Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ТАБИҒАТТАҒЫ КӨКТЕМГІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


ТАБИҒАТТАҒЫ КӨКТЕМГІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

ТАБИҒАТТАҒЫ  КӨКТЕМГІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының  «Таным» білім беру саласының мазмұны  мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық пен ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. 
Мектепке дейінгі білім беру стандартының «Таным» білім беру саласының мақсаты: «танымдық әрекеттердің дағдыларын игерген,әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды  мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру». Табиғат құбылыстары мен қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын және табиғатты шығармашылықпен танытуды дамытуда,табиғаттың негізгі заңдылықтарын айқындай білу іскерлігін дамыту.
Балаларды табиғатқа  жақындастырмайынша және оны балалар бақшасының оқу-тәрбие жұмысына кеңінен  пайдаланбайынша, мектеп жасына дейінгілердің ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі жағынан жан-жақты жетілдіру міндеттерін шешуге болмайды. 
Тәрбиешінің табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды  ұйымдастыруы  мектеп жасына дейінгі балаларды  табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.
Баланы табиғатпен таныстыра отырып, оның сан қырлы бояуларын балаларға көрсетіп, түсіндіру әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті. 
 Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасында балаларды табиғатпен таныстырудың саяхат, серуен, мақсатты серуен, бақылау сияқты бірнеше түрі берілген.
   Балалар табиғатты бақылай отырып, оның суын, тасын, ағашын, құсын, жәндігін көзбен көреді, қолымен ұстайды. Осы көргендерін естерінде ұзак сақтау үшін табиғат бұрышында бақылау күнделігін жүргізудің маңызы  зор. 
Бақылау күнделігін әр топта, баланың жас ерекшелігіне қарай әртүрлі жүргізуге болады.
Бақылау — мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. 
Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы, тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдерпайда болады, ойлауы, тілі жетіледі, табиғатқа деген материалистіккөзқарасқа, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді.
Сонымен бірге олар күрделі құрал-жабдықтарды қажет етпейді және кез-келген адамға қолайлы.
Тәбиешіге қойылатын талаптар. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі  әр түрлі ғылымдар саласынан білімнің мол қоры болуы,оның даму заңдылықтарын дұрыс түсіндіре білу талап етіледі.
Ересек топ балаларының  жас ерекшеліктеріне арналған серуен кезіндегі табиғатқа бақылау жасаудың  үлгілерін ұсынамын.
 
Бақылау  мазмұны Көркем сөз,
жұмбақтар Халық болжамдары, экологиялық тыйым сөздер Балалардың қарапайым ізденіс және еңбек, іс-әрекеті
Ауа-райын бақылау.Ауа  райы- атмосфераның сол жердегі  төменгі қабатының  белгілі бір уақыты ішіндегі физикалық жағдайы. Балалар күн сайын ауа райын (бұлттылық,жел,жауын-шашын) т.б бақылайды
Бір нәрсе жер  мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл,қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына  (Ауа)
«Қарлығаштар төмен ұшса –жауын жауады»
Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады, - деп ырымдайды. 
 
Желдің бар жоғын анықтау үшін балалар ағашты қадағалайды (олардың ұштары теңселе ме), қағаздан немесе материалдан жасалған жолаушаларды,зырылдауықты пайдаланып анықтайды.
 
 
 
Жауын- шашын. Ұзақтығына және өнімділігіне қарай жауын шашынды: (нөсерлі жауын,сіркіреген жауын) екенін анықтау
 Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.     (Жаңбыр) Сиыртанауынтартып, мойнынжиі-жиібылғақтатыпмазаланса, дауылнеборансоғады.
 
Балалар жылға суына қағаздан, қабықтан, сіріңке қорабынан
жасалған қайықшаларын
жіберіп,олардың қайсысытезірек жүзетінін бақылайды.
 
 
 
Бұлттылық.
Бұлтты  бақылаған кезде бұлттардың аумағы мен түріне,  олардың бағытына бақылау жүргізу
Жаңбыр,жаңбыр жауасың                   Жанымызға дауасың                  Біз ойнайтын ауланың                   Тазартасың ауасын  (жаңбыр)
Күн бұлтқа батса, келесі күн жауын-шашынды болады. 
Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, шетінен ыдыраса, күн жылынады. . Тәрбиеші күнделікті                             серуен кезінде бұлттарға және                        аспанның түсіне көңіл аударады. Бақыланған объектілердің                         суретін салады
Ағаштардың көктемгі жандануын бақылау.  
Жер ала кеуімдене бастаған кезден көп кешікпей ағаштар да жанданады: оларда сөл жүре бастайды.
Егер ағаш қабығын жуан инемен тесетін болсақ, бұл құбылыс айқын байқалады; жарақаттан мөлдір тәтті сұйықтық ағып шығады; ауада ол тотығып, қызғылттау реңге ие болады.  Сөл жүруі – күрделі физиологиялық процесс.
 
 
 
Қар, мұз еріп,
 Су көбейіп, Сай салада ағады. Бүршік жарып, Жапырақ ашып,
Жайлау малға толады, Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?     (Көктем)
 
Қазақта «Үш сауап» деп мынаны айтады:
- шөлдесе құдық қазуды;
- өзенге көпір салуды;
- жол жиегіне ағаш егуді атаған.
 
 
Қызара батқан күн – желдің, ашық сары болып батқан күн – жаңбырдың белгісі Көктемде балалармен бірге учаскедегі ағаштар мен бұталарды анықтап қарайды,зақымданған бұталардан тазарту.
 
 
Бүршіктердің ісінуі және шешек атуын бақылау.
Сөл жүре бастауынан он шақты күн өткен соң қорғаныш қабыршақтарының астыңғы жағында бастапқы өркен болатын бүршіктердің ісінуі байқалады. Туғанда көктем наурыз                    Аузыңа тиер сары уыз                                                                                                                                                                                                     Көк майсалы көкектеЖас төлдерді жетекте                                                                                                                                                  Мамыражай мамырда                                                                                                                                                                                                  Гүл қатайды адырға
Мысық – бұйығыпұзақұйықтаса, күнжылынады.
Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады. Балаларға жүйектерге пиязшық отырғызуды және шалғам мен бұршақтың ірі тұқымдарын себуді үйретеді.
Жапырақтардың шығуына бақылау жүргізу.
Ағаштардың бір тобының жас жапырақтарын сыртқы жағынан жұпар иісті жабысқақ зат, келесі тобын – үлпілдек зат қаптайды да, оларды суықтан қорғайды. 
Сәуірдің соңында мойыл мен қайыңның бүршік атуына бақылау жүргізу. Қайың, терек басынан             Сарғыш тартып жапырақ.
Жерге түсіп шомылған,
Жел үрлесе қалтырап... Құмырсқа
—ертеңгісінилеуініңаузынашып, ерсілі-қарсылышұбырабастаса, тынымтаппайжұмыстанса, ауарайыжақсарады
Балалар бақшасының жер үлескесіне ағаш отырғызуға балалардың өздерін де қатыстыру. Көктемнің орта шеніндегі бұлыңғыр күндердің бірінде балалармен бірге көшет отырғызады.
Жәндіктердің шығуына бақылау жүргізу.
 Ерте көктемде, жер алакеуімдене бастаған кезде түскен жапырақтар үйіндісінде, ағаштардың қабығы мен түбірі астында және басқа да суықтан қалқа жерлерде қыстап шыққан жәндіктердің  жандану уақытын бақылау
 
Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс,жүгірген аң-бәріне тең.
Адамзат,жан-жануар соның арқасында,
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген    (Жер)
Көбелек  бұтақтарарасын, қуысыннемесебасқаықтасындардыпаналаса, найзағайойнайды.
Ағаштарды зиянкес жәндіктерден қоғаудағы жұмыс түрлері.
 
Балалар бақыланған объектілердің суретін салады
 
Құстардың келе бастауына бақылау жүргізу.
Жер алакеуімденіп, топырақта қыстайтын жәндіктер,шыбын-шіркейлер  жандана бастағанда жыл құстары қайтып оралады.
Алғашқылар болып көктем хабаршылары – ұзақтарға, олардан кейін қараторғайлар мен бозторғайларға бақылау жүргізу. Балалардың табиғаттағы көктемгі құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту және қорытындылау Тауық—    жүнінүрпитіпқытқылдаса, ауарайыбұзылады
-Құстың ұясын бұзба -Құсқа тас лақтырма                                                                                                               Тәрбиеші көктемнің басында балалармен бірге қараторғай үйшігін іліп,тілек білдірушілерге онда қандай құстар,қашан қоныстанатынын қадағалауды ұсынады.
Құстардың үядан ұшып шығуын және қайтып оралауын бақылау керек.
Пайдаланылған   әдебиеттер
• 1.Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері: Халықаралық ғылыми-практикалық конферения материалдары –Алматы, 2003. –286-289
• 2. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Ұлт тағылымы. -2003.-№2.–19-21 б.
• 3.Шоқан еңбектеріндегі табиғаттың эстетикалықбейнесі //Ұлағат. -2003.-№5.–28-29 б.
• 4.Экологиялық тәрбие бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешені //Бастауыш мектеп. -2003.-№8.–18-19 б.
• 5.Экологиялық мәдениет – отбасынан //Хабаршы. Педагогика ғылымдары сериясы.-2003.-№1 (3).–65-69 б.
• 6.Үздіксіз экологиялық тәрбие //Қазақстан мектебі.- 2003. -№8, –32-34 б

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беруде психология
Бабалар еккен шынарды балалары саялайды
Көрікті көктем
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.
Ауа-райы болжамы
Экологиялық білім беру
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні
Көктемгі табиғат
Балабақшадағы экологиялық тәрбиенің маңызы
Көрікті көктем
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 17240 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык