Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқытудағы жаңа тәсілдер


Оқытудағы жаңа тәсілдер

        Оқытудағы жаңа тәсілдер

      Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс –тәсілдерді , жаңаша идеяларды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтар мен кедергілер мен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

     «Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан» білім беруге кембридждік әдістің тиориялық негізін оқып , оқытудың жаңаша әсіс-тәсілдері 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына  сезіндім.

     Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы,  орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін  жеке тұлға. Бұрынғы кезде мұғаліммен оқушы қарым-қатынасында «субъект-объект» бағытында болса,қазіргі кезде оқушы тұлғасын дамыту қарым-қатынасында «субъект-объект»  «тұлға-тұлға»  бағытын ұстану керек.  Қазіргі оқушы дүниетанымдық қабілетін жоғары, дарынды, өнертапқыш, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс. Осындай қасиеттерді оқушының бойында қалыптастыратын қазіргі мұғалімнің бойында мынадай қасиеттер болуы тиіс: педагогикалық өзгерістерге тез төселе алатын, педагогикалық үрдісте жұмыс істей алатын; жаңаша ойлау жұйесін меңгере алатын; оқушылармен тез тіл табыса алатын; білімді шебер, ісекер. Ал жүйелі білім беру мен оқушыны жан-жақты дамыту инновациялық технологиялардың бүгінгі таңдағы рөлі өте жоғары.

     Ал, Кембридждік бағдарламаның мазмұны 7 модуль  аясында оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді зерделеу болып табылады. Олар өзара байланысты болады; оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және  оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық –қомуникациялық технологияларды қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқуды басқару және көшбасшылық.

      Мектеп жағдайында яғни күнделікті оқыту тәжірибесінде алдын ала жасалған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарына модульдерді енгізу және жаңа тәсілдерді қолдану көзделеді. Мұғалімдер сабақтар топтамасы кім үшін жоспарланғанын, нені үйрету керек екенін және бағалаудың қандай әдістерін пайдалану қажет екенін ескере отырып, орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасайды. Ол үшін арнайы кстені пайдаланады.

      Орта білім беру жүйесінде бұрыннан қолданып келе жатқан оқыту- дәстүрлі стиль. Ол дайын білімді беруге негізделген, яғни мұғалім үйретеді, көрсетеді, түсіндіреді, келесі сабағында оқушыдан сұрайды, бағалайды. Ал Кембридж тәсілінің негізгі сындарлы оқытуға бағытталған.  Сындарлы (конструктивті) оқыту тиориясы білім беру саласында әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдісі. Оның мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білу болып табылады. Оқыту процесінде сыныпты топтарға бөліп оқыту  көзделеді. Топтық жұмыс жасар алдында оқушылар бірлесе отырып жасаған ережелерді басшылыққа алады. Мысылы:  Уақытқа бағыну. Қысқа да нұсқа сөйлеу. Сөйлеушіге құрметпен қарау. Өзгенің пікірін тыңдау. Басқаға кедергі келтірмеу. Әділ бағалау.т.б. Сабақта интербелсенді тақтаны қолдану, компьютерге жұмыс жасау, интернет желісіне қосылу мен қатар оқудың жаңа әдіс-тәсілдері «диалог арқылы оқыту» мен «қалай оқу керектігінүйренуді» пайдаланамыз. Бұл әдістер оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинауға және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Сыныпта кейбір балалардың әңгімеге қатысуға құқықтары азнемесе ойын айтуға дәттері бармайды. Ал топпен жұмыс жасағанда бұл балалр оқшау қалмай, топқа кірісіп кете алады. Берілген тапсырмаларды орындауда  оқушы сұхбаттасады, талқылайды,  ойын еркін жеткізе білуге мүмкіндік алады немесе берілген тапсырма бойынша ойын А-4 қағаз бетіне түсіріп көрсетеді, яғни постер жасап, ойын баяндап қорғап шыығады.  Балалр бірін-бірі тыңдап, қошемет көрсетіп бағаландырып отырады. Бағалауды әр сабақта түрліше ұйымдастыруға болады: балдық жүйемен , баға көрсеткіштермен, бағалау парақшалармен, житондармен смайликтермен т.б. Мұндай жұмыстарда баланың өзіне деген сенімділі артады, ойын ашық айтуға мүмкіндік болады, көшбасшылыққа ұмтылып сабаққа қызығушылығы артады. Педагогика өздерімізге бұрыннан таныс СТО технологиясы Кембридж бағдарламасының бір модульі ретінде қарастырып,  оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Тапсырмаларды СТО технологиясының түрлері мен орнату, оқушының танысдық белсенділігін арттырып, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластарына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешеу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

    Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап әңгімелесу, доолог болып табылады.

    Барлық мұғалім балалрға білім беруді барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Еліміздің көркеюі  үшін оқушылардың дарындылығы, таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Баланың оқуы, зейіні, ойлауы, сөйлеу дағдылары жас ерекшеліктеріне қарай байқалады. Сыныпта жас шамасында айырмашылық бар балалардың даму деңгейі әр түрлі болады. Сондықтан мұғалім жасерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуды тиімді іске асыру жолдарын да қарастырылатын болады. Мұғалім оқытуды басқара отырып, өзін көшбасшы ретінде таныта білуі тиіс.

    Л.С.Шульманның ілімі бойынша «Мұғалімнің үш көмекшісі бар: бас, қол, жұрек» деп атаған қасиеттер болғпн жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Әрбір бала- жұлдыз, оның жұлдызын жарқырата білу ұстаздың басты міндеті. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Информатика пәнінен рефлексивті есебі
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР – БІЛІМ БЕРУДІҢ КІЛТІ
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Қазақ тілі пәнін оқытуда модульдердің кіріктірілуі
Қазақ тілі пәнін оқытуда модульдердің кіріктірілуі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4574 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык