Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Таза бұлақ


Таза бұлақ

Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ

Сабақтың мақсаты: Ы.Алтынсарин әңгімесінің мазмұнын меңгерту.

Мәтін арқылы оқушылар бойында ақылдылық, тазалық, 
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Оқушылардың тілін, ой өрісін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сөзжұмақ шешу.слайд.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау, мынасұрақтармен пысықтау.
1.Құстар тордан қалай құтылмақ?
2. Құсбегі тордағы құстардың айтыстарын қайдан білді?
3.Тор неліктен салбырап түсе бастады.?
4.Құс алушы торды не істеді?
- Өткен сабақта тағы кімдердің шығармасымен танысып едік.
- Ы.Алтынсарин.
- Олай болса шығарманың тақырыбын айтып жіберіңдерші?
- Баланың айласы.
- Осы шығармадан көрініс қоялық.
Ы.Алтынсарин туралы не білеміз? Кім айтады?
Ыбырай Алтынсарин кім?
Кімнің тәрбиесінде болған?
Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
-Дұрыс – ақ, Ы.Алтынсарин осы күнгі  Қостанай облысының, Қостанай ауданыда 1841 жылы дүниеге келген. Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жазушы, қоғам қайраткері. Өз әкесі Алтынсары қайтыс болып, Ыбырай жасынан – ақ үлкен әкесі Балқожаның тәрбиесінде болған.
     Атасы Ыбырайды 1850 жылы Орынбор қаласында қазақ  балалары үшін ашылған қазақ – орыс мектебіне оқуға береді. Атасы немересінің жақсы оқып, жан – жақты білім алуына  үнемі қамқорлық  жасап тұрды. Ол мектепті  1857 жылы үздік бітіргеннен кейін үш жылдай хатшы  болып жұмыс жасайды. Осы жылдары  ол  білімін өзінше толықтырды. Дүние жүзінің  ағартушыларының еңбектерімен танысады. Бұл адамдардың өмірі мен қызыметі жайлы кітаптарды, әдебиет, ағарту мәселесіне қатысты газет – журналдарды көп оқиды. Торғайда 1864 жылы мектеп ашылып, Ыбырайдың арманы орындалды. Бұл мектепті ашу оған оңай болған жоқ. Өзіне қарсы шыққандармен күрес жүргізе отырып, ауыл-ауылды аралап, білім беретін мектептің  тиіді екенн халыққа түсіндірді.  Халықтың көпшілігі оны жақтап, көмектесті.
   Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларын зерттеп, орыстық халыққа білім беру  жүйесімен танысты. Оқулқ жазуға әзірлік жасады. Ол жазған қазақ тіліндегі ең алғашқы оқулық «Қазақ хрестоматиясын» 1879 жылы Орынборда  басып шықты. Оған балаларға арналған өлеңдер мен әңгімелер енгізді.
   Біздің кемеңгер ұлы бабамыз Ы.Алтынсарин туған халқына жан аямай еңбек етті. Қысқа ғұмырында  ұрпақтарына үлгі – өнеге боларлық, тәлім аларлық бай мұра қалдырды.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Оқулықпен  жұмыс. а) Таза бұлақ әңгімесін оқып беру.
ә) өз бетімен оқыту
                                        б) жеке – жеке оқыту, рөге бөліп оқыту.
5. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі үш жолаушының пікірлеріндегі нақыл сөздерді тауып, дәптерлеріне жазу.
6. Сөзжұмбақ шешу. 
1. Ы.Алтынсариннің сабырлыққа шақырғандай әңгімесін оқыған едік?
2. Бүгін өтіп отырған жаңа сабағымыздың тақрыбы қандай?
3. Барша қараңқы қазақ елін қандай өлеңмен оқуға шақырды?
4. Орыс жазушыларынан кімнің шығармаларын қазақшаға аударған?
5. Ы.Алтынсарин кімнің тәрбиесінде болған?
6. Ы.Алтынсарин қай жерде дүниеге келген?
7.Сабақты қорытындылау.
1. Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқыды?
2. Бірінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды? 
3.Екінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды?
4.Үшінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды?
5. Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың?
6. Ы.Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?
Сонымен оқушылар бірінші жолаушының пікірінен  адал қызмет істе, жалқау болма, талаптансаң ойлаған мақсатыңа жететінін айтқан. Ал екінші істеген жақсылығыңды міндеп қылма деген, үшінші жолаушы бұлақтың тазалығын айтқан, сенің де көңілің, бойыңда таза болсын деген.
        Бұл әңгімеден, үш жолаушының айтқан пікірінде еңбекқор, талапты болуға, адамгершілікке, тазалыққа, достыққа шақырғанын көріп тұрмыз.
Ы.Алтынсариннің шығармалары оқушыларды қандай тәрбиеге баулиды?
«Таза бұлақ», «Кел балалар оқылық!», - адалдыққа, білімге; «Өнер білім бар жұрттар» - өнерге; «Жаман жолдас» - адамгершілікке, «Әке мен бала» - қанағатшыл болуға баулиды.
8. Оқушыларды бағалау.
9.Үйге тапсырма беру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Ы.Алтынсарин " Әке мен бала"
Салақтық. Ы.Алтынсарин.
СӘУЛЕЛІ ЖҰЛДЫЗ ІЗДЕГЕН АДАМ
«Таза бұлақ» Ы.Алтынсарин
Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин әңгімелері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8194 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык