Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4837 |
|
|
|
Жаңа педагогикалық технологиялар туралы
Жаңа педагогикалық технологиялар туралы
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғнипедагогикалық технология ұғымыіс-әрекетімізгекеңінененіп, қолданылуда.
Инновациялық технологиялардың ішінде өзіндік орны бар технологияның бірі – дамыта оқыту технологиясы болып отыр.
Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім – тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.
Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуынкөздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Деңгейлеп асыру технологиясы.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналады. Олай дейтініміз бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқытудың жаңа технологияларының бірі мектептерде қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.
Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік психологиялықтанымынсұранымен ескеру талап етіледі.
Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең – оқулықтағы жаттығулар өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік грамматикалық жұмыстар жүйесі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімдіілігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту баоысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлеп оқыту оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. «Сыни ойлау»анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады.Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайдвы, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы: оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.
Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзімдікі етіп қабылдауңға толық құқығымыз бар. Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады, бұл біздің құқығымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басында түк жоқ болса ойлау қиын болады» деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактірлер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәоіметтер секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады. Кейбір оқушылардың өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды: оқушылар ең қиын деген түсініктерді қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.
Үшіншіден сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның не екенін білуге құмартамыз.
Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің кез келген кезеніңде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпынысымен сипатталады.
Төртіншіден сыни тұрғыданойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Ойымызды қорыта келсек: инновация жаңалық енгізумен байланысты. Бірақта зерттеушілердің айтуы бойынша кез – келген жаңалық әрқашанда да жоғары нәтижеге көрсете бермейді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |