Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы.


Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы.

Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға табиғаттағы жануарлардың алуан 
түрлілігін ұғындыру.
б) дамытушылық: Қазақстанда кездесетін жануарлар туралы мәліметтер 
жинау арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілетін 
дамыту. 
в) тәрбиелік: Оқушыларды жануарларды қорғауға, олардың 
пайдалы екенін түсіндіре тәрбиелеу, 
ізденімпаздығын арттыру.
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақ түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың өту әдісі: Топпен жұмыс, салыстыру, баяндау, танымдық 
ойындар.
Пәнаралық байланыс: Жануартану, өсімдіктану, сөз пәні.
Сабақтың көрнекілігі: 1.Жиналмалы кітапша,
а) Тірі организмнің түрлері.
ә) «Қызыл кітап»
б) Үлестірме кеспелер.
в) Бір клеткалы жануарлардың суреттері.
г) Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. Кітаптар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 
-Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
(оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру)
ІІ.Білім, білік, дағдыны тексеру.
І.Тірі организмдер туралы жинаған мағлұматтары жайлы ізденісін көрсету.
ІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында ойын ойнату. «Бәйге» ойыны.
1.Флора және фауна дегеніміз не?
2.Өсімдікке де жануарларға да тән белгісі бар организм.
3.Биосфера дегеніміз не? 
4.Биосфера шекарасын ата.
5.Тірі организмдердің айырмашылығын ата.
6.Жануарлармен қоректенетін өсімдіктер.
7.Органикалық зат дегеніміз не?
8.Тірі организмдерге тән қасиеттерді ата.
9.Тірі организмдердің ұқсастығы қандай?
10.Адамдардың орташа жасы қанша? 
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Жануарлар құрылысы мен өмір сүруіне қарай қандай топқа бөлінеді? 
2.Қоректенуіне қарай жануарлар қандай топқа бөлінеді?
3.Адам үшін жануарлардың қандай пайдасы бар? 
Жануарлар дүниесі – Биосфераның бір бөлігі. Ғалымдардың есебі бойынша жер шарында 1 млрд 500 мың жануарлар түрлері тіршілік етеді. Мұның ішінде Қазақстанда 150 сүтқоректілер, 480 құстар, балықтың 155 түрі кездеседі. Жер шарында жануарлардың мекен етпейтін жерлері жоқ.

Жануарлардың мекендейтін ортасы

Ауада суда топырақта құрлықта адам денесінде 

Жануарлар әр түрлі жерлерде мекендейді. Ылғалды жерде, сусыз жерде, мұзда, ыстық тропикте, ормансыз жерде, қалың орманды жерлерде тіршілік етеді. Олар қайда тіршілік етсе де, белгілі жағдайларды: ауа, қорек су, сыртқы ортадағы белгілі мөлшердегі температураның болуын қажет етеді. Олар құрлысы мен өмір сүру сипатына қарай ажыратылады. 

бір клеткалы жануарлар – амеба, инфрузория.
Жануар көп клеткалы жануарлар – 

Омыртқасыздар Омыртқалылар
құрттар, өрмекшілер, балықтар, қосмекенділер
жәндіктер, шаяндар жорғалаушылар, құстар, аңдар,
сүтқоректілер 

Сондай-ақ жануарлар қоректенуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. 
құстар, балықтар
өсімдікпен қоян, киік
жылқы, қой, ешкі
Жануарлар жыртқыштар бүркіт, қасқыр, арыстан, жолбарыс
қорек-не қарай аралас қор-р борсық, аю, торғай, шағала
паразиттер аскарида, кене

Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы өте зор. 
Жануарлардың маңызы

Адам өміріндегі Табиғаттағы
-қорек (ет,сүт, май, бал, -тұқым тарату
жұмыртқа, уылдырық) (құс, жануар, өсімдік 
-киім тұқымын таратушы)
-тозаңдандыру
(ара, көбелек)
-Бүркіт тышқанмен қорек-ді
Пайдасымен бірге кейбір жануарлардың зиянды жақтары бар. Мысалы, бөлмедегі шыбындар, кене, ішек құрттары адамға әр түрлі ауру дарытады. 
Жануарлардың зияны

-Безгек масасы -Шыбын
безгек ауруын тудырады. дизентерия және сүзек 
ауруын дарытады. 
Жануарлар да барлық тірі организмдер сияқты табиғаттың бір бөлігі. Сол үшін де оларды қорғау керек. Табиғаттағы барлық организмдер бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етеді. Олардың бір түрінің азаюы немесе түбегейлі жойылуы басқа да жануарлардың көбеюіне кері әсерін тигізіп, тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді. 
Жануарлар дүниесін қорғау және сақтау мақсатында Қазақстанда «Қызыл кітап» жарық көрді. Бұл кітапқа жойылып бара жатқан және жойылып кету қаупі төнген жануарлар енгізілді. 
IV.Жаңа сабақты бекіту: Оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар беру.
1.Құрылысы мен өмір сүруіне қарай жан-жануарлар қандай топқа бөлінеді? 
2.Қоректенуіне қарай жануарлар қандай топқа бөлінеді?
3.Адам үшін жануарлардың пайдасы бар ма?
Оқушыларға тапсырма
«Бейнесін тап» ойыны
Оқушыларға тест сұрақтары қою
1.Сәйкестендіру тесті.
2.«Қасқыр» сөзжұмбағын шешу. 
V.Үйге тапсырма: § 44 Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы. 
Жануарлардың емдік қасиеттері туралы мәліметтер жинау. Оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жануарлардың сан алуандығы
Тіршілік ету ортасы Экологиялық факторлар
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі
Үлпілдеген жануарлар
Жануарлардың әлемінің сан алуандығы
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы
Жануарлардың көп түрлілігі ашық сабақ
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 14429 | Қосты: Казбек Шынар Сейсенбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык