Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2223 |
|
|
|
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту;өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» сайысымызға қош келдіңіздер!
Ұлы Қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.Осындай мақсатпен 5-эксперименталды сынып арасында «Тіл тағдыры- ел тағдыры» атты сайыс ұйымдастырылып отыр.
Ешбір іс-шара қазыларсыз өтпеген.Қазылар алқасымен таныстыру.
1.___________________________________________________________
2.___________________________________________________________
3.___________________________________________________________
Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар. Ендігі кезекте сіздерді сайыстың шартымен, кезеңдерімен таныстырып өтейік.
Сайыс 10 кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша сайыскерлер жауап берулеріне байланысты 1-5 ұпаймен бағаланады.
1-кезең. Таныстыру.
2-кезең. Бәйге (сұрақтарға жауап беру)
3-кезең.Мақал – сөздің мәйегі.
4-кезең. «Ассоциация».
5-кезең. « Сөз тапқанға,қолқа жоқ»
6-кезең. Жаңылтпаш.
7-кезең. Сын есімдер әлемінде
8-кезең. «Ой толғау»
9-кезең.Топ басшылар сайысы.
10-кезең. «Берекелі дастарқан ».
Сайыскерлерді екі топқа бөлдік: 1 – топ « Абай ауылы »
2-топ «Ыбырай ауылы». Екі топқа да сәт сапар тілейміз!
1-кезең. Таныстыру.
Қазір бізде танысу бөлімі. Әр топ өзін таныстырып өтеді;
Командалар ұраны және ақындардың өміріне қысқаша тоқталып айтып өтеді. Абай ауылының ұраны-Абай өлеңі, Ыбырай ауылының ұраны - Ыбырай өлеңі. (әділ-қазылар алқасына оқушының тіл мәдениетіне ,мәнерлеп оқуына, сахнада тұрып өзін ұстауына көңіл бөлу)
«Абай ауылы» тобының ұраны
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол.
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік , мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпанын білсеңіз.
Талап еңбек , терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой- бес асыл іс көнсеңіз....
«Ыбырай ауылы» тобының ұраны
«Өзен»
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
2-кезең. Бәйге (сұрақтарға жауап беру)
Бұл бөлімде сайыскерлер 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.Әрбір дұрыс жауап - 1 ұпай.
1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
2.Қазқтың тұңғыш педагог – жазушысы кім? (Ы.Алтынсарин)
3.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)
4.Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
5.Қазақстан Республиксының рәміздері (ту,елтаңба, гимн)
6. 100 жасаған ақын (Жамбыл)
7.Киіз үйдің төбесі (шаңырақ)
8. «Тар жол тайғақ кешу» романын кім жазды? (С.Сейфуллин)
9. Тілдің қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан,жіңішке)
10. «Күй» поэмасының авторы кім? (І.Жансүгіров)
3-кезең. Мақал – сөздің мәйегі.
Мақал – мәтелдің түсіп қалған сыңарын тауып айту.
1.Құлақтан кірген суық ...........
Жүрекке барып мұз болар. (сөз)
2.Таза мінсіз асыл ...........
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады. (тас)
3.Бас кеспек болса да, ..... кеспек жоқ. (тіл)
4.Сөз анасы –құлақ, .... анасы - бұлақ. (су)
5.Ілім – бұлақ, .... – шырақ. (білім)
6.Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын. (сегіз)
7.Тіл тас жарады, тас жармаса ..... жарады. (бас)
8.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ... біл. (ілім)
9.Қаһарлы сөз .... бұзар. (қамал)
10.Айтылған сөз атылған ..... тең. (оқпен)
11.Ине көзінен сынады, ...... сөзінен сынады. (шешен)
12. ..... сөз – жарым ырыс. (Жақсы)
4-кезең. «Ассоциация».
Сайыстың шарты: Екі топқа сөздер беріледі. Сол сөздерге Ассоциация құраймыз.
Табиғат Қазақстан
Абай ауылы Ыбырай ауылы
Су Елтаңба
Тау Тәуелсіздік
5-кезең. « Сөз тапқанға,қолқа жоқ»
Бұл кезеңде топқа әріп беріледі.Сол әріптен басталатын сөз айту керек.Ал екінші топ айтылған сөздің ең соңғы әрпінен басталатын сөз айту керек.
Алма-ана –ақ-қара
6-кезең. Жаңылтпаш.
Келесі сайыс шарты Жаңылтпашты қай топ сайыскерлері тез және нақты оқыса сол топ жеңімпаз аталады.
- Следующий конкурс посвящен скроговоркам. Какая команда прочитает скроговорку быстро и разборчиво?
7-кезең. Сын есімдер әлемінде
Сын есімдер әлемінде (В мире прилагательных)
Берілген зат есімдерді сын есімдермен безендіру (әрлендіру)Қай топ көбірек сын есімдермен тіркестірсе сол топ жеңеді.
- А теперь мы будем украшать слова. А украшениями будут прилагательные, какая команда больше придумает прилагательных, сочитающихся с данным существительным. Командам необхадимо охарактеризовать слово(подобрать прилагательные)
Кітап Адам
Абай ауылы Ыбырай ауылы
8-кезең. «Ой толғау»
Бұл кезеңде әр топқа суреттер беріледі.Сол берілген суреттер бойынша мәтін құрастыру керек.
9-кезең.Топ басшылар сайысы.
Қазақстан сөзімен сөздер құрау (1 мин уақыт)
10-кезең. «Берекелі дастарқан ».
Әр ауылдың тұрғындары өз дастархандарын жайды.Қазылар алқасы сол дастарханды бағалайды.
Қорытынды бөлім.
Сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазыларымызға сөз берейік.
Міне осылайша «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы.Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ.
Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |