Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақтың дастарқаны. Бастауыш пен баяндауыш


Қазақтың дастарқаны. Бастауыш пен баяндауыш

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны. Бастауыш пен баяндауыш

Сабақтың мақсаты:
білімділік:  оқушыларға  «Қазақтың дастарқаны туралы»
                      мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге
                      келтіріп пысықтау,тиянақтау,грамматикалық
                     ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын
                     қалыптастыру.
                                  
                      тәрбиелік:  сауатты, көркем жазуға үйрете отырып
                                           ұқыпты болуға тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту;
                     дамытушылық: тез ойлап, ойды жүйелеп айту дағдысын 
                                           қалыптастыру,   шығармашылыққа баулу, ауызекі
                                           сөйлеуге  дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.  
Сабақтың типі:              жаңа сабақ
Сабақтың түрі:              аралас сабақ
Сабақтың әдісі:             интерактивті оқыту әдісі,өзіндік ізденіс, сұрақ-
                                          жауап, бейнелеу,  баяндау.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі   
Пәнішілік байланыс:   лексика  
Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, топшама,кесте,суреттер.
 
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
а) сыныпты түгелдеу, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың сабақты бастауға көңіл-күйі, оқушы назарын сабаққа аудару;  
 
ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау.
      Сұрақ-жауап: (оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген үстел үстіндегі номерленген шынылардың бірін тандап сұрвқтарга жауап береді)
1. Қазақтың ұлттық тағамы не?
2. Жылқының етінен не дайындалады?
3. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?
4. Ұлттық тағамдар нешеге бөлінеді?
5. Сусындарға нелер жатады?
6. Тағамдарға нелер жатады?
7. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
8. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
9. Тұрлаулы мүшелерді ата. 
10. Тұрлаусыз мүшелерді ата
 
 ІІІ. Жаңа сабақ «Қазақтың дастарқаны»
Жаңа сабақ үй тапсырмасымен байланыстыра отырып түсіндіріледі.үй тапсырмасының сұрақтарына жауап берген кезде ұлттық тағамдар қойылған дастарқан шығады.
 
- Балалар тақтада не  көріп тұрмыз?
- Бұл қандай дастарқан?
- Қазақтың дастарқанына нелер қойылады екен?
- Грамматикалық тақырып (бастауыш баяндауыш. Жоғарыда көрсетілген сұрақтаға қарай отырып, грамматикалық тақырыппен ережесі шығарылады)
Кім?,не?, кімдер?,нелер? Не істеді?, неғылды?, қайтті?
Қазақтта ұлттық тағамдар алуан түрлі
Кім? Не? деген сұраққа жауп беріп, сөйлем иесін білдіреді
Бір сызықпен сызылады.
Сыйласқанның суын іш.
Не істеді?, неғылды?, қайтті деген сұраққа жауап беріп, бастауыштың іс әрекетін білдіреді.
Екі сызықпен сызылады.
 
Жаңа сөздер
Сөздікпен жұмыс 
Интерактивті тақтада жаңа сөздер жазылады.. 1-2минут уақыт беріледі,кейін сүртіп, оқушылардың есте сақтауы тексеріледі. Балалар дәптерлерін өзара алматыру арқылы тексереді.
Дәм-еда, пища
Аттамайды – не  перешагивают
Ауыз тимей- не попробовав
Дәннен жасалған - растительная
Қуырған бидай – жаренная пшеница
Көп күттіруге – заставить долго ждать
Ірімшік – творог
 
Мәтінмен жұмыс (мәтінді балалар бірнеше рет оқиды, оқушыларға сұрақтар қойылады,әр сөйлемнің бастауышы мен баяндауышы табылады)
Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқаныңда тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта,қазы,жал, жая жатады. Сүт тағамдары- ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағмдар тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары – бауырсақ, шелпек. 
Тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
 
Сұрақтар:
1. Қазақта неден үлкен нәрсе жоқ?
2.Неден аттамайды?
1. Дастарқаннан не істемей кетуге болмайды?
2. Қазақтың ұлттық дастарқаныңда негізгі тағамның неше түрі бар?
3. Олар қандай тағамдар?
4. Ет тағамдарына нелер жатады?
5. Сүт тағамдарына нелер жатады?
6. Нан тағамдарына нелер жатады?
7. Тамақ ішуге шақырғанда нені күттіруге болмайды?
 
Грамматикалық тапсырма. ( топшама түрінде беріледі)
Сөйлемнен бастауышпен баяндауышты тауып, морфологиялық талдау жаса.
1.Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.
2.Еттен түрлі тағамдар жасайды.
 
Адасқан сөздердің өз орнын тап.
1. Қойылады, ең, дастарқанға, алдымен, нан.
2. Түрлі, тағамдар, жасайды, еттен.
3. Еті, өте,сіңімді,болады,жылқының.
4. Үлкен, нәрсе,дәмнен,жоқ, дастарқаннан.
5. Суын,іш, сыйласқанның.
 
Сөйлесім. (Екі оқушы бір-бірімен өзара сөйлеседі)
- Сен тамақты күніне неше рет ішесің?
- Мен тамақты күніне төрт рет ішемін.
- Бүгін таңертең сен не іштің, ане жедің?
- Мен айран ішіп, май мен нан жедім.
- Сенің сүйікті тамағың не?
- Менің сүйікті тамағым қуырдақ
- Қазақтың дастарқанының басты таңамы не?
- Қазақтың дастарқанының басты тағамы ет.
- Қазақтың қандай ұлттық сусындарын білесің?
- Қазақтың ұлттық сумындары айран, қымыз,шұбат
 
Бекіту (бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер. Тест жұмысы).
1. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
Айран ет
шұжық                          қазы
2. Қазақтың ұлттық сусынын көрсет: 
Қымыз сүт
шырын су
3. Дастарқанға ең алдымен не қойылады? 
Сүт қант
сусын нан
4. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
3 4
5 2
5. Тұрлаулы мүшелерді көрсет: 
Толықтауыш,анықтауыш                 пысықтауыш,анықтауыш
Бастауыш,баяндауыш                      толықтауыш, бастауыш
6. Кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөйлем мүшесі 
Анықтауыш            Бастауыш
         Толықтауыш             пысықтауыш
Үйге тапсырма: 2- тапсырма, 150 бет
Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық тағамдар 6 сынып
Қазақтың ұлттық дастарқаны. Қосымша. Көптік жалғауы
Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау
Ұлттық тағамдар
Қазақтың ұлттық тағамдары
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау
Ұлттық тағамдар
Ұлттық тағамдар
Қазақ тілінен емтихан билеттері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5808 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык