Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тапқыр достар


Тапқыр достар

Тапқыр достар

Тақырыбы: «Тапқыр достар»  4сынып аралық сайыс

Мақсаты: 4сынып аралық білім сайысы арқылы оқушылардың білімін    

                    шыңдай түсу,логикалық шапшаң ойлау дағдысын 

                    арттыру,дарынды ,білімді оқушыны анықтай білу,жеңімпаз, 

                    озат болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: бетшелер,жасырын сөздер,ребустар бетшесі;

Түрі:сайыс

Жүру барысы:  1.Ұйымдастыру

  • Ал,канекей,келіңдер,келіңдер,

Бір-біріңе серік болып еріңдер

Білгендеріңді тексеріп,еске түсіріп

Интеллектуалды сайыста

Бақтарыңды сынап ,қатысып бір көріңдер-деп  білім сайысына

құлшынып келген білімді оқушыларымызды шақырамыз.

  • білім сайысына келген оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топқа

бөлініп,топ атын құрастырады.

1топ –«Болашақ»                                 2-топ –« Арман»

  • Шын жүйріктер сыналады жарыста

         Жарыстың ба орта жолда қалыспа

         Әділқазы бағалайды сіздерді

         Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?-деп  әділ қазылар алқасымен таныстыру:

Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:

1.Сен білесің бе?  (Сұраққа жауап алу)

2.Кәне,ойлан!  (Ребус шешу арқылы шыққан сөз төңірегінде ой өрбіту)

3. Есіңе сақтадың ба?(Сөздерді есте сақтап,қайта сол қалпында жазу)

4.Мақалды жалғастыр... (Мақалдың жалғасын табу)

5.Кім шапшаң? («Сайқымазақ» сөзінен сөз шығару)

6.Сөз тапқанға ....  (әріп суыру арқылы сол әріптен басталатын сөз арқылы  

                                 сұраққа жауап  беру)

-Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер-    деп білім сайысымыздың бірінші бөліміне кезек береміз.

1бөлім   «Сен білесің бе?»

1-топқа сұрақ:

1.Үш би

2.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа ұшқан қазақ?((Тоқтар)

3.Суық аймақта кездесетін құс?

4.Ақ жолағы бар талды ата? (аққайың)

5.100 жасқа толған қазақ батыры,халық қаһарманы (Бауыржан)

6.Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді?(хаб,лепті,сұраулы)

7.Қазан айы қай мезгілге жатады? (күз)

8. 1000000:10 нешеге тең? (100.000)

9.Жалқы есімге мысал келтір?

10.Кітап,бор,бояу,сызғыш бір сөзбен не деп аталады? (оқу құралдары)

2-топқа

1. Бес арыс?(Шәкәрім,Мағжан,Міржақып,Ахмет,Жүсіпбек,)

2. Қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ыбырай)

3. Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны? (Қ.Мұңайтпасов)

4. Қысы- жазы бір түсті ағаш?

5. Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі,бейнелеу өнерінің шебері  «Амангелді  

    сарбаздары», «Түрксиб» шығармаларының авторы? (Ә.Кастеев)

6. Тұрлаусыз мүшелерді ата? (тол/ш,анық/ш,пыс/ш)

7. Тамыз айы қай мезгілге жатады? (жаз )

8.  10 000*100 нешеге тең? (миллион)

9. Ұзындығы 3см тең шаршының ауданы нешеге тең? (9(см2)

10.Ұйқыдан тұру,жуыну,тамақтану,сабаққа бару тсс бір сөзбен не деп   

     аталады? (күн реттелімі)

 

2бөлім «Кәне ,ойлан!»      Ребус шешіп,шыққан сөз төңірегінде ой өрбіту

 

 

М              Ң        І

 

 

                    Ң    Қ      Ы,

   Ң  

3бөлім  «Есіңе сақтадың ба?»   (Есте сақтау арқылы сөздерді сол қалпында 

                                                          жазып беру)

1 топқа

Қамал  лақ  қаз   зере   елек   күн   намыс    сағат  тамаша   алаш

2топқа

Ақпан  намаз   зат   тоқым   маса   алмас   самал   леген  намыс  сан

4бөлім Мақалды жалғастыр

(Мақал оқылады ,жалғасын кім бірінші көтереді сол топ жауап береді)

  • Тіл тас жарады,.......... тас жармаса бас жарады.
  • Тауды,тасты жел бұзар,.....адамзатты сөз бұзар.
  • Аққуды атпа,......досыңды сатпа!
  • Жақсы байқап сөйлер,......жаман шайқап сөйлер.
  • Атадан жақсы ұл туса,Елінің қамын жейді;............Атадан жаман ұл  

туса,Елінің малын жейді.

  • Астың дәмін тұз келтірер,...........Ауылдың сәнін қыз келтірер.
  • Білімдіге дүние жарық.............Білімсіздің күні кәріп.
  • Жеті жұрттың тілін біл,............Жеті түрлі білім біл.
  • Білетінің бір тоғыз,................Білмейтінің тоқсан тоғыз.
  • Бөтен жердің гүлінен...............Туған жердің тікені артық.

 

5  бөлім  «Кім шапшаң?»       (Сөзден сөз шығару  1мин)

«С а й қ ы м а з а қ»

6  бөлім  Сөз тапқанға.(Әріп суырып ,шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)

 

1 топқа        (  Б)

  • Суды немен ішесің?
  • Сенің досың кім?
  • Бүгін сенде неше сабақ?
  • Қандай тағамды ұнатасың?
  • Қай көшеде тұрасың?
  • Жасың нешеде?
  • Қай ертегіні ұнатасың?
  • Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
  • Көршің кім?
  • Ағаңның есімі?

 

2топқа  (М)

  • Сенің көршің кім?
  • Дос қызыңның есімі?
  • Қандай ертегі ұнатасың?
  • Қай жануар ұнайды?
  • Зат есімге мысал?
  • Көйлекті неден тіккен?
  • Пырылдап ұйықтайтын не?
  • Сүйікті пәнің?
  • Күн ішінде не бар?
  • Үй тапсырмасын шығаруға кім көмектеседі?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
Тапқыр болсаң,талас жоқ.
Тапқыр болсаң,талас жоқ
Қазақ тілінің білгірі
Ойлы бала озар
Бастауыш класс оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қо
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қазақ тілінің білгірі
Ойлы бала озар
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 1962 | Қосты: Молдағалиева Бактыгул | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык