Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 3066 |
|
|
|
Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Тақырыбы: Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Сабақтың мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту. Қол жуу мен тіс тазалау туралы түсінітерін кеңейту.
Білімділігі: Балаларды ұқыпыты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру. Тіс туралы түсініктерін кеңейту, тістің ауыртан жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым-қатынастарын қалыптастыру.
Тәрбиешілігі: Тісті күніне екі рет жуу. Тәңертен, кешке. Әр адамның жеке тіс щеткасы болу қажет.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі: Дамыта оқыту. Тәй-тәй бағдарламасы.
Қолданылған әдіс-тәсіл: ойын, сөздік, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сызба арқылы.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, ғажайып кезең, дәрумендер, дидактикалық ойын.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен,
Тәңертен де кешке де,
Жуын күндіз-кешке де,
Жуын күндіз-түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын түрған мезгілде.
Тәрбиеші: Ақ халатты киемін
Тазалықты сүйемін,
Дертке дауа іздеймін,
Шаршауды еш білмеймін.
2. Балалар су туралы не білесіңдер?
Мақал-мәтел
а) Сусыз өмір жоқ
б) Судың да сұрауы бар
Тақпақ
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтын досы
Су дегенің осы
Тақпақ
Ас ішіуге тұрайық
Қолымызды жуайық
Сабын, суды аямай
Тазалықты ұғайық
в) Жалқаубек жағын ұстап жылап кіреді.
- Жалқаубек саған не болды?
- Тісім ауырып тұр
- Ол неге ауырады?
- Білмеймін
- Тісіңді уақытында тазалайсың ба?
- Жоқ
- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар Жалқаубектің тісі неге аурады?
- Тісті уақытында тазаламағандықтан, тамақтан соң ауызды шаймағандықтан, тәттіні көп жегендіктен, тіс дәрігеріне уақытында қаралмағандықтан
Тісті күту
Ішсен де айран, жалғыз шай,
Тамақтан соң ауыз шай
Балалар Жалқаубекке тісті қалай дұрыс күту керектігін түсіндірейік
а)Тісті екі рет жуу керек
Тәңдертен де кешке де
ә) Тіс дәрігерне жылына екі рет қаралыну керек
б) Тәттіні көп жемеу керек
в) Жаңғақты тіспен шақпау керек
г) Әр адамның жеке щеткасы болу керек
Жұмбақ шешу
Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп, қамалып жатыр? (Тіс)
Балалар тіс туралы қандай тапқпақ білесіңдер?
Тақпақ
Алғашқы тіс сүт тістер
Түсіп бірге тынады
Алты жастан нық тістер
Тұрақты тіс шығады
Атқаратын қомақты
Ауыз қуыс ісі бар
Ұстайтын тамақты
Отыз екі тісі бар
Тазалап жүр тісіңді
Кішкене де ыңғайлы,
Тіс щеткасын пайдалан
Тазалауға болмайды
Щеткасымен басқа адам
Жалқаубек пен бірге слайд көру.
Тісті қалай жуу керектігін көрсету сурет арқылы.
10 рет жоғары төмен
10 рет ішкі жағын жуу, жоғары төмен
- Жалқаубек тістерін ауырмау үшін енді не істеу керек екеніндігін түсіңдің бе?
- Түсіндім. Енді әрқашан тісімді күнніне екі рет жуамын.
Бүгін біз З орталықпен жұмыс істейміз
Ғылым орталығы
Тістерді бақылау.Үлкен адамдардаотыз екі тіс бар екені және осы тістердің көмегімен тамақ шайналатын жөнінде түсінік беру. Тіс арқылы тағам ұсақталынып,қортылады.10 жасқа келгенге дейін балардың сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер өсетінін айтады.Неғұрлым сүтті көп ішсендер, соғұрлым тіс мықты болады, сәбіз, қырыққабатты міндетті түрде жеу керек оның құрамында пайдалы дәрумендер көп.
Өнер орталығында
Өткен сабақта мүсіндеген тіс пастасын бояу.
Кітап орталығында.
а) Жұмбақ шешу
Өзі аппақ маржандай
Тамақ өтпес шайналмай (Тіс)
ә) Тақпақ
Тіс болмаса
Асты қалай шайнарсың
Тісті күнде екі рет
Тазартуды ойларсың
б) тіс туралы талдау
в) дидактикалық ойын «Не артық»
Жеке гигиена қатысты емес заттарды дөңгелектеп көрсет.
Орталықтармен 6-7 минут сабақты өткізу.Қоңырау соғу арқылы ортаға жинау.
Сергіту сәті.
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз
Саз жетекшінің көмегімен жаттығулар жасау
1.Фишка арқылы орындарын ауыстыру
Қортынды:
2. Сергіту сәті ойын «Жақсы жаман»
Мен тісімді күнніне екі рет жуамын (Жақсы)
Мен тәттіні көп жеймін (Жаман)
Жалқаубек келеді. Таза киімде.
Жарнама
Алмадан ‒ сәбіз, қырыққабат, сүт, дәрумендер шығады.
Келген қонақтарға жүрек жылуын сыйлайды. Балаларға арнап «Ақ маржан күлкісі» сертификатымен мараппаттау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |