Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құстар біздің досымыз


Құстар біздің досымыз

Құстар біздің досымыз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету, олардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін – табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі: альбомдар, «Құс- табиғат байлығы» атты буклет, арнаулы торда өсірілген әртүрлі торғайлар, тоты, көгершіндер, үнтаспа.
Барысы: (Бейнетаспадан жазғы ормандағы құстардың әртүрлі әсем дауыстары көрсетіліп, «Көктем валсі» айтылады.
1-оқушы:
Наурыз келді,
Тіршілікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
2-оқушы: 
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек –қаз қонды.
3-оқушы:
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді – «менің тұрағым».
1-бастаушы: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі - құстар. Халық ежелден –ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамға құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. 
2-бастаушы: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін-бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын- қыранға, елден асқан сұлуды- аққуға теңеді.
4-оқушы:
Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.
Хормен «Торғай мен мысық» атты әнін орындайды.
5-оқушы:
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
6-оқушы:
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
(Ортаға вальс биін билеп Көктем шығады)
Көктем:
Сәлем, достар, аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат-шадыман Көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрдым үніммен,
Сән құрдым гүліммен.
Қуантамын бәріңді
Құт-мереке күнімен.
(Ортаға құстың ұясын көтерген бір топ оқушы шығады. Көктемге сәлем береді.)
7-оқушы:
Үй салдым құстың алдынан,
Болсыншы ол өмір панасы.
Өзімдей сәби балдырған,
Өссінші құстың баласы.
Хормен. Біздің міндетіміз – қанатты досымыз құстарды қорғау.
1-бастаушы:Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасап, жазықсыз құстарды жәбірлеуге, өлтіруге жол бермейік.
2-бастаушы:   Халық «Көкек келді –көктем келді» дейді. Көктемнің тамаша бір айын көкек деп атайды. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?
Көкек: (Басына көкектің маскасын киген оқушы көкек туралы тақпақ айтады. Басқа құстар да маскасын киеді).
Жаршысымын көктемнің,
«Көкек» дейді мені жұрт.
Өз ой ын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең-мені күт.
Хор «Көкек» әні орындалады.
Жаз күні біздер 
Далаға келдік.
Ағаштан бийік
Бір құсты көрдік.
Қайырмасы:
Сайрады сол құс:
«Көкек! Көкек!»
Аты оның содан
Аталған көкек.
1-бастаушы: Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың біріне саналады. Көкектің балапаны бір күнде ғана 39 шегіртке, 43 жұлдыз құрт, зауза қоңызының 5 жұмыртқасын, шытырлақ қоңыздардың 50 жұмыртқасын, 4өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.
2-бастаушы: Үйіміздің маңына жүретін кіп-кішкене торғайдың бір өзі ғана бір жылда 4 миллионға жуық жәндік жейді.
Құстар туралы тыйым сөздер де өте көп.
-Қане, айтып көрейікші.
-Құстың жұмыртқасын жарма, бетіңе шұбар түседі, құстың ұясын бұзба.
 
Сөзжұмбақ шешу
«Құс» сөзтізбегін шешу.
1.Суда жұбын жазбай жүретін, ең әдемі достыққа берік құс.
2.4500 м. Шыңды, биік тауды мекендейтін құс.
3.Әдемі, дауысы мысықтың дауысына ұқсас құс.
 
 
Балалар, құстар арқылы ауа-райын біле аламыз.
А) Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады.
ә) Қосылып шықылдаса, жылы болады.
Б) қарғалар топтаса, қарқылдаса аяз болады. Аспанда ұшып жүріп қарқыдасақар жауады.
В)Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.
 
Құстар әні орындалады. «Ақ көгершін»
 
«Құстарға жем шашаыйқ» ойынын ойнаймыз. Егер құстың артындағы сұраққа жауап берсек, құстарға жем бергеніміз.
 
1) Қыстап қалатын құстрады ата.
2) Құстардың қандай пайдасы бар?
3) Орман дәрігері қандай құс?
4) Құстар туралы тақпақ білесің бе?
5) Қай құстың дауысын сала аласың?
6) Құстар туралы қандай мақал білесің?
7) Тоқылдақ қалай дауыстайды?
Қорытынды.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қош келдің, қанатты достар!»
Көктем жаршысы-құстар.
Құстар -біздің досымыз
«Құстар біздің досымыз»
«Құстар біздің досымыз»
Құстар-біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Көрікті көктем
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4126 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык