Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2441 |
|
|
|
Жазғы шілде
Сабақтың тақырыбы׃ Жазғы шілде
Сабақтың мақсаты ׃
1/ Өлеңді мәнерлеп оқуға төсілдіру, өлең мазмұнын, негізгі идеясын меңгерту, жыл бойы алған білімдерін тексеру, жүйелеу.
2/ Оқыған материалдарын қорытындылап, пайдалана білуге, ойларын жеткізе айтуға үйрету. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3/ Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі׃ Жәрмеңке сабақ.
Сабақтың типі ׃ Қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі ׃ Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, деңгейлік тапсырмалар, слайдтар /тапсырмалар жазылған/, тиындар, оқулық, қима қағаздар.
Сабақтың әдісі׃ Сұрақ - жауап, қайталау, көрнекілік, тексеру, түсіндіру, мадақтау.
Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану.
Сабақтың барысы ׃
І Ұйымдастыру.
ІІ Сабаққа психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Төрт, бес, алты,
Досым қалма қапы.
Алты, жеті, сегіз.
Бізді мықты деңіз.
Сегіз, тоғыз, он,
Білім бізде мол .
ІІІ Ойынның мазмұнымен таныстыру.
Әр оқушыға тиын үлестіру.
Банк өз жұмысының бағасын 10 теңгеге бағалаудан бастайды.
Егер тапсырма дұрыс орындалса, ақша қайтарылады, олай болмаса ақша банкте қалады.
Ең қиын тапсырманы орындаған оқушыға банк қосымша ақша және лотерея билетін береді.
ІV Үй тапсырмасын сұрау, тексеру, бекіту.
«Бұл қай кезде болады ?» өлеңін оқушылардың мәнерлеп оқуы.
193 – жаттығу. Сөздердің алдына сын есім қойып жазғандарын оқу.
Қызыл гүл, әдемі гүл, шоқ гүл.
Асау құлын, жас құлын.
V Нақ сұрақ, дәл жауап.
Қандай? Қай ? сұрақтары қандай сөздерге қойылады ?
Сөздер қалай тасымалданып жазылады ?
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз ?
Қандай сөздер тасымалданбайды ?
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады ?
VІТапсырманы дұрыс орындап, банктен ақша және лотерея билетін
жеңіп алған алғашқы клиенттерді анықтап, қошеметтеп қоялық.
VІІ Оқулықпен жұмыс.
194-жаттығу. Қарсы мәндес сөздер тауып жазу.
Ірі - әлді –
Жылы - жақсы –
Қою - оң –
195 – жаттығу.
Өлеңді көшіріп жазу, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.
Жаз келді.
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ,
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ. Ж. Молдағалиев.
VІІІ Слайдпен жұмыс. Жаз мезгіліне байланысты суреттер топтамасы.
І. Жансүгіров туралы мағлұмат беру, таныстыру.
« Жазғы шілде» өлеңін оқушылардың тізбектеп, мәнерлеп оқуы.
І. Жансүгіров. Жазғы шілде.
Ой, балалар, балалар,
Шілдем, шілдем, шілде айым,
Шарлап торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер,
Шудалаған көк шөптер.
Жапырақтар жалпайды,
Жас қозылар марқайды.
Ұшты көкек сай қуалап,
Сайда пісті таңқурай.
Құрт, ірімшік қайналды,
Құлындарда байланды.
Нәйім, нәйім, бауырсақ,
Ағын суға шомылсақ.
Ой, балалар, балалар,
Ойналық та күлелік.
Үйретіп тай мінелік.
Өлең мазмұнымен жұмыс.
Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін жырлаған ?
ІХ Деңгейлік тапсырмалар.
Мақсаты : Жыл бойыалғанбілімдерін бекіту, өткенді пысықтау, нақтылау.
І деңгей.
Жаңа сөз жаса.
ҚұмКөз
қ... к...
қ... к...
қ... к..
қ.... к...
қ... к...
ІІ деңгей.
Мәтінгеатқой.
.............................
Ерғазыертетұрды. Сурет салатын құралдарын алып орманға беттеді. Орман іші тыныш, ауасы таза. Ерғазы сурет салуға кірісті. Ол биік еменнің суретін салды. Суреті әдемі шықты.
ІІІ деңгей.
Сөздерді топтап жаз.
Сурет, бұзау, мая, жел, ою, өсиет, үю, әуе, жиырма, киім, сия, көктем, жаз, күз, қыс.
Жуан айтылатын сөздер :------------------------------------------------------------------
Жіңішке айтылатын сөздер :---------------------------------------------------------------
ІV деңгей.
Осы ертегіні өз бетіңмен жалғастыр.
Ертеде бір ханның сұлу қызы болыпты. Бір күні ханның сұлу қызы қатты ауырады. Хан елге жар салып .....................................
ХІ Бекіту :«Жаз» сөзіне дыбыстық талдау. Мәтін түрлерін айтамыз
Оқушылардың жинаған ақшаларын және ең қиын тапсырма орындап алған лотерея билеттерін есептеу. Жеңіске жеткен оқушыларды марапаттау, мадақтау.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең мазмұнына сурет салу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |