Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсы


«Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсы

«Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсы

 

Мақсаты: Ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!

Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін,  ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, ұстаздарымызды ортаға шақырайық.

Шақырып жарыстарға сан салалы,

Ұстаздар тобы бәріңе жар салады.

Ту етіп достықпенен татулықты,

Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.

 

1.Адамзаттың тарихын

Тарихтан алып үлгі еткен,

Өткен өмір белесін,

Ұрпаққа айтып сыр шерткен

Бибінұр сынды ұстаз бар,

Саналы ұрпақ түлектен-деп Шаханова Б.Қ. қарсы алайық.

 

2. Гүлнардай ұстаз бар,

Әр қадамын үлгі еткен.

Оның әрбір сабағы,

Жүрегінен сыр шерткен- деп Болатова Г.Т. қарсы алыңыздар.

 

3. Ал, халайық көркіне тамсанайық,

Қызы қылықты дегенге әнде лайық.

Қадырқызы Арайды деген ұстаз,

Келе жатыр, қол соғып қарсы алайық.

        

 

4. Қыздарыңыз білсеңіз таң қалдырар,

Жүректің алау отын жандырар

Ағайын, қошеметпен қарсы алайық

Жас ұстазмыз- Райхан Жеңісқызын

 

5. Дүрсілдеп бара жатыр жүрегі оның,

Жайдары болғанымен көңілі дал-дүл.

Ұстаз боп сынға түсіп сыналмақшы,

Маңдайы жарқыраған  қызымыз.

        

 

6. Бұралған талшыбықтай, ол бір гүлің,

Шіркін-ай тыңдар болсаң нәзік үнін

Өнерімен көрерменді тәнті ететін.

Қарсы алайық  Самал Жаңатілекқызын

        

 

7. Білім құйған бойына

Қанық өмір жайына.

Салт-дәстүрдің әр сөзін.

Сақтар жүрген ойына- деп   қошеметпен қарсы алайық.

------------------------------------------------------------------------------------------

Осындай тапқыр достар кез- келгенде,

Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанмене, құрбысыңдар.

Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп. құрметті қауым! Сынға түсетін ұстаздарымызды тағы да қошемет көрсетіп қоялық.

 

Ақ қазы мүшелері, армысыздар!

Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?

Сіздерге үміт артқан ұстаздар

Әділдікпен төрелік айтыңыздар.

 

Әділдікпен баға берер ұстазға,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділқазы алқаларын сайлайық.

Үздіктерді таңдап бүгін алуға- деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.

2.

3.

І-тур. «Менің  кәсіптік ерекшелігім» өзін таныстыру

Бүгінде озық- дәстүр, салт-сананы

Берік ұстап, сүйетін от панасын.

Ұстаздар кетсін өзін таныстырып.

Қуантып жолдас-жора, құрдастарын.- деп сайысымыздың бірінші шарты, ата салтымыздан қалыптастып қалған «Сәлем- сөздің басы» дегендей  сайыскерлереміз өздерін- өзі таныстыруға кезек берейік.

Әңгіме түрінде,музыка, сахна, поэзия элементтерімен өзін-өзін таныстыру. Орындау уақыты - 5 минут.

Бағалау өлшемдері:

- өзгешілігі;

- айқындығы;

- әсерлілігі.

2- тур Конкурстық жұмыстардың (эссе) тапсырмалары:

«Менің педагогикалық ұстанымым»;

«Менің педагогикалық ұмтылуым»;

«Мен сенемін, балалар ...»;

«Балалар және әлем ...»;

Бағалау өлшемдері:

1) мазмұнының өзектілігі;

2) тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;

3) тіл мәдениетінің көркемдігі.

 

ІІ-тур. 3. «Педагогикалық жағдаятты талдау» психология-педагогикалық тосын жағдай. Орындалу уақыты – 5 минут.

Әрбір мұғалімге педагогикалық жағдаяттар ұсынылады.

Бағалау өлшемдері:

  1. педагогикалық жағдаяттың мағынасын түсінуі;
  2. субъектілердің қарым-қатынасындағы позицияларын түсінуі;
  3. педагогикалық проблемаларды тұжырымдау;
  4. проблеманы шешу әдісінің мүмкіндігін анықтау;
  5. өз нұсқасын шешудегі дәлелдері;
  6. педагогикалық білімдарлығы.

Қане достар пікірлесіп қарайық,

Қилы-қилы ойды ортаға салайық.

Сан-салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық.

 

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,

Шағылыссын найзағайдай шартылдап.

Бойда қайрат, алда арман шақырған,

Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ- дегендей сайысымыздың келесі турын бастайық. Сынып ұжымымен , жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.

(Сайыскерлерге табақтан карточка алып, сол карточкадағы жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 5 минут.)

  • 4-тур 4 . Пікірталас.
  • Тақырып – конкурс болатын күні жарияланады. Кез-келген ақпарат көздерін пайдалануға болады.
  • Бағалау өлшемдері:
  • педагогикалық білімдарлық;
  • проблеманың мәнін түсінуі;
  • проблема бойынша өз ойын дәлелдеп жеткізе білу;

5- тур Авторлық  бағдарламаны  қорғау.

Авторлық идея слайд көмегімен 7 минут ішінде таныстырылады.

Қазылар алқасына жобаның қысқаша мазмұны тапсырылады, онда келесі мәселелер қарастырылуы керек: жобаның шеңберінде шешілетін проблема, жобаның тұжырымдамалық негізі, жобаны іске асыру түрлері, күтілетін нәтижелер

Бағалау өлшемдері:

1)  жобалау бағытын таңдаудағы өзінің педагогикалық ұстанымы және  нақты педагогикалық міндеттерді шешуде  жобаның маңызын дәлелдей білуі;

2) қазіргі проблемалардың педагогикалық ерекшеліктері мен білім беру жүйесінің даму жағдайын жобада көрсетуі; 

3) педагогикалық жобаның ауқымдылығы және жүйелілігі;

4) жобаның ерекшелігін сұрақтарға жауап беру және ауызша баяндау арқылы аша білуі.

Музыкалық номер

Әділ қазыларға сөз кезегін берейік

Бүгінгі кешімізге қатысқан ұстаздарға көптен-көп рахмет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
«Жас мұғалімдер» сайысы
«Әзіліміз жарасса!»
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
Жас ұстаз - 2015 (сайыс)
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Ұстаз - ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Мектеп әкімшілігі | Көрсетілім: 2691 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык