Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құстар – біздің досымыз


Құстар – біздің досымыз

Сабақтың тақырыбы: Құстар – біздің досымыз

Білімділік  мақсаты : құстар туралы түсінік беру. Оқушыларға қазақтың құстар  туралы асыл
 сөздерін зердесіне тоқытып,  құстар туралы асыл сөздерін зердесіне
   тоқытып, сөйлеу тілдерін, сөз табу шеберліктерін шыңдау. Мақал-                   
мәтелдер,  жұмбақтар, болжамдардың мәнін түсіндіру, жатқа айтқызу.
Тәрбиелік мақсаты : құстарды қорғауға, аялауға, бақылауға, ұясын бұзбауға, 
көмектесуге тәрбиелеу.
Дамытушылық  мақсаты : балалардың сөйлеу тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Коррекциялық мақсаты : үнемі коррекциялық  түзетулер жүргізу.
Сабақтың  түрі :  аралас, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер : плакаттар, суреттер,  сұрақ-жауап жазылған кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру бөлімі.
--- Амандасу.
--- Есту құралдарын тексеру.
Іі. Тіл жаттығуы: 
Жыл мезгілдерін  ата.
Қандай құстарды білесің ?
Құстардың қандай пайдасы бар ?
Сен үшін ең әдемі құс қандай ?
Көктем айларын ата.
Ііі. Жаңа сабақ :  құс – табиғат байлығы. Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы.Құс – табиғат көркі. Халық  - күміс көмей әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға , сұлуын аққуға, жігерсіз, намыссыз жігітін жапалаққа теңеген.Қазақта жұмбақ айтыс, мақалдап сөйлеу шеберлері аз болмаған. Енді құстар туралы білетін, жаттаған мақал-мәтел, жұмбақтар, болжамдарды айтып, мәнін ашып оқушылар өз ойын айтады.
Құстар туралы жұмбақтар :
 Шарлап жүріп даланы,  Ай астында ақ мамық,              
  Үйіңе үйін салады.            (Қарлығаш)Жатыр суды жастанып.   (Аққу)
Ақ сарайын талқандап,                                               
Шығты біреу талтаңдап.   (Балапан)                                       Ең алып құс әлемдегі,
Қауырсыны қымбат,                                                                    Хандар таққан қауырсынын.
Таптырмайтын тым  қат.                                                             Ірі малды теңеу қылған,
Бөрікке  тақса сымбат.    (Үкі)                                                     Қандай шебер менің халқым.(Түйеқұс) 
Құстар туралы мақал – мәтелдер :
Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.
Шынайы гүлдің иісін, бұлбұл ғана сезеді.
Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі сұңқар емес.
Баба бүркіт барлап ұшады, бала бүркіт парлап ұшады.
Топтасқан сауысқан, қазды да жем етер.
Ер елге паналайды, аққу көлге паналайды.

Құстар  туралы болжамдар :
Шымшық ұя салса – қыс қатты болады.
Қарға қарқылдаса – қар, жаңбыр  жауады .
Қарлығаш өрлеп ұшса – күн жылы, құрғақ болады,
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Сауысқан шықылдаса – қонақ келеді.
Сабақты бекіту :«Құстар» сөзжұмбағы.
1. Суда жұбын жазбай жүретін, достыққа берік құс.
2. Қызыл кітапқа енген құс.(4500 метр биіктікті мекендейді)
3. Құстың төресі.
4. Сөйлей алатын, қолға үйретілген құс.
5. Су тазалығын сақтайтын, санитар құс.
6. Аспанда бұрыш жасап, тізбектеліп, ұшатын сақ құс.

                                                      АқҚу 
 Ұлар                            
                                                             Сұңқар   
 Тоты 
                                                          ШАғала                                                  
                                                    ҚаРға
Сабақты қорыту : бүгін қандай сабақ болды?
                                  Сабақтың тақырыбы қандай?      
                                  Құстар туралы не білдіңдер?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құстар біздің досымыз
«Қош келдің, қанатты достар!»
Құстар
Құстар -біздің досымыз
Құстардың көктемгі тіршілігі.
«Құстар біздің досымыз»
«Құстар біздің досымыз»
Құстар-біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар әлемі!
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5557 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык