|
|
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Павлодар облысы
Баянауыл ауданы
Ақши жалпы орта білім
беру мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Жаминова Маржан
Бақытқызы
Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба. Абай
Сабақтың мақсаты:
1. Абай атамыздың өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек білім алуына, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, ақынның данышпандығын тануына жол салу.
2. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны аша, ұғына білуіне мүмкіндік беру.
3. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді тани отырып, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Бүгін бізідің сабағымыз ерекше болмақшы ,бізге сыныпқа қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа белсене отырып қатысайық
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Біз балалар сендермен қандай тарауды аяқтадық.
«Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым» деген тарау.Осы тарау бойынша тақтада сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап берейік.
1). «Қайырымды бала» мәтінінде неше кейіпкер бар?. Атап айт.
2). Құмды далада қандай оқиға болды.?
3) Ағаш тостақ, шыны тостақ, пластмасса тостақтың қайсысын бала өз қолымен жасамақ болды?
4). «Сорпаның біресе дәмдә, біресе дәмсіз болуының себебін түсіндір.»
5). «Күлмеңіздер кәріге» мәтінінде не туралы айтылған?
Қорыта келе тараудың өзі айтып тұрғандай баланы мейірімділік пен үлкендерді сыйлауға шақырып тұр. Осы тарауға байланысты қандай мақал айтуға болады.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет.
Жаңа сабақ: -Бүгін біз «Адам болам десеңіз» деген тараумен танысамыз. Бұл тарауда оқушылардың өміріндегі үлкен мәселелерді көтеретін маңызды тақырыптар алынады. Тараудың тақырыбы: ұлы Абаймен басталмақ.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Қазіргі таңда әлемде Абайды танымайтын жан жоқ десек, дұрыс айтқан болар едік. Мысалы, көршілес Ресейде Абай күндері өткізіліп тұрады.
-Енді Абай атамыздың өмірі туралы мәліметке көз жүгіртейік.
Слайд 1 . Абайдың өмірбаяны.
Абай-осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған тобықты руының ішінде , 1845 жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі-Құнанбай, оның әкесі-Өскембай, үшінші атасы-Ырғызбай. Бұлардың барлығы ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.Ақынның анасы –Ұлжан. Ол сабырлы мінезді кісі болған. Абайдың әжесі Зере тәрбиелеген. Зере әжесі кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша хат таныған.
12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Ол өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған сазгер.
Сонымен Абай атамыз аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер, ұлы ойшыл, ақын, ғұлама адам болған екен.
Мағынаны тану: Слайд 2 «Ғылым таппай мақтанба»
-Бүгін біз Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысып, жұмыс жасаймыз. Біз 1- сыныпта Абай атамыздың осы өлеңінің бастапқы шумақтарымен танысып өткенбіз еске түсірейікші. Қалай басталушы еді. Кім айтады?
(Өлеңді электорнды оқулық арқылы тыңдау)
(Оқушыларға оқыту)
-Сонымен қатар нені үйрен, неден жирен деп айтады?
Слайд 3
Бес асыл іс Бес дұшпан
Талап , Өсек,
еңбек, өтірік,
терең ой, мақтаншақ,
қанағат, еріншек,
рақым. мал шашпақ
-Ақын өлеңінде бізді кім болуға шақырып тұр?
Слайд4
Жамандықтан жирен, Алдыңа мақсат қой
өзің үшін үйрен
Ғалым
Қиындыққа мойымай Балалықты тастап,
алға ұмтыл білімге ден қой
--Абай атамыз сонымен қатар сазгер деп айтып өткенбіз. Абай атамыз 20-дан астам әндер шығарған сазгер.Көптеген әндері халық арасында айтылып жүр. Соның бірі «Көзімнің қарасы»
Сергіту сәті: (ән айту) видио слайд
-Тағы да қандай әндерін білесіңдер?
«Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау.
-Балалар әр баланың жылдың төрт мезгілінде туған күндері атап өтіледі.
Қыс, көктем, жаз, күз айларында туған оқушылар бар. Кімнің туған күні жаз айында, күз айында, қыс айында.
-Ал балалар сендер Абай атамыздың осы айларға арналған өлеңдерін білесіңдерме?
Ажар (Қыс)
Дильназ (Жаз)
Жансая (Күз)
Кәусар (Әсемпаз болма әрнеге)
-Өте жақсы.
Дәптермен жұмыс:
1. Өзің білетін Абай әндерін үлкендерге айтып бер.
Ол әндердің тізімін жаз.
2. Белгіле( ). Абай Құнанбаев:
Ақын
Әнші
Ғалым
3. Мақалды аяқтап жаз.
үйрен,
Жаманнан .
-Абай сонымен қатар көптеген өлеңдердің аудармашысы. Біз өткен сабағымыздың бірі орыстың ақыны И.Крыловтың қанда өлеңін аударған.
«Шегіртке мен құмырсқа»
Қорытындылау:
-Сонымен балалар, бүгін сабақта кім туралы өттік.
Қандай өлеңмен таныстық?
-Қандай өлеңдері бар?
Аудармашы
ақын Абай сазгер
ұлы ойшыл
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
Бағалау:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |