Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тістің құрылысы және гигиенасы.


Тістің құрылысы және гигиенасы.

      Тістің құрылысы және гигиенасы.

     Сабақтың  тақырыбы:  Тістің құрылысы және гигиенасы.

     Сабақтың мақсаты:    1. Білімділік. Оқушыларға  тістің құрылысы, тістің                              эволюциясы және  гигиенасы туралы кең  көлемдегі түсінік                                  беру.

  1. Дамытушылық. Қосымша мәліметтер беру арқылы  оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып,танымдық ой-өрісін дамыту.
  2. Тәрбиелік.  Оқушылардың   тісті күтуге, тіс  ауруларының  алдын алуға және  гигиеналық тәрбие беру.

     Пәнаралық байланыс:  Химия, математика, қазақ тілі.

     Сабақтың   көрнектілігі:  Слайдтар, тірек-сызбалар, суреттер, тест                                                           тапсырмалар, мақал-мәтелдер, топпен жумыс,                                                        бес  жолды  өлең.

     Сабақтың типі:   Жаңа білімді  меңгерту.

     Сабақтың түрі:    Жаңа сабақ.

     Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап.

      Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі.

                                           а).  Оқушылармен сәлемдесу.

                                            б).  Түгелдеу, журнал толтыру.

                                            в). Қажетті  құралдардың қол  астында екенін бір                                                     шолып өту.  

  1. Үй  тапсырмасын  сурау.

1. Қызығушылығын ояту. Слайд №2.»Терминдер кабинеті».

     а). Асқорыту  жүйесіне жататын  мүшелерді атаңдар.

     б). Ауыз қуысының   құрылысы қандай?   (1)

     в).  Жұтқыншақ құрылысы қандай?            (2)

     г).  Өңештің  құрылысы  қандай?                 (3)

     д). Асқазанның  орналасқан орнын және құрылысын сипаттаңдар.    (4)

     е).  Аш  ішек  қандай  бөлімдерден тұрады?      (5)

      ё). Тоқ ішектің құрылысы қандай?                     (6).

       Слайд №3. Нақты сандар кабинеті.

         а)  Сандарға анықтама беру.

         11-13 см   ересек адамның жұтқыншақтын ұзындығы.

         25 см   өңештің ұзындығы іші қуыс  бұлшықетті мүше.

         5,5-6 метр,бұл адамның аш ішектің ұзындығы.

         25-30 см,  аш  ішектің  асқазаннан басталған  бөлімі -ұлтабар.

         1,5-2 метр, тоқ ішектің ұзындығы  аш ішектең екі еседей жуан.

         7-8 см-дей  құрт пішінді тұйық өскін соқыр ішек болады.

  1. Жаңа сабақ.  Слайд №4.

1. Жұмбақ шешу  арқылы жаңа сабақтың  тақырыбы ашылады.

                    Отыз екі  мықты,

                     Қаз-қатар боп шықты.

                     Он  алтысы үсті,

                     Он алтысы  асты.  (тіс)

2. Тістің  құрылысы және гигиенасы.  Слайд №5.

   Әрбір  жеке тістің  сауыты, мойны және  түбірі болады. Тіс  сауытының сырты жылтыр  кіреукемен ( эмаль) қапталған. Кіреуке адам  денесіндегі ең  қатты ұлпа.  Оның  бір  шаршы  милиметр ауданы 400 кг-дай  салмаққа  төтеп береді. Кіреукенің  бұл  қасиеті, оның  құрамындағы  бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің  95% кальций фосфатының  қосылысынан тұрады. Бұдан басқа  оның  құрамында  Ғ.Си, Zn,Ғе, Si және т.б. заттар кездеседі.  Тістің қызылиектен шығып  тұрған  бөлігі -тіс сауыты.  Тістің келесі бөлімі-мойны.  Тіс мойны   арқылы  тіс ұяшықтарына цемент заты  арқылы бекиді. Тістің  үшінші бөлімі-түбірі. Тістің түбірі  жақ  сүйектеріндегі  арнайы ұяшықтарда орналасқан.

    Ауыз қуысына  түскен  тағам алдымен  тістердің көмегі арқылы  шайналып ұсақталады да,  сілекеймен араласады.  Ауызда толық  шайналған, әрі сілекеймен  шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді.  Адамның  да тістері басқа сүтқоректі  жануарларға  ұқсас  жеке топтарға бөлінеді. Олар пішіні мен  қызметіне қарай күрек тіс, сойдақ тіс, кіші және үлкен азу тістер.

                   Тістің формуласы. Слайд №6.

  1. Күрек  тіс ( Incisivi )-i, инсизиви.( латынша)
  2. Сойдақ тіс ( canini )-c,   канини.
  3. Кіші азу тіс ( praemolaress )- pm,  праемоларесс.
  4. Үлкен  азу тіс  (  molaress )- m,моларесс.

   Ересек  адамдарда 28-32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және  астыңғы жақ  сүйектеріндегі арнайы тіс  ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар. 

    Сәби дүниеге тіссіз келеді.Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістері шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер. 6-7 жастан бастап сүт тістері  түсіп, орнына тұрақты тістер шығады.12-14 жаста  толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең  соңғы үлкен  тістер 18-20 жаста шығады. Оларды кеш шықандықтан « ақыл тістер» деп атайды.

    Мұғалімнің сөзі.  «Тіс бүлінді дегенше,іш бүлінді.Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді»  деген сөздер тістің  ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

 Бұны екі жақ сүйектің бір  жағындағы тістер көрсетілген тіс формуласымен  білдіруге болады:    Слайд №7.

                             8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8

                             8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8

        Тісіңіз  бүлінсе.

   Өмірінде тісі ауырмаған адам  кемде-кем  шығар. Әсіресе, кариеспен ( тіс  эмалінің бүлінуі) ауыратындар көп. Осы сұрақ  төңірегінде  зерттеу жүргізген ғалымдар күні бүгінгі дейін тістің  бүліну себептерін тәттіні көп қолданудан, ыстық-суықтан, тісті дұрыс  тазалай алмаудан деп  түсіндіріп келген еді. Ал таяуда тіс бұзылуының басты себебі- ішкі ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуінен екені  анықталды. Адамда  32 тіс болатыны мәлім, 16-сы жоғары,16-сы төменгі жақта. Дәрігерлер, осы тістерді 8 ден бөліп,нөмірлейді. Яғни, алдыңғы тістер сол жаққа қарай 8, оң жаққа қарай 8, барлығы -16. Осы тістердің  дәл ортадағы екеуін 1-ші деп белгіленген, әрі қарай  ретімен кете береді. Міне,осы 1-ші және 2-ші тістердің бүлінуі қуық пен бүйректе, құлақта кінәрат барын білдірсе,3-ші тістердің  бұзылуы бауыр мен өттің жұмысы дұрыс еместігін аңғартады екен.4-ші тістер бүлінсе,өкпе мен тоқ ішекте ауру болғаны,6-шы тістердің бүлінуі асқазан мен асқазан асты безінің  жұмысы  бұзылғанын білдіреді. Ал 8-ші тістердің бүлінуі жүрек пен аш ішектің жұмысы бұзылуынан хабар береді екен.

    Асқазан мен аш ішекте  жара болса, көбіне  пародонтоз пайда болады. Асқазан   жарасы кезінде тісте тас  түзіледі. Қысқасы, тістің жай-күніне қарап ішкі  ағзаны  қай мүшесінде ауру пайда болғанын аңғаруға болады.  Егер  белгілі бір тісті емдеткен  соң ол  қайтадан ауырса, оны сол  тіспен байланысы бар ағза мүшесіндегі аурудың асқынғаны деп  түсінген жөн.

     Мысалы, бас  сақинасы ұстап жүретін адамдардың тісі тіс жегісімен зақымданған. Бұл кезде тістің  өзі ауырмауы мүмкін.Ал оның  себебін адам тұмаудан, суық тиюден, магниттік өрістің ауытқуынан, тағы да басқа жайсыздықтардан көріп жатады. Мұндай кезде бас ауруы бүкіл басты қамтығандай әсер береді. Сонымен қатар, кейде сап-сау тістің ауыратын кезі болады. Ал оған көбіне қан  қысымын қалыптап ауытқуы себеп болады. 

                               3.   Тістің гигиенасы. 

      Тісті сау қалпында  сақтау үшін әрбір  тамақтанғаннан  кейін ауызды шайып,тісті  тазалау қажет. Әрбір адамның  жеке басының  тіс щеткасы болуы тиіс.                  

        Тіс ауырса, іш  ауырса,

        Саған дәрі береді.  

         Балаға да, анаға да

          Мейірімін төгеді.   Ол  кім?  ( дәрігер).

                                 Тістің жадыға әсері.

         Есте сақтау қабілеті тістердің санына байланысты екенін жапондық ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Олардың зерттеу нәтижесі ғалымдардың өздерін таң  қалдырды.Тіс дәрігерінің орындығына отырып,өзіміздің есте сақтау бөліктерінен айырылып жатқандығымызды кім ойлаған?

         Швед мамандары 35 жаспен 90 жас аралығындағы 1960 адамға тәжірибе  жасаған.Түбірлі тістерді жұлған адамдарда жадының нашарлайтындығын байқаған.Тіпті бұл құбылысты жануарларда да байқауға болады.Осылай  швед ғалымдары тіс пен жады қызметінің арасында байланыс бар екенін анықтаған.

          Профессор Ян Бегдахлдың айтуынша: «Тістер тек қана тағамдар шайнау үшін ғана емес,ми қызметтерін сақтап және қолдап отырады» Тіс өзімен босап түссе,онда ол жартылай тауқымет болар еді.Ал жадының әсеріне тісті зорлап жұлу қатты ісер етеді.

Содықтан сіздер тісті күте біліңіздер.Тіс жегісі ауруына ұшырап қалған жағдайда бірден жұлдыртпай емделіңіздер.Әрбір тіс сіздің есте сақтау қабілетіңіз,оны біліп қойыңыз!

 

 

  Дәптермен жұмыс №211.  Төмендегі ұғымдардың  анықтамасын жазыңдар.

    Кестемен жұмыс    №212.

   Кестедегі тіс топтарының құрылыс ерекшеліктеріне  қарап,екінші    бағаннан          сәйкес  жауапты  табыңдар:

     Құрылыс  ерекшеліктері                                                    Тіс топтары.

  1. Үстіңгі беттері кедір-бұдырлы                               А. Сойдақ тіс.     

  2. Үстіңгі беттері  біртегіс  жалпақ                             Б.  Азу тістер.

  3.  Үстіңгі ұшы үшкірлеу                                            В.  Күрек тістер.

        Жауаптары: 1. Б.   2. В.   3. А.

            Білімді бекіту: 

     1-топ тапсырма. Тіс туралы мақал-мәтелдер.

      Темекі тарту тістің ерте түсіп қалуына себепші.

       Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы  жағдайларының барлығына  темекі себепші.

     Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғайу, тіпті  қарайу құбылысы пайда  болады.

       Темекі  шегу   тістің түсуі мен пародонтозға   шалдықтырады.                                                                                                                         

     2-топ.  Бес жолды   өлең.

  1. Зат есім.                 Темекі
  2. Сын есім.                Зиянды, ұлы.
  3. Етістік.                            Сарғайады, қарайады, бүлінеді.
  4. Сойлем.                Темекі денсаулыққа зиян.
  5. Синоним.                Шылым.

     

 

                                      Пайдалы кеңес

  • Дәрігерлердің жорамалдауынша адам бала кезден ішкен тағамы ми жасушаларының қалыптасуына тікелей ықпал ететіні байқалған.Ол,әрине,бірден білінбейді. Жасы ұлғайғанда ми қызметінің бұзылуы бала кезде ішкен астың жұғымсыз болғанынан көрінеді.
  • Дәл уақытында ішкен тағам бронхит,эмфизема ауруларының дамуынан сақтандырса,кейбір тағамдар адам бойындағы түрлі бактерияларды,вирустарды дәріден кем жоймайды екен.Жұғымды тағам аллергиялық  тұмауды әлсіретеді,кетіреді.
  •  

                     Тіс  ауруларынан сақтану  жолы.

  1.      Тісті күніне екі рет тазалау.
  2.      Тамақтан соң әр  уақытта тісті  шайып  тұру керек.
  3.      Жылына екі рет тіс  дәрігеріне  көрініп тұру керек.
  4.     Тіс  щеткасы  біртегіс жұмсақ қылшықты  болу керек.
  5.     Тамаққа қатты өнімдерді  пайдаланбау керек.
  6.     Тіс  щеткасы қатан түрде әр  адамда  жеке  болу керек.
  7.     Тісті барлық  жағынан тазалау керек, тазалау уақыты 3 минут          болу     керек.     

     Қорытынды:

                      1.  Денсаулықты қорғайықшы,қорғайық

                         Әдептен біз озбайықшы,озбайық!

                        Табиғатты қорғап жүріп бәріміз,

                        2030-ға Сыйлық етіп жолдайық

                      2.Ата-анамыз, ұстазымыз,

                         Бір тілек айтарымыз.

                        Берекелі заман болсын,

                       Балаларын аман болсын.

  1. Бүгінгі  ашық сабағымыз,

Денсаулық  жайлы сөз еткен.

Көп нәрсені ұғып алдық,

Кетпейтұғын мәңгі естен.

  1. Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында.

Денсаулықтарыңыз мықты болсын,

Жанұяларыңыз   қуанышқа толсын.

 Үйге тапсырма: 43 бет. 138-141.  « Егер мен тіс дірігері болсам» тақырыбына эссе жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адам ағзасы біртұтас құрылым
Ас қорыту жүйесі бойынша қорытындылау
Ас қорыту мүшелері
Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ас қорыту тарауын қайталау
Ас қорыту жүйесі
Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Ішек-қарын ауруларының алдын алу
Тістің құрылысы және гигиенасы.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 10378 | Қосты: Зияданова Любовь Саменканова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык