Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас ұстаз - 2015 (сайыс)


Жас ұстаз - 2015 (сайыс)

Жас ұстаз - 2015 (сайыс)


Тақырыбы: «Жас ұстаз - 2015» сайысы

Білім – адам баласының ортақ қазынасы.


Ж: «Жас ұстаз - 2015» сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

 Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.


Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.

 

1.Тойынбаева Алтынай Амантайқызы- биология  пәнінің мұғалімі

2.Макенов Нұржан Қайратұлы- физика пәнінің мұғалімі

3.Бисадилова Айгерім Елдосқызы- тарих пәнінің мұғалімі

4.Қайынбаев Мақсат Қайырғалиұлы- география пәнінің мұғалімі

 

5.Матайбаева Жанар Серікқызы- тарих пәнінің мұғалімі

6.Жунусова Назерке Рухатқызы- информатика пәнінің мұғалімі.

 

Ж:

Еліміздің ұстаздары аман болсын,
Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.
Сіздерге тек тілейміз аманшылық,
Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей келе алғашқы жас ұстаздарға деген құттықтау сөз кезегін Жас Ұстаздар мектебінің   аға жетекшісі – Зәуреш Сапарқызына  береміз.

Ж: Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым!

 Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.
Ж:
Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.

Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.


1. Мектеп директоры– Рухат Құрмашұлы
2. Химия пәнінің мұғалімі- Роза  Мүсілімқызы
3. Математика пәнінің  мұғалімі – Айгүл Армияшқызы
 

Ескерту: Әр мұғалімге жеке - жеке ұпай бересіздер. Әр сұрақтың толықжауабы 5 – 10 ұпаймен есептелінеді.
(Енді ұстаздарымыздың сөйлеу ретін белгілеу үшін мына орындықтарға отыруларын сұраймыз).
Сырт көз сыншыл дегендей , Біздің бүгінгі сайысымызда Сырттан бақылаушы , осы отырыс соңында сараптайтын сарапшы жетекшіміз бар, Аймангүл Серікқажықызы.
Ж:
«Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай»,
- деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы жас ұстаздар

І кезең.

«Қатысушылардың кешенді жинақ папкасы» қаралып, талапқа сай үздік толықтыру жинағы 2-ші кезеңге жіберіледі.
Ұстаздар № анықтап алсын.1-6 сандарды кезегімен алып , қай ұстазға қандай сан түседі, номер бойынша сақынаға шығып отырады.
ІІ - кезең.

1. Таныстыру кезеңі.

Бүгінде озық – дәстүр, салт-сананы
Берік ұстап, сүйетін от панасын.
Ұстаздар кетсін өзін таныстырып.
Қуантып жолдас-жора, құрдастарын.- деп сайысымыздың келесі шарты, ата салтымыздан қалыптасып қалған «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.
- Визиттік карточка (хобби) ұзақтығы 3 минут.
 

2.Панорамалық сабақ (ұзақтығы – 20 минут) және презентация «Менің педагогикалық қызметім»


Пікірлесіп көрейікші біз ашық,
Даурықпайық, берекесіз шуласып.
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан,
Дос көңілмен ақтарыла сырласып.

Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі кезеңі «Панорамалық сабақ» және «Менің педагогикалық қызметім» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді көрсетеді және өзінің педагогикалық қызметін қорғайды.

ІІІ кезең.
Педагогикалық жағдаят


Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық.

 Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 2 минут.)

Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?

2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?

3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?


4. Тоқсандық баға  шығарғанда  талас бағаны байқамай  оқушыны төмен бағамен қорыттыңыз.Әрі ұмытып кеттіңіз. Оқушының ата-анасы директорға шағымданып келді, сізді шақырады. Директорға не дейсіз? Ата-анаға не дейсіз? Өзіңізге өзіңіз  не дейсіз?


5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер едіңіз?

6. Сіз сыныпқа келсеңіз  бір қыз бала жылап отыр, кіргеніңізді  көрсе де  қоймады, сабақта не істейсіз?


7. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?


8. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?


9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.

10. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың?
- Ол жыртық.
- Ол таза, әдемі болу үшін не істеу керек?
- Оны түптеп, желімдеп күтіп ұстау керек.
- Мұны кім істеу керек?
 

Ж.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша

 «ән - шашуға» кезек берейік.


Ортаға әділқазы мүшелері шығып, кімнің жарыс барысында қанша балл алғандығын хабарлайды.

 Сайысқа қатысқан  мектеп ұжымы атынан үлкен алғыс айта отырып, сөз кезегін география пәнінің мұғалімі-Тоқтар Жұмаханұлына береміз.

Ж. ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
«Жас мұғалімдер» сайысы
«Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсы
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6178 | Қосты: Мырсеитова Арай Бекенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык