Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғат тамашасы.


Табиғат тамашасы.

Табиғат тамашасы.

Сабақтың тақырыбы: Табиғат тамашасы.

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстанның табиғаты туралы мәлімет бере отырып, табиғатқа қатысты  сөздердің қазақ тіліндегі атауларын және қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.

2.Оқушының қазақ тілінде ойлау,сөйлеу,негізгісін бөліп алу,сұрақ қоя білу қабілеттерін дамыту.

3.Табиғатты қорғауға,аялауға баулу.Өзін - өзі бағалай білуге,әділ баға бере білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: ой қозғау,ойын, топтастыру, іші-сырты стратегиясы,  шығармашылық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі:табиғат суреттері,сызбалар,картотекалар,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

                            1.Амандасу,түгендеу.

                             2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

                             3.Психологиялық дайындық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Тест арқылы тексеріліп,оқушылар жауап кілті бойынша тексереді.

ІІІ.Бағдарлау-мотивациялық кезең.

1.Тақырыпты ашу.

Ойлан,тап!

         Мына әріптерді дұрыс қойғанда Қазақстандағы жануар,құс,өзен, теңіз,қала аты шығады және бір артық әріп қалады.Сол әріпті жанындағы бос торкөзге орналастырса бір сөз шығады.Ол сөзге «тамашасы» деген сөзді тіркестіреміз.Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

2.Іші-сырты стратегиясы арқылы грамматикалық тақырыпты ашу.

 Алты,оқушы,мен,бұл,мынау,оқыды  сөздеріндегі таныс сөз таптарын іші кестесіне, ал таныс емес сөздерді сырты кестесіне жазыңдар.

    -Ал,балалар, іші кестесіне жазылған сөздер қандай сөз таптарына жатады ?

  • Иә,балалар, бұл сөздер зат есім,сын есім,етістік сөз таптарына жатады.
  • Ал,мен,бұл,мынау сөздері қандай сөз табы деп ойлайсыңдар?
  • Иә, балалар, бұлар есімдіктер.
  • Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай ?
  • Дұрыс, сабағымыздың тақырыбы Табиғат тамашасы және есімдік.
  • Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер ?
  •  Оқушылардың жауабы тыңдалады.
  • Есімдік дегеніміз не деп ойлайсыңдар ? Ережесін кім айтады ?
  • Дұрыс, есімдік дегеніміз есім сөздердің орнына жұмсалатын сөздер.

 

ІV.Операциялық-орындаушылық кезең.

1.Өлеңмен жұмыс.

Менің елім

Менің елім - алып ел,

«Бар ғой онда бәрі !» - дер.

Өзен де бар,көл де бар,

Теңіз де бар,шөл де бар.

Дөңес те бар,тау да бар,

Бақша да бар,бау да бар,

Орман да бар,қырат бар.

Шалғын да бар,бұлақ бар,

Алуан құс пен аңы бар,

Алып елді танып ал!

(Б.Жақып)

 

     «Менің елім» өлеңі жазылған парақша таратылады.Бір-екі оқушы дауыстап оқиды.Өлеңде берілген табиғат түрлері сызбаға түсіріледі.  Оқушылар суреттен түрлерін көрсетеді.

  • Ал,балалар,осы сызбаға қарап отырып, Қазақстан елі несімен атақты деп ойлайсыңдар ?
  • Дұрыс,Қазақстан осындай ерекше табиғатымен атақты.

2.Мәтінмен жұмыс.

 А)Мәтінді оқу.Мәтінге ат қою.

 Б)Сөздікпен жұмыс.

 В) Әр оқушы екі сұрақ дайындап өздері қалаған оқушыға қояды.

3. Сергіту сәті.

4. Жазбаша жұмыс. Оқулықтағы 4-тапсырма тақтада орындалады.

V.Рефлексия.1.Полиглот ойыны.Табиғатқа байланысты жұмбақтар шешіліп,шешуі үш тілге аударылады.

2.Есімдіктерді қатыстырып «Табиғатты қорғайық» тақырыбына шағын эссе жазу тапсырылады.

VІ.Үй тапсырмасы:1.49 беттегі мәтіннен аң-құстардың атауларын теріп жазу.Аударма сөздікті пайдаланып,орыс тіліне аудару.

2.50 беттегі 5-тапсырма.

VІІ.Бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушылар әр тапсырмадан кейін өздеріне баға қояды.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Хайуанттар бағы.
Сөз таптары
Есімдіктен өткенді қайталау
Қыс
Есімдік
Есімдік
Сан есім (қайталау)
5 сынап. Менің мектебім
Окрытый урок по казахскому языку "Менің мектебім". 5 класс
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4833 | Қосты: Сарсенова Асель Алпысовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык