Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау


Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау

ІІ Сабақтың мақсаты:
1 Білімділік:оқушылардың  қазақтың ұлттық тағамдары туралыбілімдерін толықтыру. Түсінгенін еркін, жүйелі түрде әңгімелей білуге дағдыландыру. Етістікті қайталау, алған білімдерін пысықтау. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасауға дағдыландыру, тәуелдік, септік жалғауларын қайталау.
2  Дамытушылық:оқушылардың танымдық,есте сақтау,ойлау, шығармашылық қабілеттеріндамыту. Сөздік қорын молайту.
3 Тәрбиелік: әдептілікке,дастарханды,қонақты сыйлай білуге тәрбиелеу.
ІІІ Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,әңгімелеу,салыстыру, ойын элементін қолдану, жаттықтыру, Синквейн әдісі, ТҚЖ қолдану.
ІҮ Сабақтың түрі: аралас
ҮСабақтың көрнекілігі: ұлттық тағамдар бейнеленген,тапсырмалар көрсетілген  слайдтар, бейнетүсірілім.
ҮІ Сабақтың өту барысы: 1 Ұйымдастыру.
2 Үй тапсырмасын тексеру: 1 «Ұлттық тағамдар» мәтінінің мазмұнын айту. 
2 «Сөздер ұйқасы» ойыны арқылы  «Ұлттық тағамдар» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді тексеру.
дорого-қымбатлестница-баспалдақ
верблюжьемолоко-шұбатжареноемясо-қуырдақ
брови-қасплотно-тығыз
пища-аскобыльемолоко-қымыз
3 Өткен сабақта танысқан жаңа сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем құру.Слайдтта берілген суреттерді пайдалану.
4 Қорытындылау.
3 Жаңа сабақ:     Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау.
1 Сабақтың мақсатымен міндетін айту.2 Кіріспе сөз.
3 Мәтінмен жұмыс.а) оқу (мұғалім)ә) оқу (оқушы)     
б) Жаңа сөздермен жұмыс.
дәм-пищаауыз тию-пробоватьдәннен жасалған-растительныйбидай-пшеницакүту-ждать
-Жаңа сөздерді айтып жаттығу (мұғалімнен кейін қайталау,хормен,жеке оқу).
-Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құру.
в)  Мәтінді түсініп оқу.г)  Сұрақтарға жауап беру.
-    Қазақтар  дастарханды қалай сыйлаған?
-    Келген қонаққа қандай құрмет көрсетеді?
 -   Тамақтың негізгі түрлерін атаңдар.
 -   Ет тағамдарына не жатады?
 -   Сүт тағамдарына не жатады?
 -   Нан тағамдарына не жатады?
-    Дәннен жасалған тағамдарға не жатады?
д) Сұрақтарға сүйене отырып, мәтіннің мазмұнын айту.
4 Диалогпен  жұмыс.Үлгі бойынша сөйлесейік. Сендер қонақ шақырғанда, қандай тағамдар   дайындайсыңдар? 
Диалог 1 -Сәлем,Әсет.
-Сәлем,Нәзира.
-Қош келдің, төрлет.
-Рахмет.
-Әсет,мен саған арнап бауырсақ,құймақ,палау пісірдім,дәм тат.
-Рахмет,Нәзира,өте дәмді.
Диалог  2-Сәлем,Саша.
-Сәлем,Катя.
-Қош келдің,жоғары шық.
-Рахмет.
-Саша,мен саған арнап бесбармақ,бауырсақ дайындадым. 
Дүкеннен шұбат сатып алдым. Дәмін тат, ұялма.
-Рахмет,Катя, бәрі өте дәмді екен. Сен де маған қонаққа кел,күтемін.
Диалог  3-Маша,сен қайда бардың?
-Мен қонаққа бардым.
-Сен кімге қонаққа бардың?
-Мен Маратқа қонаққа бардым.
-Марат саған қандай тағам дайындады?
-Марат маған ет қосылған картоп дайындады.
-Марат, саған кім қонаққа келді?
-Маған қонаққа Маша келді.
-Сен оған қандай тағам дайындадың?
-Мен оған ет қосылған картоп дайындадым.
5  Ал  әдемі мерекелік дастархан басында біз көңілімізді қалай көтереміз? Ән айтамыз ба?Біз сендерге «Дастархан» әнін ұсынамыз. (Ән айту)
Қонаққа барғанда немесе қонақ келгенде қандай сыпайы сөздер айтылады?   -Дастархан басында өзімізді қалай ұстауымыз керек? (Ережелермен танысу)
1 Дастархан басына бас киіммен отырма.2 Үстелге шынтақтама.
3 Аузыңды асқа толтырып сөйлеме.
4 Тамақты дыбыс шығармай ішуге тырыс, қасықпен ыдысты тарсылдатпа.
5 Үстелдің ар жағына қол созба, сыпайы  түрде алып беруді өтін.
6 Тамақтан кейін шанышқы мен пышақты тәрелкеге қой.
7 Шай ішкенде,қасықты ыдыста қалдырма.8 Аузыңды қолыңмен сүртпе.
7Балалар, жоғарыда аталған тағамдардың қалай дайындалатынына назар аударайық. Эфирде оқушылардың күшімен дайындалған  «Дәмді және тез» бағдарламасы.«Бауырсақ» ұлттық тағамын дайындау тәсілімен танысу.
(бейнетүсірілім)
8 Оқулықпен жұмысМақал-мәтелдің аудармасын табу.125-бет 1-тапсырма
9  Тапсырмалармен жұмыс.а) «Жеу» етістігін өткен, осы, келер шақта жіктеу.
ә) «Дастархан» сөзін тәуелдеу, септеу.б) Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.Оларға синтаксистік талдау жасау. Етістіктерді тауып,түрін ажырату, шағын, райын анықтау.
1 Анам ,дайындады,жылқының етінен,бесбармақ.2 Жегім келеді,мен,қуырған бидай.3 Мерекелік,дастархан,дайында,қонақ келсе.
10 Тақырып бойынша бес жолды өлең құру.
1 Тағам
2 Дәмді, ыстық.
3 Дайындадым, жедім, ұнайды.
4 Ұлттық тағам дайындауды үйрендім.
5 Тамақ, ас.
4 Бекіту, қорытындылау:     -Тамақтың негізгі үш түрін атаңдар.
-Ет, сүт, нан, дәннен жасалған тағамдарға не жатады?
-Етістік дегеніміз не?Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
-Етістік мағынасына, құрамына қарай қалай бөлінеді?
- Етістіктің шақтарын, райларын атаңдар.
-Бүгінгі сабақта қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Осы жаңа сөздермен  және «дастархан» сөзімен қандай сөз тіркесін, сөйлем құрай аласыңдар?
5 Үй тапсырмасы: 1«Мерекелік дастархан» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.2 Жаңа сөздерді жаттау.3 Етістікті қайталау.6 Оқушыларды бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық тағамдар 6 сынып
Ұлттық тағамдар
Қазақтың ұлттық тағамдары
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
Отбасы дастарханы
Етістікті қайталау. Ұлттық тағамдар
Ұлттық тағамдар
Қазақтың дастарқаны. Бастауыш пен баяндауыш
Ұлттық тағамдар
Қуыршақтар қонаққа келді
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8598 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык