Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6932 |
|
|
|
Жан – жануарлар және олардың төлдері
Тақырыбы: Жан – жануарлар және олардың төлдері
Мақсаты: Балаларға жан-жануарла туралы түніні беріп, олардың төлдерімен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Жануарларға қамқор болуға, жанашыр болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.
Билингвистикалық компоненттер: Сиыр-корова, түйе-верблюд, ешкі-коза, қой-баран, жылқы-лошадь.
Инклюзивтік әлеумет: Қолдың ұсақ қимыл моторикасын дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Суреттер, плакаттар, жануарлардың суреттері.
Ұйымдастыру кезеңі.
Қуан шаттан алақай
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Балалар, бәріміз орнымызға отырып оқу іс-әрекетіне дайындалайық.
Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетімізде не туралы сөйлестік?
Таңқаларлық және ұлттық заттар атауы мен олардың қызметі туралы не білесіңдер?
Балалар біздің топтың сыртында Дымбілмес келіп тұр ол неге жүргенін сұрап білейік?
Дымбілмес келіп балалармен сәлемдеседі.
Сәлеметсіңдерме? Балалар мен қайда келдім?
-Біз «Балапан» тобының балаларымыз. Ал, сен кімсің?
Менің атым Дымбілмес. Мен суреттер тауып алған едім, бірақ ол енің суреті екенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Онда Дымбілмес сен бізбен бірге бол, біздің балалар саған үйретеді.
Баллар, суреттегі төрт түлік малдың атын атап, пайдасы туралы айтады.
(Жылқы, сиыр, түйе, ешкі, қой)
Балалар осы суреттегі жануарлардың төлдері қалай аталатынын білесіңд ме? Сиыр-бұзау, ешкі-лақ, түйе-бота, аю-қонжық, қоян-көжек, т.б. Жануарлардың суреттерін слайд арқылы көрсету.
Жануарлардың дауысын телидидардан тыңдау.
Қостілділікті пайдалану.
Сиыр-корова, ешкі-коза, түйе-верблюд, қой- баран, аю-медведь, қасқыр-волк.
Сергіту сәті.
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Дамытушылық орталықтармен жұмыс:
1. Суретке қарап әңгіме құрастыру.
2. Қонжықтың суретін бояйды.
3. Жан-жануарлардың төлдерін тауып орналастырады.
4. Орталық жұмыстарын талдау.
Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізде не туралы сөйлестік?
Түйенің төлін қалай атаймыз?
Жануарларды атап, олардың төлдерін атайықшы?
Бізге қонаққа кім келді?
Дымбілмес, біздің балалардан біраз нәрсені үйрендің бе?
Шаттық шеңбері
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |