Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2235 |
|
|
|
Тәрбие сағаты: Біз біріншеге келдік
Тәрбие сағаты: Біз біріншеге келдік
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Бүгінгі сабақ басқа сабақтарға қарағанда ерекше, өйткені сабағымызға қонақтар келіп отыр.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды шеңбер жасап тұрғызып, бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіру.
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым!
-Балалар, біз бір-біріміздің қолымыздан ұстасып тұрғанда нені сезінеміз?
Ендеше бәріміз орнымызға жайғасамыз.
2.Кіріспе.
Тақырыбы: «Мектеп, оқу құралдары»
Сабақтың мақсаты: Мектеп туралы түсінік беру. Оқу құралдарының атып атауға, әңгіме құрастыруға, жолдастарының айтқаның тыңдап ары қарай жалғастыруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Мектепті құрметтеуге оны қадірлей бағалай білуге тәрбиелеу.
Олай болса,біз сендермен мектеп, оқу құралдары жайлы тереңірек танысамыз. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Интерактивті тақта.
Тук-тук.
-Балалар, бізге қонаққа біреу келіп тұр ғой дейміін. Тыңдайықшы.
Тук-тук.
Есік ашылды.
Дымбілмес: (суреті) жылап тұр.
Мұғалім: Саған не болды? Сен неге тұрсың ?
Дымбілмес: Мен адасып кеттім, мынау не қылған үлкен үй?
Мұғалім: Балалар, бұл біздің Дымбілмес екен ғой, қане, көмектесіп жіберйік. Кім біледі? Мына үй қалай аталады?
Балалар: Мектеп(хормен)
Мұғалім: Олай болса, бәріміз мектепке кірейік.(есік ашылады)
Музыка «Учат в школе».
Мұғалімнің суретін көрсету.
-Балалар, мектепке біз келгенде кім қарсы алып тұр?
Балалар: Мұғалім дейді(хормен)
Мұғалім: Дұрыс, 1 сыныпқа келгенде сендерді мұғалім қарсы алатын болады.
Мұғалім: Ал, балалар, біз енді сыныппен танысайық.
Сыныптың суретін көрсету.
Мұғалім: Енді суретке қарап, сынып туралы әңгіме құрастырайық.
Сұрақтар:
1)Сынып бөлмесінде нелер бар?
Сынып бөлмесінде біз көріп тұрмыз парталар, мұғалімнің үстелі, тақта, глобус, әртүрлі стендтар, гүл, компьютерлер.
2)Сынып бөлмесінде кім немен шұгылданады?
3)Сынып бөлмелері неліктен кең және жарық болады?
4)Сынып бөлмелерінде парталар неге көп?
5)Мұғалім үстелі неге парталарға қарам- қарсы қойылады?
6)Терезелер бөлменің қай жағына орналасқан?
7)Сынып бөлмесі немен безендірілген?
8)Сыныпта гүлдер неліктен көп болуы керек?
Ал, балалар, біз шаршаған шығармыз. Қане, бәріміз орымыздан тұрып сергіту сәтін өткізе қояйық.
Топ-топ етіп басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
Өте жақсы, бойымыз сергіп қалды. Енді біз «Қол соғу» ойынын ойнаймыз.
Ойын мақсаты:
Оқу-құралдары туралы білімдерін тереңдету, айтқайды мұқият тыңдауға үйрету.
Ойын шарты:
Мен сендердің нені дұрыс есте сақтап қалғандарынды тексеремін. Әр түрлі заттардың атын атаймын, сендер тек мектепке қажетті затты атағанда ғана, қол соғасындар.
Мысалы:
Портфель, қуыршақ, кітап, шанышқы, парта, жастық, тақта, машина, төсек, доп, қалам, өшіргіш, желім.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шыр-шыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
(қалам)
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
Өшірді, сүртті,
Сүртті де құртты
Өзінде де құртты.
(өшіргіш)
Қанша болсын бойымыз,
Жазып қойдық жасырмай,
Бойымызға оны біз.
(сызғыш)
Өзі кішкене ғана,
Көп балаға бұйрық берер
Отыр да оқы деп.
(қоңырау)
Кім онда кіреді
Сол ақылды болады.
(мектеп)
3.Қорытындылау:
бірінші сыныптың оқу құралдарын портфельге салайық.
Интерактивті тақтада портфельді дайындаймыз.
Дымбілмес:
Балалар, мен көп нәрсені ұқтым. Мен де:
Портфелімді дұрыстап,
Түгел танып аламын.
Қыркүйекте гүл ұстап
Мен мектепке барамын.
Дымбілмес: Сау болыңыздар!
Балалар: Сау болыңыз! (хормен)
Мұғалім: Балалар, біз мектепке дайынбыз ба?
Балалар: Дайынбыз.
Мұғалім: Мектебің, мынау сыныбың,
Осында 11 жыл тұрасын.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
деген Мұқағали Мақатаев ағаларымыздың өлеңімен бүгінгі сабағымызды аяқтағым келеді.
Балаларды мадақтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |