Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абай Құнанбайұлы Ғылым таппай мақтанба


Абай Құнанбайұлы Ғылым таппай мақтанба

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы Ғылым таппай мақтанба

Сабақтың мақсаты:
 а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абаймен таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;
 ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;             
 б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары 
Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
 
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Мәтін бөліктері» ойыны бойынша әңгімелеу.
1-топ. «Кіріспе»
  Асан – бай баласы мен Үсен – жарлы баласы ел көшкенде ауылда қалып қояды. Асан жылайды, Үсен қалай ауылды табуды ойластырады. 
2-топ. «Негізгі бөлім»
Үсеннің ақылдылығымен олар үйректі тұзаққа түсіріп, қармақ жасап, балық аулап, тамақ ішеді.
3-топ. «Қорытынды»
«Далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады» деген әкесінің сөзін тыңдап жүретін Үсен ауылға апаратын жолды тауып, аман-есен үйлеріне келеді.
4-топ. «Толықтыру» - әр топтан кейін сөз алып, толықтырады.
ә) Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру үшін кестені толтыру.
            Әңгіме кейіпкерлері              Қандай?
 
3. Жаңа сабақ.
1. . Абай өміріне қысқаша тоқталу
2 . Әдебиет теориясы.
   Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас /рифма/, ырғақ /ритм/ болады.
Мысалы:
Ғылым таппай/ мақтанба,  -а
Орын таппай/ баптанба,     -а
Құмарланып/ шаттанба,     -а
Ойнап/ босқа күлуге.          -б
Өлеңнің құрылымдық жүйесі /структурная система/
1. 1- шумақ /четверостишие/
2. 4 тармақ /строка/
3. 2 бунақ /строфа/
4. ұйқас – 1-а, 2-а, 3-а, 4-б. /рифма/
3. Оқулықпен жұмыс.
 Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.
А.Өлеңді мәнерлеп оқу
Ә.Сөздік жұмысын жүргізу. (nүртіп алу жүйесі бойынша)
   Ғылым – оқу, білім
   Ғалым – оқымысты адам.
Б.Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу.
5. Семантикалық картаны толтыру.
Тақырыбы Авторы Жанры Түйінді ой Негізгі идеясы
Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбаев поэзия Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
6. Мағынаны тану стратегиясы.
 
- Мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. (параққа жазылған қасиеттер, таза парақ «Топтастыру» үшін).
         Қасиеттері:                                              
• Еңбекқор 
• Әдепсіз 
• Мейірімді
• Ақылсыз
• Надан 
• Дарынды 
• Залым 
• Өз Отанын сүйетін патриот
• Еріншек 
• Сауатты 
• Білімді 
    - Сендерден де осы қасиеттерді   көремін деп ойлаймын. 
7.Үйге тапсырма.
     Өлеңнен үзінді жаттау.     3-тапсырма 100-бет /жазбаша/
     Өз таңдаулары бойынша өлең шумағын талдау.
8. Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешуге есептер шығару
Дүние жүзі тарихы
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Сын есім
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай Ғылым таппай мақтанба 5-класс
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Қоңыр қозы. Тұрсын Жұртбай
А. Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5670 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык