|
|
Таза бұлақ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ТАЗА БҰЛАҚ
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру, Ы. Алтынсарин
өмірінен мәліметтер беру, балалардың көркем шығармаға деген
қызығушылығын дамыту.
Дамытушылық: Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайта түсу, өз бетінше жұмыс
жасауға үйрету, шығармашылығын дамыту, өзіндік пікір
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, құрметпен қарауға, адамгершілікке,
тазалыққа, үнемшілдікке, судың қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың ұраны: «Көкірек таза болмаса - көз тазасы не керек?» (афоризм сөз)
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық аппарат, сызбалар, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Балалар назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім
- Балаларды сабаққа психологиялық дайындау
Көшелерден біз өткен
Таныстарды көрсем,
Жақын келіп қасына
Сәлем берем ізетпен
1 слайд. Сылдырап аққан өзен суреті(өзеннің сылдырап ағып жатқан дауысы естіледі)
- Балалар суреттен не көріп отырмыз?
- Әсем табиғат, сылдырап аққан мөлдір бұлақ, жап-жасыл дала.
- Сонау арнадан бастау алып сылдырап аққан осы бұлақ бүгінде өзінің ағысын молайтып халыққа қызмет етіп келеді. Сол бұлақпен бірге артында өнегелі сөз қалдырған қазақ халқының ұлы тұлғасының есімі қатар ағып келеді. Ол кімнің есімі кім екендігін білу үшін үй тапсырмасын сұрайық.
2.Үй тапсырмасын сұрау
«Бір кесе меруерт» мәтінінің мазмұнын сұрау, қайталау сұрақтарына жауап алып, әңгімені бүгінгі күнмен салыстыра отырып, өткен сабақты қорытындылау.
- Дұрыс, үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келген екенсіңдер, суы мөлдір өзенмен бірге ағып келе жатқан ұлы тұлғаның есімі Ыбырай екен.
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
2слайд. Ыбырай суреті
3 слайд. Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталу. Атасы Балқожаның баласына жазған хатынан үзінді.
- Ал енді Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқына қандай еңбек етті, ол кім болды білу үшін мынадай тапсырмалар орындап көрейік. Тапсырманы орындауларыңы қарай өз орталықтарыңды таңдап аласыңдар.
1-қатар. «Дала жұлдызы» шығармасынан үзінді дайындау. Үзінді арқылы оның ұстаз болғанын және қазақ балалары үшін мектеп ашып, оқуға шақырғандығын айту.
«Кел, балалар, оқылық» өлеңінен үзінді оқу, ақындығына тоқталу.
2-қатар. «Мақта қыз бен мысық» шығармасынан үзінді қойып оның жазушылық қызметіне тоқталу және жазушы болғандығын айту.
3- қатар. «Қарға мен түлкі» аудармасынан үзінді қойып, аудармашылық қызметіне тоқталу және аудармашы болғандығын айту.
- Өте жақсы балалар, барлығың да тамаша өнер көрсетіңдер, әр топ өз орталықтарының атын алсын.
1-қатар. Оқу орталығы
2- қатар. Жазу орталығы.
3-қатар. Өнер орталығы.
Жаңа сабақ.
- Олай болса бүгін біз халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, ақыл ойшылы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен танысамыз.
4. Ой қозғау.
- Ендеше алдыңғы суретке қайта оралайық. «Таза бұлақ» деген сөзді қалай түсінесіңдер суретке қарап ойларыңды айтып көріңдер.
- лай емес
- тап-таза
- судың ішінде, су астында шөптер, тастар жоқ
Балалар пікірін тыңдау. Тыңдап болған соң орталықтарға осы мәтінді іштей 5 мин оқуға, оқып болған соң бірлесе талдау жүргізіп, пікірін тыңдау. Мәтін мазмұнын талдау.
Енді топпен жұмыс жасап көрейік.
5. Мағынаны тану
7 минуттан соң орталықта талдау жүргізіліп, әр орталықтан бір оқушыдан жауап береді, содан соң орталықтар ауысып отырады. Келесі тапсырма.
Оқ
7 минуттан соң орталықта талданып, бір оқушы жауап береді , оқу орталығынан 2-3 оқушыға оқыту, содан соң орталықтар ауысып отырады.
- Әңгіме мазмұны, не туралы екендігі түсінікті болды ма? Жазылғанына қанша жыл өтсе де әңгіме мазмұны өзінің құнын, маңыздылығын, тәрбиелілігін жойған жоқ., жоймайды да. Ал, енді әңгіме аты айтып тұрғандай таза бұлақ туралы, ал бұлақ - су. Олай болса су-тіршілік көзі. Жер бетінде өздерің жазып көрсеткендей судың қажет емес жері жоқ. Жейтін тамағымызда, тіпті денеміздің көп бөлігі де судан тұрады. Сондықтан 1972 жылдың 22-наурызы дүниежүзілік су күні болып белгіленді.Бірақ осы табиғат байлығын сақтап өз орнымен жұмсамаудың салдарынан адамзатқа келер зиян көп. Мыс: көптеген жіберілген қателер салдарынан бүгінде Арал теңізі тартылып, тұз пайда болған. Олар адамға және жануарларға өте зиян. Сондықтан судың да сұрауы бар екенін үнемі еске алып суды үнемді жинап, таза сақтауға үйрену керек. Су-өмір, су-табиғат еркесі. Олай болса суға қатысты мына тыйым сөздерді еске ұстайық.
Тыйым сөздер:
- Құдыққа түкірме
- Кір жуған суды өзенге төкпе
- Түнде суға барма
- Адамға су шашпа
- Судың бетін ашық қалдырма
- Суды лайлама
4. Дәптермен жұмыс. Тыйым сөздерді дәптерлеріне жаздырту.
- Жақсы, енді осы суға қатысты мына тапсырманы орталықтармен орындап көрейік.
Оқу орт
ІІІ. Қорытынды.
«сумен» өсімдік суарамыз, кір жуамыз, жуынамыз
«сусыз» тамақ піспейді, жеміс піспейді, өмір сүре алмаймыз.
«суды» ішеміз, төкпейміз, лайламаймыз, үнемді пайдаланамыз
Тапсырма орталықта талданып, жауап жазылады, бір оқушы тапсырманы оқып береді.
- Балалар, бүгінгі сабақты әңгіме кестесі әдісі арқылы қорытындылап көрейік. Кестені
толтыру.
ӘҢГІМЕ КЕСТЕСІ
|
|
||
|
|
||
|
|
||
|
|
||
|
|
||
|
|
ІІІ. Қорытынды
Сабақты қорытындылап, бағалау жүргізіп, сабақты аяқтау.
САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Алғашқы қоңырау. Молдағалиев Жайсаңбек. Алматы, «Жалын», 1978
- «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас. Ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет
- Қазақ афоризмдері. Құрастырушы – автор Е. Шаймерденұлы – Алматы, Алматыкітап баспасы, 2008 ж
- Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы: - Өңд. толықт., 3-басылым. – «Арман - ПВ» баспасы, 2004. 2- кітап
- Мектептегі кітапхана №1, 2004 ж
- Ол кім. Бұл кім: төменгі класс оқушыларына арналған 3 томдық энциклопедия. Бас.ред. Р.Н. Нұрғалиев. – Алматы: Қаз.сов.энцикл. Бас.ред., - 1985, 1986. 3-том.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |