Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғат адам үшін жаралыпты


Табиғат адам үшін жаралыпты

Тақырыбы: Табиғат адам үшін жаралыпты

Бар қызық табиғаттан таралыпты.
 
Мақсаты:   Оқушылардың табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, оны  
               қорғауға деген жауапкершілігін, туған жерге, қоршаған ортаға және өз               
               Отанына деген көз қарастарын қалыптастыру.
 
Міндеттері:   Табиғаттың негізгі құрама бөліктері ауа, су, өсімдіктер мен тірі                  
                   ағзалар туралы жалпы түсінік беру; оқушыларды табиғатт ысүйе  
                     білуге, қорғауға, аялауға, оған қамқор болуға тәрбиелеу; өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; салауатты өмір салтын қалыптастыру.
1-жүргізуші
  Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндіріп отырған ғаламдық «Экология» мәселесіне үн қосу үшін                        «Табиғат адам үшін жаралыпты, бар қызық табиғаттан таралыпты» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
       Табиғат, Жер-Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер. Адамның өзі-Табиғат пен Жер-Ананың перзенті. Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау-адамның азаматтық борышы.
 
Көрініс «Жер-Ана»
Сахнада қобыз әуені ойналып, жер ұйығын іздеген Асан қайғы Жер-анаға кездеседі.
 
Асан қайғы: Жалғыз жүріп жалықпаймын іздеуден,
                    Іздеп өтем жерұйығын елімнің.
                    Барар жерім көп болса да дамылдап,
Уа Жер-ана, алайыншы амандасып өзіңмен.
Армысың-асыл Ана,  мен бір балаң,
Исі қандай киелі топырағың.
Тіршілікті тал бесікше тербеген
Қарыздармын қасиетті Жерге мен.
Жер-ана: Барша әлемді тербеген мен боламын- Жер-Ана.
Асан қайғы: Уа, ардақты Жер-Ана, бас иемін алдыңа,
                    Жерұйықты іздеген Асан қайғы мен болам.
Жер-Ана: Уа, балам, көзің өткір, қарашы,
Қараңдайды қара сұлба алыстан.
Өзі асығыс сонша жадап-жүдеген,
Бет алысы бізге қарай, Жөн сұрайық өзінен.
Қорқыт ата: Жер-ана, іздеп келем өзіңді мен,
Өлім мен қасіреттен қашып жүрген
 Қорқыт деген мен болам.
Айтпақшымын жаман хабар күйінішпен,
Жапа шекті бар ғалам жайнап тұрған,
Жарылды Семей полигондары,
Айырылдық шалқып жатқан Арал, Балқаштан.
Жапырағы жайқалған жасыл желек,
Бұл күнде түп тамырсыз ол бір шыбық.
Ұшқан құс, жүгірген аң бәрі бітті.
Арнасынан тасыған су да бітті.
Сынық пен жарылыстан көз ашпаған,
Қиылды қыршынынан қаншама адам.
Жер-ана: Не дейді? Бұл сұмдық  қой естімеген, 
Өз перзентім өзіме қол көтерген.
Бетіме сонша таңба салатындай, 
О, құдірет, қай ісімнен таптым екен?
Қорқыт ата:   Налымашы, күйзелмеші, Жер-Ана,
                     Бәрін қайтып келтірерміз орнына. 
Асан қайғы: «Ел жағалай қонбаса, бетегелі бел ғаріп. Қаз-үйрегі болмаса, айдын    
                     шалқар көл ғаріп».
Қорқыт ата: «Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың  
                    қырқылмасын».
                           ( Қорқыт ата , Асан қайғы сахнадан шығып кетеді)
Жер-ана: Қан төгіп соғыспаңдар. Өтінемін!
Куәсі едім соғыстың да, ұлы істің де.
Жетпейді екен еш нәрсе тыныш күнге.
О, адамдар!
Таза ауаны түтінменен құртпаңдар.
Қару алмай, қастаспай достасып-ақ,
Барлығың да төсіме сиясыңдар!
Дала аруы: Салеметсіздер ме, балалар! Мен –дала аруымын. Қош келдіңіздер! Менің қойнауымда тау, өзен, су, жануарлар мен аң, құстар, адамдар мен жансыздар бар! Енді менің төрт құдіретімен таныс болыңыздар.
Күн: Әлемге қуатты,
Сәуле мен шуақты.
Алып күн беріп тұр,
Жарық күн-көрік нұр.
Жер: Аялар анамыз, 
Саялар панамыз.
Құлпырған тірлікпен
 Жер құтты гұл біткен.
Су: Өмірдің өзені,
Өмірдің өзегі.
Сусыз жер-өмірсіз
Нусыз өр, өңір тұз.
 
 
Ауа: Жер шары-«дәу» әлем,
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз кім шыдар,
Ауасыз тұншығар.
 
Күн: Күн-барлық тіршілікке нұр-сәуле шашып тұрғанқұдіретті күшті от.Халқымыз Күнге қарап мезгілді анықтап, уақытты мөлшерлеген, келер күннің ауа райын болжаса, айға, жұлдызға қарап жол жүрген, оған тәу етіп, өз бойына ерекше бір күш алып отырған.
Жер: Жер тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы қасиетті жері үшін сан рет өан төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай тер төккен өткен тарихтан аян.
Су: Жер жүзіне тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған судың өмірге қажеті қымбат, әулие екендігі барлығына мәлім. Халық судың шығып жатқан жерін «Әулие бұлақ» деп тегін айтпаған.
Ауа: Ауа-барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. «Ауа-өмір тынысы» деп бекер айтпаған.
Дала аруы: Жақсы, рахмет құдіреттеріме.
 
Жүргізуші: Дала Аруы, сенің төрт құдіреттеріңмен таныс болдық. Ал, сенің жағдайың қалай?
 
Дала аруы: Уа, адам баласы,
Құлақ салшы сөзіме.
Мен шаршадым,
Осы менің жайымнан 
Боларсыңдар хабардар.
Жүрегімнің дүрсілін
Естіңдер, адамдар.
 
Жүргізуші:
- Сонда қалай? Неліктен?
1- оқушы: Адам, адамдар кінәлі! Олардың рахымсыз істерінен қоршаған орта зардап шегуде. Ол кімнен көмек күтеді, әрине балалардан. Балалар! Сендер қоршап тұрған табиғатты сақтаңдар, оны аялаңдар, қолдан келген жақсылықтың бәрін жасаңдар. Қамқорлық жасағанды табиғата түсінеді, рақымшылығын жасайды, шапағатын береді.
 
2-оқушы:  О, табиғат! Сен не деген жомартсың, не деген дархансың, әлемді жайқалтып, тербелтіп тұрасың. Сенің бізге, адамдарға берген байлығың ұшан-теңіз. Ата-бабалардың өсиетін сақтап, сені қорғауға, сақтауға, еңбекпен жақсылықтар жасап, сенің жанашырың болуға барлық балаларды шақырамын. 
 
Дала Аруы: Рахмет, балалар! Сендерге сенім артамын, балалар сендерсіңдер-болашақ, сендерсіңдер-келешек. Табиғатты қорғау-Жер ананы қорғау, табиғаты қорғау-өзіңді қорғау екенін естеріңізден шығармаңыздар! Аман-сау болыңыздар!
1-оқушы:
Қасиетті қайырымды Жер-ананың,
Мейірімінен өмірге нәр аласың.
Аялы алақанмен аялауда
Азаматтық борышы әр адамның.
Атамекен жаңға жайлы сая бау,
Ар алдында сіңген екен ақ сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
 
2-оқушы:
Табиғат... Табиғат... Бұл сөзде қаншама құдырет жатыр. Өмірдегі ең сұлу көркем де жомарт тіршілік иесі табиғат емес пе? Жер-Ананың мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Өз байлығын адамзатқа сыйлаған табиғаттың жомарттығында шек жоқ. Аялайық та сүйе білейік табиғатты!
 
3-оқушы:
  Жер-Ана мен анаң егіз екен,
 Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, Жер-ананы жетілдірді
Осыны өзім өмірге негіз етем.
 
4-оқушы:
  Жер-ана-біздің тұратын, демалатын, тәрбиеленетін мекеніміз. Құстардың қалай әндетіп, өзендердің қалай сылдырап ағатынын естімей өскен, күннің шапағына, қызығына қарамаған, күзде ағаштардың сан түске боялғанына таңырқамаған ұрпақтың ой-өрісі тар, қиял-сезімі қанатсыз болады.
 
5-оқушы: 
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән салам бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысым.
Ән: Табиғатым
    1-жүргізуші:
Ерте, ерте ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты. Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақалы оларды алдына шақырып алыпты.
 
Жыл қариясы: Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?
 
-Мен дайынмын!-дейді қызу қанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.
-Мен де,-депті Көктем сұлу қасын керіп.
-Менде,-депті көңілшек Күз аузын бұртитып.
-Мен де,-депті дадыраған Жаз.
Жыл қариясы: Ендеше, мен сендерге он екі айды үш-үштен теңдей бөліп беремін. Мына әр қағазда ай аттары жазылған. Әрқайсысының үш-үштен алатын болыңдар.
(Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып-тармасып алып жатады.)
 
Жыл қариясы: Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар. Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар.
 
1-жүргізуші
   Жылдар өте келе Жыл қарияның  төрт баласынан өрбіген он екі немересі азамат қатарына қосылғанда, ол кісі қартайып, көнекөз қария атаныпты. Оның балалары мен немерелері бір-біріне ұқсамаған, мінез-құлықтары әр түрлі болыпты.Жыл қарияның ешкімге ұқсамайтын баласы Көктем келеді.
 
Көктем: Мен келгенде күн жылына бастайды. Табиғат қысқы ұйқыдан оянады. Түн қысқарып, күн ұзарады. Мен өзіммен бірге Жыл қарияның үш немересін ерте келдім. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр. 
Сарқыраған өзен гүрілдеп,
Алтын күн көктен күлімдеп
Табиғатқа жан біткен.
Оянып бәрі дүрілдеп
 
Сөйтіп жүргенде екінші баласы Жаз да немерелерімен келіп жетеді.
Жаз: Мен жер бетін гүлге орап, табиғат сұлулығына рахаттандырамын. Үлкен кішіні шаттыққа бөлеймін. Мен де Жыл қарияның үш немересін ерте келдім. Олар: Маусым, Шілде, Тамыз.
Құйқылжып құс сайрауда,
Қозы-лақ ойнап жайлауда.
Еркіндіктің күндері,
Нәрін төккен маңайға.
 
Күз: Менімен бірге еңбектеріңіздің жемісін көресіздер. Қамбаларыңыз астыққа толады. Жыл қарияның немерелері Қыркүйек, Қазан, Қарашаны да ала келдім.
Сарғыш тартып ағаштар жапырағы,
Көңіліме көп сағыныш шақырады.
Сары алтын сары дән қырмандағы,
Ән болып кең далада жатыр әні.
 
Қыс: Мен сендердің төзімділіктеріңді, шыдамдылықтарыңды тексеремін. Мен де Жыл қарияның Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелерімен келдім.
Ағаштар кеудесіне шатыр тігіп,
Табиғат ұйықтағандай қалғып-мүлгіп.
Құтықттап күннің көзі көк жүзінен,
Ашылып жатыр кейде аспан түңлік.
 
1-жүргізуші:
Сөйтіп тұрып  Жыл мезгілдері бір-бірімен айтысыпты.
 
Қыс: Адам баласына мен пайдалымын. Өйткені, қыста ауа тазарады, балалар шаңғы-шана теуіп, адамдар денелерін шынықтырады.
 
Көктем: Жоқ, адам баласына мен пайдалымын. Мен-табиғаттың да, адамдардың да той-думанымен. Көктемде табиғат көркейіп, күн жадырап, мал төлдеп. Өріске шығады. Сондықтан, мен адам баласына пайдалымын.
 
Жаз: Көктем бауырым, нанбасаң балалардан сұра. Жазда сабақ бітеді, күн жылынады. Балалар салқын сумен шомылып, рахаттанып дем алады. Сондықтан адам баласына мен пайдалымын.
 
(Қыс : Күз інішегім, сен де айтарыңды айтып қал!)
 
Күз: Балапанды кұзде сана демей ме, Қыс аға! Сіздер таласпаңыздар, адам баласына мен пайдалымын. Мені адам баласы-«Алтын күз» дейді. Күзде мал семіреді, қырман дәнге толады, жеміс-жидек піседі.
 
1-жүргізуші:
 Қыс, жаз, көктем, күз сендер босқа айтыспаңдар! Адам баласына жылдың төрт мезгілі де пайдалы. Бұл табиғи құбылыс, егер жыл бойы қыс немесе күз, көктем, жаз болмаса табиғатта тіршілік болмаған болар еді.Қыссыз көктем, көктемсіз жаз, жазсыз күз болмайды.
 
1-оқушы:
Табиғат-алтын күнім, күміс айым,
Шашылған жұлдыз меруерт жастанайын.
Үңілем таңнан тұрып терезеге,
Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.
Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,
Сен ана, мен қашанда жас баламын.
Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,
Тіліңді түсінуге тырысайын.
 
2-оқушы:
Орманы, тауы, сулары,
Қандай әсем нұр таңы.
Алуан түрлі аңдары 
Табиғат толы аңғары. 
Мезгіл сайын өзгеріп,
Далаға тұрар өң беріп.
Қыс та, көктем, жазы да,
Күздері қандай жазира!
Табиғат –Ана, Жер-Ана,
Мәңгілік адам бесігі
Қуат беріп жаныма
 Ашылған өмір есігі.
 
3-оқушы:
Шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!
Айың анау, күнің мынау, жер міне.
Оу, адамдар,
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де.
1-жүргізуші:
 Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
 Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі.
2-жүргізуші:
 Біздің ата-бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл желек еккен. Туған жерге бау-бақша егуде ата-бабадан қалған мұраның бірі. Ал қазіргі кезде қырқылған ағаштарды көргенде, ата-бабаларымыздың өнегесіне немқұрайлы қараған қатігездері аяусыз жазалағың келеді. 
 
Көрініс «Әке мен бала»
 
Әкесі:  Жүр, балам , орманға барып ағаш кесіп әкелейік. Ағаш та қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
Әкесі: Е, міне жалғыз қайың қалыпты ғой.
Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні гой. Әке, адам да табиғат перзенті. Сондықтан туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау-баршамыздың парызымыз, міндетіміз.
Әкесі:  Ей, сен айтып тұрсың? Үйде отын жоқ емес пе? Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
 
Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.
 
Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы, қырықпаңдаршы. Ей, адамдар, неткен қатал едің, аясаңшы мына ағашты. Не жазды саған орман байлығы? Саған Алла сана берген жоқ па еді? Неге кесесің ағашты, орманның керегі жоқ па еді?
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпай-ақ қояйықшы.
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сенде, нәзік жүрек. Мә, саған.
(Әкесі құсты таспен атып ұрады)
  Құс сахнаның алдыңғы жағына етпетімен құлағандай қимыл көрсетеді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді. Көңілсіз әуен қосылады.
 
Құс: Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала.
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын,
Не көрінді? Не қалады артындағы ұрпағына.
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Сарғайып жапырағы өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдады жылағанын.
 
«Тоғай төңірегінде» М.Мақатаев
 
1. Тоғай еді қара судың ар жағы,
Қайда кеткен қамысы мен талдары.
Не күзетіп, нені бағып жүр екен,
Қайда жеткен мына ауылдың бағбаны?
2. Талды қиған неткен судық қол еді,
Тоған тозған...
Енді сірә, жоқ емі.
Бұл өңірге не көрінген, тәңір-ау,
Бұл өңірде соғыс болған жоқ еді.
3. Тоғай тозған. Топалаң боп көрмеген.
Аяулы еді ата-баба тимеген.
 
4. Саған айтам, балашықтар бүр жарған,
Шыбық, талың, шыршаларың ұрланған.
Сендер қаулап айналғанша орманға,
Не қалады...
Не қалады бұл маңнан?
5. Осындай табиғатқа кем қол салған?
Ия, ол-біз, адамдар!
1-жүргізуші:
 Әлі талай заман өзгерер, өткен қателіктер жөнделер. Сыйласа білсек, өмір де маржандай думан күй кешер. Ия, республикамыздың экологиялық жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді тастап, қайсібір ұлт-ұлыс өкілдері тәрізді басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші Отанымыз жоқ.
 
2-жүргізуші:
  Жер-біздің алтын бесігіміз, асыраушы анамыз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, тұрған ортамызды да, солай аялай, сүйе білейік. Бір ағаш сынса, он ағаш отырғызайық. Табиғаттың тағдыры өз қолымызда, Табиғатты аялайық, жас достар!
1-оқушы:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат, әр жүректің тамылжыған жырысың.
Ей, адамзат! Ақылға сал, қатігездік жасама
Өзіңдағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
2-оқушы:
Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ,
Досың-жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Ал оларды қорлау деген не сұмдық!?
3-оқушы:
Жасыл баққа бөле туған жеріңді,
Көк түтіннен қорға аспан, көгіңді,
Тәлімімен ұшта жігер, көшіңді,
Табиғатқа дос болайық сенімді.
Хормен: Туған жерді аялайық бәріміз,
               Қамқорлықты аямайық бәріміз!
ӘН: Атамекен
1-жүргізуші:
О, табиғат, тіршілікте бесік болған мекенім,
Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.
Алақанмен аялаймын ұл-қызымдай үйдегі,
Азаматтық борышым қорғаушың боп өтемін.
2-жүргізуші:
Тіршілік тірегі- табиғат. Ол адам баласының ортақ қазынасы. Табиғат-Ананың қасиетті сырларын бойымызға сіңіріп алмайынша, онымен тең отырып «сөйлесу» қиын. Ең бірінші-табиғатты туған анаңдай түсіну, екінші-табиғатқа туған бабаңдай табыну, үшіншісі-табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Осы үш ұғымды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.
 
1-жүргізуші:
   Табиғат байлықтарын қорғай білу-азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік.  Табиғатты сүйе білмеген туған жерін, туған елін де сүйе алмайды. Осымен бүгінгі     Табиғат адам үшін жаралыпты,
                             Бар қызық табиғаттан таралыпты-атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Бізді қоршаған әлем
Табиғатты қорғай білейік.
ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ
Табиғат - туған үйіміз
Аяласаң, табиғатты аяла
Мен табиғаттың бөлшегімін
Табиғат - досымыз
Табиғатты аялай білейік
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6413 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык