Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ халқының ұлттық аспаптары Етістіктің шақтары


Қазақ халқының ұлттық аспаптары Етістіктің шақтары

Қазақ халқының ұлттық аспаптары Етістіктің  шақтары

Сабақтың тақырыбы:  Қазақ халқының ұлттық аспаптары Етістіктің  шақтары

Сабақтың мақсаты:    Етістіктің шақтары  туралы грамматикалық түсінік бере отырып, қазақ халқының ұлт аспаптарын  мақтаныш тұтуға, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер: Слайдтар, музыка аспаптары, бейнетаспа.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сарыарқа күйі (Күй ойнату)

-         Күйден  қандай әсер алдыңыздар?

-         Қандай аспаппен  орындалды?

-         Бүгінгі сабақ не туралы  деп ойлайсыздар?

 Біздің бүгінгі сабағымыз «Қазақтың ұлттық аспаптарына» арналады.

Ұлттық аспаптардың түрлері туралы жалпы  мәлімет беру.

 

1. Пікірсайыс сұрақтары:

  1. Қандай музыкалық аспаптарды білесіз?
  2. Қайсысын ұнатасыз? Неге?
  3. Сіз ұнататын музыкалық аспап қай ұлттың аспабы?
  4. Өзіңіз қай  аспапта ойнайсыз?
  5. Белгілі бір музыкалық аспапта ойнайтын қандай атақты музыкантты, күйшіні білесіз?
  6. Музыкалық аспапта ойнағанның адамға әсері бар ма?

2. Синоним сөздермен жұмыс:

  1. Аспап – құрал – сайман – жабдық .
  2. Оқиға – жағдай.
  3. Өлең – ән.
  4. Сүйемелдеу – ойнау
  5. Ауыз ашу – таң қалу.

3. Келесі сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар

Ғасырлар бойы, қобыз үні, ерлігін жырлайды, күй шығарады, біздің дәуірге жетеді.

“Екі шектің бірі қатты,

 Бірін сәл - сәл кем бұра.

Қазақ - нағыз қазақ емес.

Нағыз қазақ  - “домбыра”

  1. Домбыра

           Қазақ халқының ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы – ДОМБЫРА. Халқымыздың тарихындағы қандай оқиғалар болмасын, жыр, эпос, аңыз, өлең түрлерінде домбырамен сүйемелдеу арқылы айтылып және күй үлгісінде ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, бізге дейін жеткен. Қарапайым ғана музыка аспабының шешендігі мен қабілеттігі кезінде талай адамдардың аузын аштырып, көзін жұмдырды. Қазір бұл аспапта шығыс пен батыстың қандай классикалық  шығармаларын да ойнауға болатыны ешкімді де таң қалдырмасы керек.

Домбыраны білмейтін қазақ жоқ. Бірақ олар Қазақстанның әр аудандарында әртүрлі болып келеді. Мысалы, мойын ұзын, шанағы жұмыр, он екі, он төрт перделі домбыра көбінесе Батыс Қазақстанға тән.  Ал көлемі шағын 7-9 пернелі домбыралар Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстанда көп таралған. Домбыраның негізгі екі түріне байланысты,  орындалудың да екі түрі – “төкпе”  және   “шертпе” қағыстар қалыптасқан. Ел арасында бұл дәстүр қатар дамып келеді.

    5. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз

  1. Ұлттық аспаптың бірі - ...  .  2. Домбырада  ..., ..., ..., ... сүйемелдеген.    

3. Күйшілер ... күй тартқан. 4. Қазір домбырада шығыс пен батыстың ...  ....

5. Домбыра ... ..., ... ... пернелі. 6. Солтүстік Қазақстанда ... - ...перделі

домбырада ойнайды. 7. Домбырада ...   2 түрі бар. 7. Олар  “...” және  “...”

қағыстар деп аталады.

 

 

6.  Ән үйренейік

Домбыра туралы баллада

Әні  Кеңес Дүйсекеев                              Сөзі  Шөмішбай  Сариев

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегінің,

жүрегінің,

жүрегінің дүрсілі -

Күмбірлеген домбырасы барында.

                      Қайырмасы:

    Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

    Қазағымның жүрегінен жаралған,

    Даламыздың үнісің сен, домбыра!

 

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,

Қуаныш та, қайғы–мұң да кернеген

Үзіледі,

үзіледі,

үзіледі әуендер,

Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Қайырмасы:

Домбырада шежіре жыр болмаған,

Даламыздың тағдырларын толғаған.

Армандарын,

армандарын,

армандарын халқымның,

Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Қайырмасы:

Үйге тапсырма: Домбыра туралы балладаны жаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сазды аспаптар сыры.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың халық музыкасы.
«Домбыра дастан»
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазағымның қазынасы-домбыра
Қазақтың ұлттық аспаптары
Дәстүрлі күйшілік өнер
Домбыра аспабы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3439 | Қосты: КАйрмденова Кымбат Жамбуловна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык