Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абайдың мұражай үйі


Абайдың мұражай үйі

Тақырыбы: Абайдың мұражай үйі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай өмірі,шығармашылығы туралы білімдерін тексере отырып,танымын кеңейту. мұражай туралы мағлұматпен танысу,оқушылардың сөздік қорын молайту, 
Дамытушылық: Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру. Ой қорытып, нақты шешім жасау біліктілігін арттыру, ізденушілікке ықпал жасау,талдай білуге төселдіру,
Тәрбиелік: Дұрыс сөйлеуге үйрету. Оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетелеу, жаттығу жұмыстары арқылы адамгершілікке, Отанды сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу. Абай ұлылығына сүйсінуге халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Саяхат сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, айтылым, тыңдалым, жазылым, лексика-грамматиканы пысықтау
Көрнекілік:Абай шығармаларына слайдтар, «Абай» деректі фильмі, кітаптар көрмесі, мұражай жәдігерлері, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,музыка
Сабақ барысы: 
І кезең. Ұйымдастырушылық кезең
Оқушылармен сәлемдесу.
Бүгін ерекше күн, өйткені біз сендермен қасиетті Семей жеріндегі «Абай мұражайына» барамыз.
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!
Айдың орнын баса алады Күн ғана,
Таудың орнын баса алады шың ғана.
Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа
Керек болды Мұхтар сынды бір дана
Ендеше билет алайық.Билеттеріміз барлық электропоездағыдай 3 санатқа бөлінеді. Өткен сабақта біз еліміздің биік тұлғаларының бірі Мұхтар ағамыз туралы «Әуезов үйі» мәтінімен танысқан едік. Билеттің құны - сол сабақта алған білімдеріңмен есептеледі.
 
3-санатты билеттер:
1. «Әуезов үйі» дегеніміз не?
2. Мұра деген сөздің баламасын ата
3. Мұражай неше бағытта жұмыс істейді?
4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
2-санатты билеттер:
1. Жазушының өмірі туралы не айтар едің? 
2. Мұхтар Әуезовтың қандай шығармалары бар?
3. «Жүйеге келтіру» деген сөздің баламасын анықтай отыра, сөйлем құрастыр.
4. Құрмалас салаластың мағыналық түрлерін ата. Мысал келтір.
1-санатты билеттер:
1. Мұхтар Әуезов туралы тағы не айтар едіңдер?
2. Оның драматургиялық алғашқы шығармасы қандай?
3. Сабақтастың мағыналық түрі нешеу?
4. «Сіз әлі «Абай жолын» оқыған жоқсыз ба? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз...»   Альфред Курелланың сөзін сабақтас құрмалас сөйлемге қалай айналдыруға болады?
Сонымен, билетімізді алдық, аттанайық жолға! Сапарларыңыз оң болсын! (электропоезд дауысы.) 
  II. Қызығушылықты ояту сатысы.(бейнематериалдың ең басы 1 минут, 3 секунд тыңдаймыз, «Абай дүниеге келді...деген жерге дейшн)  балалар қағазға кластер түрінде төмендегі сұрақтарға жауап береді.
1. Абай кім? 
2) Абайдың шын есімін ата. ( Ибраһим)
3) Қай жылы, қай жерде туған?
4) Абайдың кім екенін дәлелдейтін жұмыс.(топтастыру әдісімен).Тақтаға сызбаны ілу.
        Осы сұрақтарға жауап бере отырып,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай      екендігін   білеміз..(сабақтың мақсатымен таныстыру )
1) Тақтаға сызбаларын ілу.
 
2. Сабақтың тақырыбын белгілеу    « Абайдың мұражай үйі».
3. Бүгінгі біздің саяхатымызда қажет болатын сөздер: (тақтадан көреміз, балалар ауызша сөйлемдер құрастырады әр сөзбен)
мұражай - ақынның   өмірі,шығармашылығынан  мағлұмат беретін мекеме
   
1- суретте Президент мұражай үйі
2-суретте Франциядағы 12 ғасырда салынған  әлемге әйгілі Лувр мұражайы
2- 3- суретте Ватикан мұражайы.
күрделі жөндеу –қалыпқа келтірілу, сыланып, сырлану, жаңарту;
 
көрініс-келбеті – түрі, қалпы;(оқушылар ауызша сөз мағыналарын ашуға көмектеседі)
дәліз – кіреберіс бөлме, алдыңғы бөлме
қазан аспа – қазан ілетін жер ошақ, киіз үйде ас дайындау үшін пайдаланылады.
асадал –ас сақтайтын жабық сөре, асүй жиһазы
мұрағат-мұражайдағы зат,жәдігер, құжаттар
бірқалыпты –бұ жерде:бірдей температура
ІІІ кезең. Мотивациялық-операциялық кезең. 
Бірінші стансамыз – асүй. 
Тыңдалым.Мәтінді тыңдаймызВидеотаспадан тыңдау
 (бейнемәтінді тыңдап, көре отыра, асүйді аралау  1,3 минуттай) Кітаптағы мәліметтермен салыстырамыз . Кітапта бұл жайлы не жазылған екен?
Бір бала оқиды(не кезекпен тізбектей оқу):
Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі- ақынның өмірі меншығармашылық жолынанмағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.
1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол – терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте -  қазанаспа. Оң жақ босағада адалас пен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген
1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай үйіне берілген.
Мына мәселелерге көңіл бөл: 
a) Кітапта берілген мәтін мен аудиомәтіннің айырмашылығы бар ма?
b) Сен қай кезеңде өзіңе өзіңе жаңа ақпарат алдың?
c) Сен мұражайдан қандай заттарды байқадың?Оларды ата.
d) Мәтінде қандай ақпарат айтылмады?
e) Мәтіннің жоспарын құрамыз, әр бөлікке ат қойып, тірек сөздерді анықтаймыз
f) Жоспарын құру, тірек сөздерді анықта
 
Жазылым. Айтылым. Лексика-грамматика.
Асүйдегі кебежеде сендерге мынадай тапсырма бар екен:
1-деңгей. 
1. Мұражайда қандай заттар бар?Ата, жаз, олармен сөз тіркестерін құр.
2. Мына сөздердің баламасын мәтіннен анықта:
Бір кезеңде өмір сүрген адамдар –
Бұрынғы қалпы сақталған –
3. «Сандық» сөзіне мағыналас сөзді табу.Сөйлем ойла.
2-деңгей.
«Кебеже» сөзін диамант үлгісімен тарат.
«1885 жылы Абай осы бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген» сөйлемін басыңқы етіп, мезгіл бағыныңқылы сөйлем құрастыр.
«Асадал»деп неге аталған деп ойлайсың?Осы сөзге морфологиялық талдау жаса.
3-деңгей.
Мәтінде берілген ақпарат негізінде сабақтас сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жаса.
Түзету жұмысы – инклюзивті оқыту Абылаймен жұмыс. Абай өлеңін оқыту.
Сонымен, жақсы, мұражайдың келесі бөлмелерінде не барын байқап аралалық... (соңына дейін видеоны көру)
 
ІV талдау, білімді бекіту
Жазылым. 
3-деңгей.
Сәйкестендіріңіз. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен сәйкестендіріңіз.
1 асадал Мұражайға айналды
2 мұражай Тәтті тағам сақтайтын жер
3 Абай Құнанбаев Ұлы ақын
4 асбөлме Ас ішетін жер
5 бұйым Қыс пен жазда бірдей болады
6 Абай қыстауы зат
7 Мұражай температурасы Ақынның шығармашылық үйі
 
2-деңгей.
1. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.
Ас үйдің өзге тарихи мұрағаттарының бірі -  ............ 
Абай ... бұйымдарды .... өз қолымен өткізген.
Кебеже.... жасалады
Оның қабырғалары...
2-деңгей. Ойды жалғастыр. « маған мұражайда әсер еткен заттар...»
 
2. Берілген сұраққа жауап беріңіз. Диалог құру. Ауызша
 
1 Абай мұражайы Семейде неше шақырым жерде орналасқан?
2 Ол қай жылы күрделі жөндеуден өткізілген?
3 Қазанды қайда іледі?
4 Абайдың туыстарынан қандай заттар алынды?
5 Не үшін мұражайлар керек деп ойлайсыңдар?
6 Астанада қандай мұражайлар бар?
7 Мұражай болмаса, ...
8
3-деңгей. 
- Видеомәтінде Абай ақындығы жайлы сөз болды. Ол туралы не айтар едіңдер?
- Абайдың қандай өлеңдерін білесің? ( өлеңдерінен үзінді оқу)
- Әйгерім мен Ділдә кім?(Әйгерім Абайдың сүйген жары, оның әнін таратушы, біз сүйетін көп әндерді айтқан)
- Абайдың қандай әндерін білесің?
Шығармашылық тапсырмалар:         
-  Бес жолды өлең-синквейн жаңа сөзбен құрастыру.      
 -  Фишбоун 
Рефлексия. Сабақтан алған әсерім.
11.Қорытындылау. Бағалау. Құрметті оқушылар, сонымен, міне Семей қаласына басымызды тіредік. Бүгін енді дем алыңдар. Саяхат бойы белсенділік танытқандарың үшін мен сендерге қонақүй бөлмелеріне демалыс сертификатын тапсырамын. Өте жақсы білімін көрсеткен балалар люкс бөлмеге, яғни қызыл түстес сертификат иеленеді, олар:
Жақсы білім деңгейіндегі балаларжартылай люкс бөлмеге, ал басқаларымыз стандартты жағдай жасалған бөлмелерге барамыз.
12. Үй тапсырмасы: 
Таңертеңгі асқа мына тапсырмаларды дайындап ала келеміз.
1-деңгей: Оқу,мазмұнын айту,сөздерді жаттау, 2 сөйлемді сабақтасқа айналдыру.
2-деңгей – Абай туралы мақалалардан 3 сабақтас сөйлем  табу
3-деңгей –Абай мұрасының әлемдік деңгейде алатын орны хабарлама.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күз
Абайдың мұражай – үйі
Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Ұлылардың үндестігі,Созвучие великих поэтов
Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау
Абайдың мұражай үйі
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Абай
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Бала Мұхтар мен Абай
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5842 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык