Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мектеп-білім тірегі, Ұстаз-оның жүрегі.


Мектеп-білім тірегі, Ұстаз-оның жүрегі.

Мектеп-білім тірегі, Ұстаз-оның жүрегі.

Сабақтың тақырыбы:   "Мектеп-білім тірегі, Ұстаз-оның жүрегі"

                          ашық тәрбие сағатының сценарийі

Мақсаты: Бүкіл  адамзат  баласы бас иер асыл  тұлға ұстаздарын ерен еңбегін, мол қадірін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне  білуге  үйрету, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.  

    Көрнекіліктері: гүлдер, шарлар, буфер,т.б

Сабақтың барысы:

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып.

/күй тартылады/   Зиянгирова Зареманың  орындауында  Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым " күйін қабыл алыңыздар.

 

Әсет:  Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.

Нұрсұлтан:   Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.

                  Мұғалім – ұстазысың балалардың.

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Атағым Алатаудай болып биік

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп

Алдыңда әрқашан да тағзым етіп

Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.

«Ұстаз туралы жыр»  оқитын  Узбекова  Айдана, Замангелдиева  Зарема, Ирисбекова  Назым

Әсет: Ең күрделі ғылым – Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі,  сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

Нұрсұлтан: Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт  ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, Ұлы Әуезов тілімен айтсақ «Алғашқы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайысы» дегендей кейінгі толқын ұстаздарға алдыңғы толқын аға буын  ұстаздарымыз келіп отыр.  

Ендеше осы ұстаздарымызға  қол соғып, қошемет көрсетейік.

  «Мектебім, аяулы мектебім» әнімен  Чамен Мадинаны қарсы алыңыздар!

Әсет:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы 

Данышпан да, дана да оқып сенен

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең

«Ұстазым» оқитын Зейнеғабылов  Ғани,

«Ұстаз туралы жыр» оқитын  Оразова Мадина

 

Нұрсұлтан:        Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

                            Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

 

Әсет:                   Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Нұрсұлтан: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Әсет : Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардақты ұстаздарымыз ортамызда отыр.

/келген  ұстаздарға сұрақтар қойылады/

Құрметті қонақтар, бүгінгі кеш ерекше кеш, себебі ұстаз жолы – ұлы жол.

1 ұстазға  сұрақ: Серке Қожамқұлов ағамыз былай дейді, «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» дейді, Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

2 ұстазға  сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 ұстазға сұрақ: Өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қазіргі таңда  қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

 

Күй «Көңіл толқыны» орындайтын  Баймуханов Нурбек

Ән «Ұстазым» орындайтын Чамен Мадина, Сабырбек  Айдана

 

Нұрсұлтан: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортаға -------------------------------------------------- шақырамыз .

Ирисбекова  Назым  «Ұстазыма»

Би : «Роли-поли»  

Әсет:

Арылтып түн-түнектен саналарын,

Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын

Бала емес, адамзатты тәрбиелер

Ұстаздар – ар-ұяты замананың.

Нұрсұлтан:

Мәрт мінез елің барда өресі кең,

Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен

Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда

Тағдардың толқын ұрған кемесімен

Әсет:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.

Нұрсұлтан:

 Қуат алып күндерден алыстағы

Жүресіңдер мініп ап намысқа бір

Дерексіздер өткеннен, керексіздер

Болыңыздар бай қуатты арыстарым.

Хор «Ұстазым»

Соңы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Алғашқы ұстазым
Ұстаз- ұлағатты есім
Ұстаз болу жүректің батырлығы
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік
Жырлаймын ұстаз өзіңді
Ұстаз - ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 6711 | Қосты: Керімбаева Меруерт | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык