Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 10462 |
|
|
|
Ұстаз - ұлы тұлға
Тәрбие сағаты Ұстаз - ұлы тұлға
(Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады)
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
(музыкамен жүргізушілер шығады.)
1- Әлия
-Армысыздар құрметті де аяулы ұстаздар!
.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Іс-шараны мектеп-интернат директоры Алпысбаев Ерғали Сражаддинұлы ашып,құттықтау сөз сөйлейді.
-Айтжан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2- Айтжан:
-Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ:- Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-Әлия:
-Сен қалай ойлайсың, Айтжан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Айтжан:
-Апай, мен осы сөзіңіз дәлелді болу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-Әлия:
-Ендеше,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен ---------------------------------------
Айдана
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Таңшолпан:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
2-Айтжан:
-Апай, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-Әлия:
-Ал ендеше баста.
2-Айтжан: -«Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Әлия: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Айтжан: «Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Әлия: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Айтжан: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-Әлия:
-Айтжан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
Айдана:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
Таңшолпан:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Ильяс:
Учитель в жизнь распахивает двери
Учителя все выше нас ведут.
Учитель! Чем сумеем мы измерить
Его нелегкий труд?
Виталий:
Вы с детьми- вы всегда молодые,
Грусть и радости с нами деля,
Наши строгие, наши родные,
Терпеливые учителя!
Руслан:
Нам о правде и чести твердите
Воспитайте сердца и умы!
Все заветы, что вы нам дадите
Постараемся выполнить мы.
1-Әлия:
-«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 -Айтжан:
-Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі - ұстаздарымыз ортамызда отыр.
1-Әлия:
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
Болғанай апай: -Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
Айжан:- «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен бірге тағы қандай қасиет ұстаздың бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
Қуанышкүл апай: -«Мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатта жұмыс істеудің ерекшелігі қандай?»
-Сіздерге көп рахмет, аяулы ұстаздар.
2-Айтжан:
Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1- Әлия:
Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.
-Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
1) -Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 3-4 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
2) -Әр мұғалім өз сабағының шебері, яғни режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
3) -Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
4) -Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.Яғни,жазушы да өзі.
5) -Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтарды меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды жұмысқа шақыруларыңызға болады.
Көрініс:
1) «Неге бармайсың?»
Баласы шешесіне айтады:
- Мен енді мектепке бармаймын!
- Неге бармайсың?
- Сол … Серік таспамен оқ атады, Еркін оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын!
- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың елудегі адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.
2)“Суретші”
Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:
- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.
- Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
3)«География»
Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.
Асан:
- ???
Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.
- Асан:
- ???
- Мұғалім:
- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?
Асан:
- Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.
2-Айтжан:
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы – анама айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.
-Апай, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1-Әлия:
- Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2-Айтжан:
Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын,ал біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-Әлия:
-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.
(Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек).
Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?
3. Жел соққанда тау ық бола ма?
4. Теңізде қандай тас болмайды?
5. Ертістің ортасында не бар?
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не?
1-Әлия:
-Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
2-Айтжан:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-Әлия:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
2-Айтжан:
-Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана,ардақты әке. Мына ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар!
Ән: «Әкелер» Орындайтын: Әнуарбек Данияр.
1-Әлия:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін. Как играть в онлайн казино – игровые автоматы на деньги?
2-Айтжан:
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
1-Әлия:
Айтжан, мен саған жұмбақ жасырайын, табасың ба?
Бір сандық бар өзгеше,
Қасыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сынын білесің.
Ол не? /Кітап./
2-Айтжан:
мм, (сәл ойланады) иә, бұл, меніңше, кітап қой
1-Әлия:
-Иә, дұрыс таптың. Ендеше сен кітап туралы не білесің?
2-Айтжан:
-Кітап-біздің ақылшы досымыз, барлық білім, ғылым кітапта. Оны неге сұрадыңыз?
1-Әлия:
-Иә, дұрыс айтасың. Кітап туралы сұрауымның себебі, біздің арамызда сол кітапқа немқұрайды қарап, таза ұстамайтын оқушыларымыз да бар екен.
2-Айтжан:
-Ендеше сондай балалардың қолына түскен кітаптардың мұңын тыңдап көрелік.
Көрініс. «Кітаптар мұңы»
Автор:
-/Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды. Ыңырсыған дауыстар/.
Қазақ әдебиеті: (Данияр)
-Ей, /жанындағысын түртіп/ тұрсаңшы, қайда келдік?
Дүние жүзі тарихы:(Расул)
-Ойбай, басым! Мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді.
Қазақ әдебиеті:(Данияр)
-Не болды? Жалғыз сенің басыңа келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
Дүние жүзі тарихы:(Расул)
-Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қанша қызмет етті.
Әуелі көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп тастап кетті.
Математика:(Света)
-Дұрыс айтасыңдар! Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, 10-сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау!
Қазақ әдебиеті(Данияр):
-Енді бізді не істер екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен.
(Бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.)
Математика:(Света) -Қой, мүмкін бір кәдеге жаратар. Қайтадан түптер.
Бәрі:
-Иә, иә, соны айтсаңшы. Ылайым солай болсын. Бізді аялап ұстаса ғой.
/Бәрі үміттеніп кетеді/.
1-Әлия:
-Иә, балалар, кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса, кітапты күтіп ұстау – бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл-ойымызды өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанынан хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстау, оны жан досыңдай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға қандай кезде де ақылшы, дос бола алады.
2-Айтжан:
Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек
1-Әлия:
Ендеше мен сіздерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңіздер.
(Көрермендер көмегіне жүгінуге болады)
1. Қына басқа бітеді / тасқа
Білім шашқа бітеді /басқа
2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал
3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле
4. Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені
5. Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл
6. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге
2- Айтжан:
Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1-Әлия:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
(Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді)
Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?
----------------------------------------------------------------------------------------------
Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Жел соққанда тау ық бола ма?
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Теңізде қандай тас болмайды?
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Ертістің ортасында не бар?
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не?
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |