Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4313 |
|
|
|
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Мақсаты: Желтоқсан құрбандарын еске алу, тіл байлықтарын, сана сезімдерін дамыту. Туған жеріне еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, шарлар.
Барысы.
І жүргізуші: Армыссыздар ата – аналар мен балалар! Бүгінгі тәуелсіздікке халқалқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге қаншама қарындастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді.
ІІ жүргізуші:Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жанынды.
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арынды.
1986 жылы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елінің Тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауғазындай ұл – қыздарымыздың рухына арналады. «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Жыр ғұмыр, жан азығым , әнұраным,
Мен сені естімесем сағынамын.
Алтынға айырбастамас ата – анамдай,
Туғалы сенсің менің танығаным.
Шексіз көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын
Әнұран – Мемлекеттің әні.
Әнұран орындалады.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі біздіңбақытты өміріміз үшін қан төгіп құрбан болған боздандықтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен әкелер мен ағалар, апаларға басымызды иеміз! Аға, апаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске аламыз.
І жүргізуші: Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз! Неге соншама қастерлі ұғым?! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды. Бұл – атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.
ІІ жүргізуші: Балалар Тәуелсіздік күніне арнап тақпақтар жаттап келіпті, ендігі кезекті тақпақтарына берейік.
Ислам: Өз меншігің:
Тау, дала,
Көкке өрле, самға да!
Тәуелсіздік, - деді, - атам,
Сену,
Келу тәубаға!..
Гүлден: Асқақ ұстап өзін тым,
Оймен ұштап сөзін тың:
Тәуелсіздік, - деді – әжем, -
Тыныштығы елімнің!
Балбала: Қош болыңдар, ағайын – туыс, бәрін де,
Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.
Қараңғылық баста тұрмас қашанда,
Бостандықта кездесеміз әлі де...
Бекзат: Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз балаң да
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Ерлігіне тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген Алыптар!
Даниял: Еркімен кәрі, жасымыз
Дауыс беріп сайлаған,
Бар біздің елбасымыз
Халық қамын ойлаған.
І жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың орындауында « Отан » әнін қабылалыңыздар.
Хор: Отан
ІІ жүргізуші:Иә, бұл тарихта бұл «Желтоқсан - 86»деген атпенмәңгі есте қалады.
(Ортаға диктор шығып Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековты ортаға шақырады).
Көрініс: Қайрат Рысқұлов жайында көрініс.»
І жүргізуші: Балалардың тақпақтарына берейік. Ортаға:
Алкен:Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан адамды
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың.
Дильназ: Желтоқсанның ызғары – ай,
Кірпікке қатқан мұздар – ай!
Елім – ай деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар – ай!
Нұрперзент: Шегінбеуге бекінген
Қосылған бір бастары,
Бодан елдер шетінен
Дербес бола бастады.
Расул: Жан сенгісіз өзі аңыз
Бодан болған кезіміз.
Енді еркін қожамыз
Өзімізге өзіміз.
Дамир: Біз қазақпыз қастерлер баба салтын,
Аман бол, айналайын дана халқым.
Күн туса атқа қонам бір сен үшін,
Міне жаным, міне қаным, міне антым.
ІІ жүргізуші:Біз бақытты баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Ән де айта аламыз.
Хор: «Балдырғандар маршы»
І жүргізуші: Тәуелсіздік күніне орай кішкентай бүлдіршіндеріміздің арасынан мәңерлеп оқудан сайыс ұйымдастырғанбыз. Сайысқа 6 бүлдіршін қатысады. Бүлдіршіндеріміздің мәңерлеп оқуына қарай ұпай беретін әділ- қазылар алқасымен таныс болайық:
1.
2.
3.
Балаларды 3,4,5 сандарымен ұпай беріледі.
Ортаға бірінші бүлдіршінімізді шақырайық:
1.Туребек Мадияр
Ортаға екінші бүлдіршінімізді шақырайық:
2.Қалболат Аруна
Ортаға үшінші бүлдіршінімізді шақырайық:
3.Жайлыбай Нұртас
Ортаға төртінші бүлдіршінімізді шақырайық:
4.Ержанқызы Айзат
Ортаға бесінші бүлдіршінімізді шақырайық:
5.Айтбекқызы Айзере
Ортаға алтыншы бүлдіршінімізді шақырайық.
6.Әбдіхалық Айғаным. Қошеметтеп қол соғып ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Ортаға тобымыздың салдаттарын «Сарбаздар» биімен шақырайық.
Би: «Сарбаздар»
І жүргізуші: Әділ – қазылар алқасына қортынды сөз кезегін берейік.
ІІжүргізуші: Ортаға Ләззат пен Сәбираның өлеңін оқуға Аделья мен Жәнияны шақырамыз.
Ләззат пен Сәбира
Адель: Кетпес мәңгі көңілден
Қырдан гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгімнен
Желтоқсанның жұлдызы –
Ләззат пен Сәбира!
Атыңды айтар кәрі – жас
Арын темірқазық қып.
Зұлымдыққа жаны қас,
Адалдық пен нәзіктік.
Жәния: Желтоқсанның бораны,
Желтоқсанның қар – мұзы.
Ұмытылған жоқ әлі
Жалпы жұрттың жалғызы...
Шығар шақта қайраңнан
Атқа қону – ар ісі...
Қайран елдің қайраңнан
Қасиетті намысы
Бұлықтың да бұлқындың.
Қара ормандай жұртымның
Қайсар туған қыздары –
Ләззат пен Сәбира!
ІІжүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берейік.
Хор: «Қазақстан»
Іжүргізуші:Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап!
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккені малдай азап.
ІІжүргізуші: Байтақ дала – жерім менің,
Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағын желбіресін
Егеменді елім менің.
Хор: «Гүлжазира Қазақстан»
Осымен біздің «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |