Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3637 |
|
|
|
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жануарлар тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру,жануарлар тіршілігін сақтау- табиғаттың өзі қалыптастырған бейімділік екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру , сөздік қорларын байыту, шығармашылық іденіске бағыт беру.
Тәрбиелігі: жануарлар арасындағы қамқорлықты негізге ала отырып сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: ой шақыру, ой қозғау, топтастыру,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі: жануарлар суреті,түртіп алу кестесі,сызбалар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Кезекші жауабы.
2.Оқушыларды сабаққа даярлау.
Өтілген материалды еске түсіру.
«Жануарлар тіршілігі» бөлімі бойынша шолу жасау.
1. Қыс мезгілінде жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
А)қоян, түлкі,қасқыр;
Б)аю,борсық,кірпі.
2.Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды ата.
3.Жорғалаушылыр, бунақденелілер,қосмекнділер тіршілігінде суық түскенде қандай өзгерістер болады?
4.Көзі жоқ ,өмірі жарық көрмейтін жануар.Оған жарық керек пе?Қорегін қалай тауып жейді?
5.Шөлге төзімді жануарлар.
6.Жыртқыш қорегін қалай аулайды?
7.Сәйкестендір.
Қанқыз бүркеніш
Көбелек сақтандырғыш
Қарашыбын қорғаныш
8.Аңдар неге жуынады?
9.Бунақденелілер иісті қандай мүшесімен сезеді?
10.Көбелек тамақты ң дәмін қалай сезеді?
11.Құстарға өз тұмсығының маңызы қандай?
12.Жануарлардың ұрпақ қалдыруы туралы әңгімелеп бер.
Жаңа сабақ.Кіріспе.
«Ой шақыру».Қайырымдылық деген не?(оқушылардың жауабы тыңдалады)
«Топтастыру»
Достық
Жанашырлық Қамқорлық
Қайырымдылық
БауырмалдықКөмек беру
Мейірімділік
2.Адамдар арасындағы қайырымдылықты әңгіиелеу
-Қайырымдылық тағы нелердің арасында болады?
Жаңа сабақты түсіндіру.
А.Тоқылдақтардың құстарға қайырымдылығы .
Б.Қоянға түлкінің қайырымдылығы туралы әңгімелеу.
Суретпен жұмыс.
а)Суыр,арқар,шақшақайдың бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етуі,
ә) Адам мен жануар арасындағы қайырымдылық.
б)Жануарларды қорғау- басты міндетіміз.Қазақстанның Қызыл кітабында қорғауға алынған жануарлар тіркелгені туралы айтып өту.
Деректер мен дәйектер.
Дельфин.Дельфин сүтқоректі жануар,суда өмір сүреді.30-40-тан үйір болып жүреді.Суға батқан адамға жәрдем береді.
Қарлығаш-еңбекқор құс.Қарлығаш есімді қыздар көп.Адам үй салуды қарлығаштан ,өрмек тоқуды өрмекшіден үйренген,-деп Демократ айтып кеткен.
«Қарлығаштың ұясын бұзған адамға қырық түрл і пәле жолығады» деген жорамал бар.
Аққу-көлдің көркі.Аққу жүзген көл таза.Қыз балалар сәнденіп ,таза жүруді аққудан үйренген.Аққу туралы қанатты сөздер бар.
«Аққуды атпайды,киесі ұрады» , «Аққумен дос болсаң,жүрген жерің пәк болар».
б) Жануарлар арасындағы өзара қайырымдылық қатынас.Құмырсқа тіршілігі.(қосымша түсінік)
Сен білесің бе? (мақал-мәтелдер)
-Достық, қайырымдылық,мейірімділік туралы мақал-мәтелдер.
1.Біз деген-көмек,
Сіз деген-әдеп.
2.Қайыр қылсаң бүтін қыл.
3.Қайырымсыз сұңқардан,
Қайырымды тұрымтай артық.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: 1Мәтінді оқу, түсіну.
2.Қайырымдылық туралы әңгіме жазып келу.
Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |