Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3265 |
|
|
|
Шоқан Уәлиханов Құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов Құрмалас сөйлем
Мақсат:
1.Оқытушылық:
Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша мәлімет алуды ұйымдастыру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың өздік білім алу, грамматикадан алған білімдеріін іс жүзінде қолдана білу машықтарын дамыту.
3.Тәрбиелік:
Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілік:
интерактивті тақтада сабаққа арналған презентация: Ш. Уәлихановтың портреті, интернеттен алынған материалдар-Шоқанның орыс достары,ескерткіштері ,дискіге жазылған мәтіндер, кесте , грамматикалық тапсырмалар.
І. Тақырыпқа кіріспе.
1- тапсырма. Салыстырып оқып шығыңдар.
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.
Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол - одан із қалады, іс қалады,
сөз қалады.
Цветы увядают, звёзды гаснут, люди умирают.
Только у человека есть одна особенность- после него остаётся след ,дело, слово
ІІ. Пікір алмасу.
Қандай адамдардан із , іс, сөз қалады?
Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?( тақтада ұлы тұлғалардың портреттері)
Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?
ІІІ. Зерттеу жұмысы.
Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі – Шоқан Уәлиханов.
Бүгінгі сабақта біз Ш. Уәлихановтың өмірімен, ғылыми қызметімен танысу үшін зерттеу жұмысын жүргіземіз.
Ол үшін сендерінге бірнеше мәтін ұсынылады. Мәтіндерді оқып, берілген кестені толтыру керек.
Тапсырма:
Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңдар (әр оқушыға кесте таратылады(
ІV.Тексеру, түзету, толықтыру жұмысы.
1. Кестенің әр бөлігі бойынша оқушылар жазған мәліметтерін оқиды.
2.Тақтада сол бөлікте жазылуы тиіс мәлімет рет-ретімен ашылады.
3.Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд көрсетіледі.
Тапсырма:
1.Толтырылған кестелеріңді салыстырып, толықтырыңдар
Аты –жөні,
ғылыми қызметі Өмір жылдары, туған жері Орыс ғалымдарымен
байланысы Алған білімі Қызметі Зерттеу саласы Еңбектері
Шоқан
(Мұхамед-ханафия)
Уәлиханов.
Зерттеуші ғалым, этнограф, географ, тарихшы, саяхатшы,
ағартушы демократ,
суретші 1835 -1865
Қостанай облысы
Омбыдағы
кадет корпусы.
Араб, шағатай, түркі ,орыс тілдері.
1957жылы 22 жасында орыс география қоғамына мүше болып сайланды.
19 жасында Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік –шығыс аудандарын басқарды.
Генерал-губернатор Г.Х. Гасфорттың адьютанты болды. Аңыз, әңгімелер, халық ауыз әдебиеті, Қазақ тарихы,
Түркістан тарихы,шығыстану,
география,қазақ, ұйғыр, қырғыз, дүңген, қытай халықтарының тарихы мен этнографиясы,
фольклор, сәулет өнері.
«Алты шаһардың жайы туралы»,
«Іле өлкесінің географиялық очеркі» ,
«Жоңғария очерктері»,
«Ыстықкөл
сапарының күнделіктері»,
«Қырғыздар туралы жазбалар»,
«Манас» жырын алғаш қағаз бетіне түсірді.
V. Кесте бойынша диалог құру.
VI. Кесте бойынша әңгімелеу.
VII. Аудару жұмысы.
Тапсырма: Ұлы ғалым-Шоқан айтқан сөзді оқып, аударыңдар.
Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Сөздік құрастырып жазыңдар.
Шоқан Уәлихановтың сөзі.
Адамның басшысы - ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шолушысы – ой,
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы –мінез,
Ең қымбаттысы – ар,
Таусылмайтыны – арман
Барлығынан ардақтысы - өмір.
Сөздік:
Басшы –предводитель
ақыл - ум
Жетекші – руководитель
талап – стремление
шолушы - обозреватель
ой -мысль
Сынаушы – критик
Қорғаушы- защитник
сабыр – терпение, выдержка
Ең қымбаттысы – самое дорогое
мінез- харектер
Таусылмайтыны – несканчаемый
ар - совесть
Зерттеу жұмысына арналған материалдар
Шоқан Уәлиханов – суретші
Шоқанды замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп таныған. Суретшілік өнер , тарихшы, географ, этнограф, фольклорист,саяхатшы – Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.
Шоқанның 200-ге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бесінші томында және «Шоқан және өнер » атты кітапта басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқанның шын мәніндегі суретші екенін дәлелдейді.
Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілеріне де, таңбалы тастар мен мүіндерге де ерекше көңіл бөлген. Оқазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі.
Сөздік
замандас-современник қайталанбас - неповторимый
саяхатшы –путешественник таныған – признали
дәлелдейді - доказывает
сегіз қырлы – всесторонне развитый тұлға – личность
шын мәніндегі – в действительности
Сәулет өнері үлгілері –образцы архитектурного искусства
Таңбалы тастар –камни с надписью
Тас мүсіндер –каменные фигуры
Қазақтың зерттеуші ғалымы – Шоқан
Ш.Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын зерттеген. Ыстықкөл аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз халқының « Манас» жырын қағазға түсірді.
Шоқан Уәлиханов саяхатшы – ғалым. «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі»
Шоқан – қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы, саяхатшы – ғалым. «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» атты еңбектер жазған.
Шоқанның еңбектері , өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді.
Сөздік
өнер туындылары – произведения искусства
ғасырлар бойы – веками
саяхатшы - путешественник
Шоқан Уәлиханов
Ш Уәлиханов - қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы, зерттеуші, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы- демократ.
Ол 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсіп, 1953 жылы бітірді. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқарды.
Генерал-губернатор Г.Х. Гасфорттың адьютанты болып тағайындалды. Бас штабта Азия департаментінде қызмет етті.
1857 жылы 22 жасында Орыс география қоғамына мүше болып са
VIII. Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау.
Тапсырмаларды орындаңдар. (Интерактивті тақтаны қолдану)
1.Сызба құру: «Құрмалас сөйлем», «Салалас сөйлем түрлері», « Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері»
2. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықты қойып, салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықта.
1. .Жаңбыр тоқтады ... , күн жылынды.
2.Бүгін жақсы жауап бердім, ... мұғалім риза болды .
3)Жиналыс бітті , ... халық тараған жоқ.
4)Бүгін жол тайғақ , ... кеше қар аралас жаңбыр жауған.
5) Қалаға ... Айгүл барады , ... мен барамын.
6) Күзде ... қар жауады , ... жаңбыр жауады.
Жалғаулықтар:
Алайда, өйткені, да, де, сондықтан, өйткені, себебі, бірде, біресе, дегенмен , бірақ
3. Екі жай сөйлемнен жалғаулықтарды қолданып, салалас құрмалас сөйлем құраңдар және сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңдар.
1).Шоқан орысша бір ауыз сөз білмеді . Екі – үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарна қосылды.
2)Шоқан өте жақсы оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым , зерттеуші деп атады
3) Шоқан 30- ақ жыл өмір сүрді. Көп жұмыс атқарды.
4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта, бағыныңқы сөйлемге сұрақ қой.
1) Күн ыстық болса, жеміс тез піседі.
2) Адамдар жұмысты саналы түрде істесе, оның нәтижесі де жақсы болады.
3) Астық мол болу үшін ,көп еңбек ету керек.
4) Азық –түлік алайын деп, дүкенге кірдім.
5) Күн бұлттанғанымен , жаңбыр жауған жоқ.
6) Автобус болмағандықтан, ол жұмықа кешігіп келді.
7) Ерте тұрып, сабаққа дайындал.
ІХ.Рефлексия.
Сабақ материалы
Білем
Білдім Білгім келеді
Шоқанның өмірі
Қызметі
Білімі
Зерттеу саласы
Еңбектері
Құрмалас сөйлем түрлері
Салалас құрмалас сөйлем түрлері
Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері
Х.Үйге тапсырма:
1. «Шоқан Уәлиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы» тақырыбына мазмұндама жазу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |