Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4521 |
|
|
|
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар , әріптестер!
бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысын бастауға рұқсат беріңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауы.
2-жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің мұғалімдер арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Осы сайысымызды бастамас бұрын қонақтардың арасынан әділ қазылар алқасын сайлап алайық .Отырыңыздар ,жайғасыңыздар .
2-жүргізуші Сайысқа бес адамнан екі топ қатысады .Бүгінгі сайыс осындай кезеңдерден тұрады.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру.
2. Таныстыру.
3. Кім жылдам ?
3. Дода.
4.Сурет бойынша «Жыл мезгіліне» әңгіме құрастыру
5 . «Сөз мәйегі-мақал» сайысы
6. «Адасқан сөздер»
7. Әріптер сайысы.
Қазақ тіліне тән әріптермен сөздерді айту.
8. «Өнерпаз болсаң...»-үй жұмысы
2-жүргізуші Ендеше ,бүгінгі сайысқа қатысушы екі топпен танысболайық .
І кезең. Өздерін таныстыру , (визитка)экранға назар аударыңдар.
Таныстыру.
І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»
ІІ-топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған
ІІ кезең.
1-жүргізуші: «Кім жылдам?»( Қай топ жылдам сөздерді табады солтоп 1-ші бастайды)
ІІІ кезең
2-жүргізуші :«Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 7 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
І топ: «Жасқыран
1. Наурыз мейрамы қашан болады?
2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
3. ҚР Мемлекеттік тілі?
4. Бір жылда неше мезгіл бар?
5. Наурызда пісірілетін басты тағам?
6. ҚР-ң рәміздерін ата.
7. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім?
ІІ топ: «Топжарған»
1. Ұлттық киімдерге не жатады?
2. Наурыз қандай мереке?
3. Беташар қашан айтылады?
4. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата.
5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
6. Абай Құнанбайұлы кім?
7. Көктем айларын ата.
ІҮ кезең.
1-жүргізуші:Әңгіме құрастыру .
Жыл мезгілі бойынша әңгіме құрастыру
Жаз— «Жасқыран» тобы
Көктем— «Топжарған» тобы
Музыкалық нөмір «Наурыз тойы» 6-сынып қыздары орындайды
Ү кезең.
2-жүргізуші:«Сөз мәйегі-мақал»
Сайыскерлер тіл туралы мақалдар айтудан жарысады.
Мақал-мәтелдер-« Жасқыран» тобы
1.Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
2.Піл көтермегенді- желмен тең.
3.Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.
4.Айтылған сөз, атылған оқпен тең.
5.Жақсы сөз жарым ырыс.
Мақал-мәтелдер—« Топжарған» тобы
1.Тіл қылыштан өткір.
2.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
3.Тілден артық қазына жоқ.
4.Жыланның уы тісінде, адамның уы тілінді.
5.Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
ҮI кезең
1-жүргізуші:« Адасқан сөздер»
Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Жасқыран»тобы
Піседі, алма, амұрт, Алма, алмұрт піседі.
Соғады, жел, суық, Суық жел соғады.
Ұшып, кетеді, құстар, Құстар ұшып кетеді.
Сарғаяды, жапырақ. Жапырақ сарғаяды.
Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Топжарған» тобы
Демалдым, таза ауамен, мен. Мен таза ауамен демалдым.
Жапырақтары, ағаш, жап – жасыл.Ағаш жапырақтары жап – жасыл.
Шықты, балалар, тауға. Балалар тауға шықты.
Жақсы, бүгін, ауа райы. Бүгін ауа райы жақсы.
Музыкалық нөмір—«Жаса, Қазақстан»-8-сынып оқушысы Анна Рожанская орындайды
ҮІІ кезең.
2-жүргізуші:Әріптер сайысы»
«Қазақ тіліне тән дыбыстардан сөздерді құрастырып айту »
(Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздерді айту. )
ҮІІІ кезең.
2-жүргізуші: «Өнерпаз болсаң...» - үй тапсырмасы
Мұғалімдердің дайындап келген өнеріне тоқталайық.
Мұғалімдер вокал тобы « Қазақтың дастарқаны » өлеңін орындайды.
«Қазақша би»- орындайтын 7-сынып оқушылары Аканова Камила,Жумабаева Аина
Сайыс қорытындасымен таныстыруға, келесі сөзді әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Қорытынды:
жеңімпаз топты марапаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |