Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ


ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

«ЖАҢА  АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕСІ»

Жоспары:

1.Жаңа ақпараттық технологияларды тиімді  жүргізу –  бүгінгі                                                 күннің өзекті мәселесі.
2. Математика  пәнін  оқытуда   ақпараттық  технологияны   меңгеру .
3.Жаңа  ақпараттық технологияны математика  пәнінде  қолдану.

       Білім  сапасын арттырудың бірден - бір жолы – деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу, бүгінгі күннің  өзекті  мәселесі. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана, қол жеткізе аламыз. Жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа технология студенттің  өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы  студенттің білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.  Тапсырмалардың мұндай түрлері  студенттің  іс-әрекеттік  компетенттік тәсілге бейімделуіне мүмкіндік береді. Сондықтан да  студенттің білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың  жаңа  технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында  студенттің сабаққа деген  қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. 
         Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік,  рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің  өзекті  мәселесі.
         ХХI ғасыр − ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына − ақпараттық қоғамға аяқ басты. Бүгінгі жаһанданған әлемдегі технологиялық инновацияның шарықтаған заманында: интернет, спутниктік байланыс арқылы мәтін, аудио, видеоақпараттардың тез арада әлемге таралуы. 
   Білім беруді ақпараттандыру жағдайында ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қоғамда ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуына байланысты оқу үрдісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етуде. Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компью тер мүмкінділіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Ақпараттық қоғам студентің тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері мен әдістерін одан әрі жетілдіру жұмыстарын компьютерлендірумен тікелей байланысты жүргізу қажет. Студенттің ақыл ой ауқымын кеңейтуде, дамытуда, білім алу мен түсіну үрдістерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оны дербес пәндер бойынша оқытудың әдістемелік жүйесіне компьютердің көмегімен енгізіп, оны жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру өмір талабынан туындап отырған жайт.
       Математика  пәнін оқытуда қолдану мүмкіндіктері өте мол. Математика пәнінің оқыту әдістемесіне көмекші құрал ретінде компьютерді қолдану көптеген әдістемелік өзекті мәселелерді тиімді шешуге жағдай жасайды.  Атап айтсақ,  ExceI  программасымен графика түрғызу. Ақпараттық қоғам – еңбек адамдарының басым бөлігі ақпаратты сақтау, өңдеу және тарату істерімен, әсіресе ақпараттың ең жоғарғы формасы болып саналатын білім беру ісімен айналысатын қоғам.  Қазіргі таңда  информатика, математика  сабақтарында түрлі компьютерлік тесттер, оқулықтар арқылы білімдерін бағалап жатырмыз. Электрондық оқулықтар арқылы күнделікті сабақтарды да жүргізіп жатырмыз. Пән мұғалімі компьютер арқылы өз қиялдарымен, өз білімдерімен және компьютерді қаншалықты меңгергендігін тест құру арқылы шыңдайды. Жоғарыда айтылып өткендей әр түрлі мәтін құру, мәтінге аннотациялық талдау, сұхбат құру сияқты шығармашылық жұмыстар болады. Осындай сабақтар шәкірттерді халықтың салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеумен бірге олардың шығармашылық және тұлғасын қалыптастыруға, жеке ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын, интеллектуалдық қабілеттерін  дамытуға, алған білімдерін өмірде пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.  Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргі жаһандану дәуірінде сабақ үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды   жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интеграцияларды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық технологияның міндеті –студенттердің білімге қызығушылығын, ізденушілікке баулу. Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен нақты әдіс тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қалыптастырылады.
«Математика сабағында студенттердің білімін» тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ыңғайына қарай әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізілген кезде, студенттердің сабаққа деген қызығушылығы да арта түседі. Сабақ мазмұнын теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен мұғалімнің дайындығымен жоғары деңгейде өтеді. Пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды  ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен студенттермен шығармашылық ізденуін қалыптастыру, студенттерге сұрақ қою, жұмбақ жасыру, шешу, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқу жүйесін тиімділендіру үшін жаңа білімді меңгеру кезінде компьютерлік презентацияны оқу ақпаратының қайнар көзі және көрнекі құрал ретінде қолдануға және жаттықтыру бағдарламаларын қолдану арқылы студенттердің   зерттеу әрекетінің негізінде  өз бетімен білім алуға мүмкіндік беретін зерттеу сабақтарын өткізуге болады. Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істерін бұрынғы тәсілмен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек. Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты: Қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы байланыс . Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; Студенттер орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту. Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан сабақ жүргізу кезінде жаңа оқыту технологиясын пайдалану қажет. Оқу материалының міндетті деңгейін тез меңгертуге қабілетті студенттер үшін математика курсының жеке тақырыптары бойынша жаттықтыру және бақылауға арналған бағдарламалар бар. Мұнда студенттер компьютермен жеке жұмыс жасап, тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін қиындық деңгейі жоғары жаттығуға көшеді. Бұл әрекет оқушылардың бос отырмай, өз ісімен айналысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың қызығушылықтары артады. Қолданылатын оқу бағдарламасында есептер қиындық деңгейі бойынша  құрастырылған, есептер суреттер, графиктер, мысалдармен берілген. Есеп шығару кезінде студент есептің дұрыс шығарылғандығын, қатесін экраннан көре алады. Студент білімін бағалау кезінде жеке тақырыптарға, бөлімгерге арналған тестік сұрақтарын пайдалануға болады. Компьютердің көмегімен тестік бақылау дәстүрлі әдіске қарағанда студенттердің білетінін немесе білмейтінін тез анықтауға мүмкіндік береді. Математика сабағында компьютерді пайдаланудың тиімділігі:
-      Студент уақытын үнемдейді;
-      Студент  өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
        Студенттің  ойлау қабілеті артады.
        Қорыта айтқанда, XXI ғасырда студенттердің жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге белгілі.  Сондықтан, ұстаз алдындағы ортақ міндет – заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Соның бір жолы – сабақ кезінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалану.  Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ақпараттық даярлықты жетілдіру жолдары. //Қазақстан мектебі. – Алматы, 2010. –№1. – –Б. 14-18.
2.Ақпараттық-компьютерлік технологиялардың болашақ мұғалімдерді даярлаудағы рөлі. //Қазақстан жоғары мектебі. – Алматы, 2010. 
3. Информатика негіздері  журналы  № 2,  2010жыл 
4.Математика  және  физика журналы № 5,  2009 жыл


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Жаңа технология – сапалы білім кепілі
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Жаңа технология түрін қолдану
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6618 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык