Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3441 |
|
|
|
Жастық жігерім- жақсылыққа
Жастық жігерім- жақсылыққа
Психологиялық тренинг
Мақсаты:
Жастарымыздың өз күш қуаттарын, жастық жігерлерін пайдалы іске жұмсауға үйрету,оларды жігерлендіру, үлкенге құрметпен қарауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Міндеті:
• Білім мен сауаттылықтың қаншалықты маңызды екенін, мейірімділік, имандылық, ізгілік, адалдық сияқты адами құндылықтардың шарапатын ұғындыру;
• Теріс қылықтардан, ағымдардан аулақ, діни сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу жеке тұлға қалыптастыру.
Тренинг барысы: Оқушылар дөңгеленіп отырады. Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
- Өмір ағымынан қалмау;
- Әрдайым білімге талпыну;
- Әрқашан жақсылық жасау;
- Биікке ұмтылу т.б.
«Түйнектің өсуі» жаттығуы
Қатысушылар айнала шеңбер бойымен, бастарын төмен түсіріп, тізесін құшақтай жүресінен отырады.
- Өздеріңізді жер бетіне енді ғана шыққан кішкене ғана түйнек тәрізді сезініңіздер, Сіздер бірте-бірте бой түзеп өсіп келесіздер. Мен сіздердің өсулеріңізге 10-ға дейін санау арқылы көмектесемін, әр сан айтылған сайын сіздер көкке ұмтыла өсе түсесіздір. Тек сіздің қозғалысыңыз санмен сәйкес келіп, соңғы сан айтылғанда ең жоғарғы нүктеңізге дейін жетуіңіз керек.
Талдау: Өсімдік орнында өзіңізді қалай сезіндіңіз? Қандай әсер алдыңыз?
- Міне, балалар әрбір тіршілік иесі бірден өсіп-өнбейді. Олардың әрқайсысы сан алуан қиыншылықтар мен кедергілерден өтіп өз деңгейіне жетеді.
«Адамға тән қасиет» жаттығуы:
Мақсаты: Жағымды қасиеттер туралы түсінігін дамыту, жақсы көңіл-күй тудыру.
«Өмірдің мәні» қобдишасынан құнды сөздер шығады. Оқушылар әрқайсысының адам өміріндегі алатын орнын сипаттап айтады.
Аңыз
Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді, ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен.
-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі- сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады.
Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?
Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті :
-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді,- деген екен.
«Құпия сурет» ойыны.
Суреттен біз нені байқап тұрмыз?
«Жарайсың!» жаттығуы.
Мақсаты: Адам болып өсу жолында жеткен жетістігін айту.
Қатысушылар шеңбер бойына тұрып, оң жағына қарап, «Сенің қандай жетістігің бар?»дейді. Ол жетістігін айтады, «Жарайсың...» деп қолынан жоғары көтереді. Екінші бала ары қарай жалғастыра береді.
«Қазіргі болашақ-ертеңгі жас ұрпақ» коллажы
Материалдар: ватман,журнал,түрлі түсті қарындаш,фломастерлер
Бұл коллажда балалар қазіргі заманғы жасөспірімнің қандай екенін,оның өміріне қандай жағдайлар әсер ететін,оның қиындықтары мен қуаныштарын бейнелеулері қажет.Әр топ өз коллаждарын таныстырады.
Рахмет.
Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, қоғам, мемлекет, дін қызметкерлері және ата-аналар жастарды дұрыс тәрбиелеуде күш біріктірсе ғана көздеген мақсатымыз айқын, болашағымыз жарқын болары сөзсіз.
Есіңде жүрген жөн болар...
Діни ұйымдарға еліктеуді ескерту шаралары
Бірінші ереже:Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
Екінші ереже: Егер, диалог жалғасып кетсе,оны доғаруын өтін. Қызықпа! Бұл қоғамның тарихымен, оның қаншалықты дәрежеде дәстүрлі дін екеніне көзіңді жеткіз. Осылай ғана Сіз таңдау еркіндігіне ие боласыз!
Үшінші ереже: Егер де Сізді, ағылшын тілінің ақысыз курсына шақырса – бұған сеніп қалма, олар жаңа ілімді жаймен оқуға сені көндіруге тырысады.
Төртінші ереже:Кейбірдеструктивті діни ұйымдардажаңа адамдармен танысқанда қолданатын термин сөздері бар: «Осыған дейін Сізге, осыншама ақылды екендігіңізді қалайша ешкім айтпаған!», «Сізге бұндай қасиет қайдан дарыды!» және т.б.
Бесінші ереже: Егер сіз, қандай да болмасын діни ұйымға қатысқыңыз келсе, ата-анаңызбен, Сіз үшін беделі басым адамдармен кеңесуді ұмытпа!
Алтыншы ереже: Егер, Сіз дінге бет бұруды қаласаңыз, жалғыз бармаңыз, туыстарыңыздан немеседостарыңыздан көмек сұраңыз!
Жетінші ереже: Миссионерлердіңбасты мақсаты – сізді ұйымға қалай да болса кіргізу. Сондықтан да өте сақ болғаныңыз жөн!
«Өз болашағын елестету» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушылардың болашаққа деген талпынысын бағдарлау.
Нұсқау: Алдарыңдағы қағазға назар аударыңдар. Қағаз 4 бөлікке бөлінген. Көздеріңді жұмып, іштей 1 минут «Мен 1 жылдан кейін», «Мен 5 жылдан кейін»,«Мен 10 жылдан кейін» деп болашақтарыңды көз алдарыңа елестетіңдер.
«Майшам»(шырақ) жаттығуы.Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз.Бұл майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |