғаулы с.қ.

Себеп –салдар с.қ.

Қарсылықты с.қ.

Шартты б.с.қ.

Қарсылықты б.с.қ.

Мезгіл  б.с.қ.

Мақсат  б.с.қ.

Себеп-салдар  б.с.қ.

Қимыл-сын  б.с.қ.

1-топ  Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықты қойып, салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықта.

1.Бүгін жақсы жауап бердім,      ...                     мұғалім риза болды .

2.Жиналыс бітті ,   ...               халық  тараған жоқ.    

3.Бүгін жол тайғақ ,     ...                   кеше қар аралас жаңбыр жауған.

4.    Қалаға ...               Айгүл барады ,        ...   мен барамын.

Жалғаулықтар: Алайда,  өйткені,  да,  де,  сондықтан, өйткені, себебі, бірде, біресе, дегенмен , бірақ

2-топ    Екі жай сөйлемнен жалғаулықтарды қолданып, салалас құрмалас сөйлем құраңдар 

1).Шоқан орысша  бір ауыз сөз білмеді Екі – үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды.

2)Шоқан өте жақсы оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым , зерттеуші деп атады

3) Шоқан 30- ақ жыл өмір сүрді.  Көп жұмыс атқарды.

4) Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кірді.

4.  Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта, бағыныңқы сөйлемге сұрақ қой.

1-топ    1) Күн ыстық болса,  жеміс  тез піседі.

2) Адамдар жұмысты саналы түрде істесе, оның нәтижесі де жақсы болады.

3) Астық мол болу үшін ,көп еңбек ету керек.

2-топ

1) Күн бұлттанғанымен , жаңбыр жауған жоқ.

2) Автобус болмағандықтан, ол жұмықа кешігіп келді.

3) Ерте тұрып, сабаққа дайындал.

VІII. Сабақты қорытындылау:

А. Мақал-мәтелдердің

жалғасын тап

1.Ғылыммен жақын болсаң,                     істеген заты қалар.

2.Залыммен жақын болсаң,                      қолың жетер.

3.  Ұста өлсе, басың кетер.

4.  Білімді өлсе,   қағазда аты қалар.

Ә. Тест

  1. Шоқанның арғы атасы кім?

А) Құнанбай

Ә) Тәуке

Б)  Абылай

  1. Шоқанның атақты саяхаты.

А) Ресейге саяхаты.

Ә) Америкаға саяхаты

Б) Қашқарияға саяхаты

3.Шоқанның орыс досы кім?

А) Ломоносов

Ә) Потанин

Б)  Суриков

4.Шоқан қандай қырғыз жырын  зерттеген?

А) «Еламан»

Ә) «Манас»

Б)  «Алпамыс»

 

5.Шоқанның азан шақырып қойған аты кім?

А) Ибраһим

Ә) Мұхаммедханафия

Б)  Шоқан

 

6.  Шоқан жайлы пікір айтқан орыс ғалымы кім?

А) Павлов

Ә) Потанин

Б) Пирогов

 

7.Шоқан қандай қоғамға мүше болып сайланды?

А)  Орыс қоғамына

Ә) Орыс географиялық қоғамына

Б) Қазақ  ұлттық қоғамына

8.Шоқанның әкесінің аты кім?

А) Уәли

Ә)  Тахауи

Б)  Шыңғыс

 

9. Шоқан қайда білім алған?

А) Санкт-Петербургте

Ә)  Мәскеуде

Б) Омбыда

10.Шоқанның қанша суреті сақталған?

А) 200

Ә) 150

Б)  250

 (Мұғалімнің қорытынды сөзі)

VIII. Үйге тапсырма:

Шоқан Уәлиханов туралы эссе жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Қазақтың көрнекті ғалымы- Шоқан Уәлиханов
Ш. Уалиханов - қазақтың көрнекті ғалымы
Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов – ғалым
Тұңғыш ғалымдар
Шоқан Уәлиханов Құрмалас сөйлем
Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы
С. Бегалин Бала Шоқан
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 28791 | Қосты: Бейсекова Асыл Қабдолқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык