Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аяласаң, табиғатты аяла


Аяласаң, табиғатты аяла

Аяласаң, табиғатты аяла

Тақырыбы:  Аяласаң, табиғатты аяла

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, шарлар, ағаш, гүл макеттері, видеожазба, аудиожазба т.б

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, проектор, ноутбук, слайдтар, дыбыс ұлғайтқыш т.б

Жүру барысы:

Мұғалім:  Армысыздар, құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық «экология» мәселесіне үн қосу үшін «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Ән «Жасыл жайлау»

1-оқушы

О, табиғат-әсемдіктің төркінісің

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Бүкіл адамзат табынып, бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

 

2-оқушы

Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,

Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай.

Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде

Адамдарша сөйлейді екен күнім – ай.

 

Көрініс «Ақ қайың»

Ақ қайың:

Орман едік бір кезде біз жайқалған,

Аң мен құстың әсем әні сайраған.

Әні кеткен, бұл өлкенің сәні кеткен

Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен.

Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп.

Анам, әкем, бауырларым қайдасың

Жалғыздықтың мұңы көп.

Соны айтуға тілім жоқ.

(Қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді)

Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі.

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз кестік емес пе?!

Әкесі: Міне, жалғыз қайың өалыпты ғой, соны қырқып алайық.

Баласы:  Әке, ол жас қой,  өссінші. Табиғаттың сәні ғой.

Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба. Көп сөйлеме, көмектес маған.

(Ағашты аралай бастайды. Сол кезде құс ұшып келеді)

Құс: Тимеңдерші бұл ағашқа. Менің ұямды бұзбаңдаршы.

Әкесі: Мына құс қайтеді өзі. Шиқылдап миымды ашытты ғой. Балам таспен құсты атып ұршы.

Баласы: Әке, ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Ағашты кеспейікші, әке.

Әкесі: Ой өзің нәзік жүрек екенсің ғой. Мә саған.

(Құсты таспен атып құлатады. Құс жерге топ ете түседі.)

Ағашты әкесі мен баласы кесіп алып кетеді.

Құс ақырын басын көтеріп:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.

Ысырапсыз табиғаттыі пайдаланып бар байлығын

Не қалады? Не көреді артыңдағы ұрпағың?

 

1-оқушы

Енді құртып орманды алмақпыз ба?

Сөз қадірі қажет пе салмақсызға

Орман өрті жүректі жарып жатыр

Шынында енді ормансыз қалмақпыз ба?

 

2-оқушы

Қазақ, қайда барасың күнә арқалап

Ессіз ұлың орманды жүр балталап.

Орманың мен арманың қатар келсе

Намысыңды кім сенің қорғап қалмақ.

 

Ән «Атамекен»

Көрініс «Полигон»

(Қара киім киінген оқушы түтін ролінде, көл бейнесінде екі оқушы, сары киінген оқушы өрттің ролінде)

1-оқушы

Өмір қымбат, қашанда әрбір жанға

Оны қорғау борышың, елім онда.

Кешегі бір жылдарда айналыпты

Қазағымның даласы полигонға.

 

2-оқушы

Ауа райы бұзылды жеріміздің

Өзен көлі тартылды еліміздің

Неше түрлі құбыжық қаптап кетті

Көрмеуіміз мүмкін бе оны біздің.

 

3-оқушы

Жоқ, мұндайға төзуге енді болмас

Өкініштің оп-оңай орын толмас.

Осылай деп полигон зардабының

Аузын жапты қазағым әкем алғаш.

 

4-оқушы

Полигонның үні өшті 91-де

Айналса да, мың дала қара күлге

Боз інгендей боздаған боз даланың

Құлақ түрдік кештетіп жылаулы үнге.

 

5-оқушы

Енді атом жерімде жарылмасын,

Ауа былғап, тынысың тарылмасын,

Басынан бақ-дәулеті арылмасын.

Видеокөрініс «Полигон»

Мұқағали Мақатевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс

(Сахнада ауру баланы тербетіп, ана отыр. Бүк түсіп мұңға батып әке жатыр)

Ана:

Мана күндіз, тәуіп шал не деп кетті?

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.

Аққумен баланы аластаңдар

Деді дағы жәйімен жөнеп кетті.

Тұрсаішы таяу қалды таң атуға

Неткен жансың санасыз жаратылған.

 

Әке:

Апыр-ай, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана.

Оқ атам қасиетке қалай ғана?

Бармаймын, бара алмаймын,  қалай барам?

 

Ана:

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі

Балам өлсе бақыттың керегі не?

Мылтықты әкел. Атты ертте. Жалған бәрі.

(Мылтықты алып шығып кетеді.  Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалып, биші билей бастайды.)

Би соңында тарс етіп мылтық атылады. Қанатымен жер сабалаған аққуды көріп, шашын жайған ана жерге отыра кетеді. Қасына қарт келеді.

Қарт:

Болмады ғой, болмайды ғой,

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой.

 

Ана:

Мына жатқан жетім көл, мына аққуды,

Өз қолыммен өлтірдім аттым жаңа.

Жоқ, мен емес, мен атпадым

Кеше гөр, кешіре гөр жаратқаным.

(Екі қолын аспанға созып тізерлеп отырады)

1-оқушы

О, достарым, құста қандай айып бар

Келген құсқа құшағыңды жайып қал.

Әлем теңіз, өмір толқын, жыл құсы,

Желкендерін жел көтерер қайықтар

 

Мұғалім: «Кешір мені, Табиғат»  Авторы:  Индер ауданының ақыны Тілек Халин. Өлеңді оқитын 6-сынып оқушылары.

 

1-оқушы

Мөлдіреп тау басынан тамған шығың,

Илеген ойыншық-мүсін саз балшығың

Балалық қиялымды әлдилеген

Туған жер, өзіңде еді-ау, арман-шыңым!

 

2-оқушы

Болса да өмір бәйгежорғасындай,

Кей-кейде ой басады қорғасындай.

Табиғат тозар ма екен, дөңгеленіп,

Қақсыған аталардың арбасындай.

 

3-оқушы

Тартылған өзен –көлдер елестейді,

Жері жұтаң тартса егер, ел өспейді.

Табиғат-Анамыздан тумап па едік

Тыңдамас ешкім мені, егес мейлі

4-оқушы

Ойларым бар менің де өз алдымда

Жан ауырмай мен кейде төзе алдым ба.

Отырғызған жас шыбық қурап қалып

Бәйтеректер кесілер көз алдымда.

5-оқушы

Егермін тал, Табиғат төсіңе мың

Қалай зауыт мұржасын өшіремін.

Нәзік болып қалсын деп адам жаны,

Гүлге үйір ғып ұлымды өсіремін.

6-оқушы

Әр жүрекке жетсінші бойыңдағы үн,

Нәзіктік боп оралсын ойымдағым.

Кешір мені Табиғат, кірлеттім бе?

Адам болып келеді мойындағым.

Ата мен бала шығады.

Атасы: Балам, мынау менің саған аманаттайтын  мұрам.  Енді бұл - сенің байлығың.  Сенде күндердің күнінде осы байлықты аманаттап ұрпағыңа қалдырарсың. Осыны ұмытпа!!!

Немересі: Жарайды, ата. Сөзімді беремін. Көзімнің қарашығындай сақтаймын.

(Немересі жерде шашылған қағаз қалдықтарын жинай бастайды. Жинап болғасын оқушылардың жанына келеді.)

Немересі: Табиғат-біздің байлығымыз. Табиғатымызды аялайық, көркейтейік, гүлдендірейік. Ол-баршамыздың міндетіміз.

Оқушылар:

Білместік жасаған тірілер атынан,

Кешірім сұраймыз, жас ұрпақ атынан!

Топтасайық. Достасайық бәріміз,

Осыменен бағаланар біздің ұят-арымыз!

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Бүгінгі тәрбиелік шарадан оқушылар жақсы қасиеттерді ала алды деп ойлаймын.  Қатысып отырған мұғалімдерге,  тәрбие сағатына шамалары келгенше атсалысқан 6-сынып оқушыларына рахметімді айтамын. Осыдан кейін оқушыларымыз табиғатты қорғайтын Қазақстанның бір-бір азаматы болады деп сенемін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты аялайық!
Құстар -біздің досымыз
Табиғатты қорғай білейік.
​Қоян мен бұғы.
Табиғат - туған үйіміз
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Мен табиғаттың бөлшегімін
Табиғат - досымыз
Табиғат адам үшін жаралыпты
Табиғатты аялай білейік
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6621 | Қосты: Казимова Айгуль Максутовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык