Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Баяндауыш


Баяндауыш

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты: а)Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы түсінік беру.

                                          Баяндауыштың құрылысына қарай жіктелуін,баяндауыштың                          

                                          қандай сөз таптарынан болатындығын мысалдар арқылы              

                                          түсіндіру.

                                     ә )Есте сақтау,ойлау қабілеттерін,зейінін дамыту.

                                     б ) Адами қасиеттерге/әдептілікке,адамгершілікке/   баулу.

                                          Шапшаңдыққа,мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: Оқулық,интерактивті  тақта, карточкалар.

Сабақтың  түрі:   Жаңа ұғымды қалыптастыру сабағы.

Сабақтың  әдісі:  Б.Блум жүйесі бойынша ,сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдері

Сабақтың барысы:   I   Ұйымдастыру кезеңі.

                                      II  Үй тапсырмасын сұрау.

                                          1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не?

                                          2.Бастауыш,бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі.

                                          3.Бастауыш  болатын сөз таптары.

                                          4.Құрап келген сөйлемдерін тексеру.

                                       III  Жаңа сабақ.

Білім.    Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы  мүшелердің бірі.Баяндауыш бастауыштың іс-әрекетін,             қимылын,жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

 

Құрылысына қарай:

Сұрақтары:Не істеген?Не қылған? Қайтті?Не болмақ? Немене?        Қалай?Кімдікі? Ненікі?

 

Дара

 

Заман өзгерген,білімді күшейген.

Қазына-халықтікі.

Күрделі

Абай күрсініп қояды.

Олжабек шалқасынан түсе жаздады.

Үйірлі

Қиыны бұл дүниенің-қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет-уайым жеу.

 

Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұрады.

Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:

 

Баяндауыш болатын сөз таптары:

Сөйлемдер

Етістіктер

Жаңа техникамен өнімді еңбек етуге болады.

Біз ұшқыш болуға уәделесіп қойғанбыз.

Сын есімдер

Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

Тау жақтан ескен самалдың лебі салқын.

Зат есімдер

Сендер бақытты адамсыңдар.

Дәрігер ардақты мамандық.

Сан есімдер

Бұлар он бес.

Үш жердегі үш-тоғыз.

Есідіктер

Біздің қақпа әне.

Медеуі-мен.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

Мылтық даусы тарс етті.

От жылт етті.

 

Түсіну. 1.  Берілген сөйлемдерден баяндауыштарды тауып, құрамына қарай талда.Баяндауыштардың қандай сөз таптарынан жасалып тұрғанын анықта. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.

1.Өзіңді біле түскен сайын парасаттылығың арта түседі./Қ. Насыри/

2.Мінез-құлық-әркімнің өзінің кейпін көрсететін  айна./И.Гете/

3.Мінезі қалыпты адамның  өмірі  жаймашуақ./Демокрит/

4.Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды./Ж.Аймауытов/

5.Баланың жақсысы-қызық,жаманы-күйік. /Абай/ 

 

2. «Сәйкестендіру» стратегиясы бойынша.

1.Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы                                       міндет етпе.

2.Адам бола білу-                                                                                                      өзімнен...

3.Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды                                                ішпейді.                                         

4.Жақсылық  көрсем                                                                                                        ең қиын  мамандық.     

5.Есті кісі ерегеспейді,көпшіл адам бөлек                                                       ақтап бола алмайды.

 

Қолдану    1.38-жаттығу.Берілген сөздерді баяндауыш етіп сөйлем  құраңдар.

...-ынтымақ. ...-байлық.  ...-оқу.  ...сәлем берді. ...-төрт.  ...бөлінбейді. ...-жетім. ...білерсің.  ...жаман. ...арсыз.

 

 2.  Карточкамен жұмыс.

Берілген баяндауыштарды қатыстырып,сөйлем құра,баяндауыштардың қай сөз табынан екенін  анықта.

                1-топ  Көтерілді, отыз алты,инабатты,татумыз.

                2-топ  Аралады,мен,тарс етті, қырық сегіз.

 

 3.«РАФТ»стратегиясы бойынша

   Тақырып:1.Ұстаз.   3.Оқу.

                      2.Достық.   4.Ата-ана.

             Р                                                        А                                                     Ф                                   Т

Кімдер жазады?

Кімге жазады?

Қай түрде?

Қай тақырыпта?

Оқушы,ұстаз,ақын,ғалым

т.б.

Халыққа,мектепке,оқушыға

т.б.

Хат.мақала,өлең т.б.

Ұстаз,достық,оқу,

ата-ана т.б.

                                  

 

Талдану.1.39-жаттығу.Мәтіннен дара,күрделі баяндауыштарды тауып,жасалу жолдарын   түсіндір,қай сөз табынан болып тұр.Қарамен жазылған сөздерді мағынасына,құрамына қарай талда.   

2.Жүр,еңбектенді,ақтады,тыңда сөздеріндегі дыбыстарға математикалық мінездеме бер.

3.Егемендік,сәбиді,балалар сөздеріне фонологиялық талдау жаса.

 Жинақтау.1Берілген тірек сөздер арқылы сөйлемдер құра.Баяндауыштарын тауып,қай сөз табынан екенін түсіндір.

Көрікті,адам,әдебімен,болмақ

Үлкендер,алдын,кетпек,отырған,орап,жерде, болар.

Көрсететін,сыпайылық, сөздерді,реңк,қолданған,жиі,дұрыс,болмақ.

Алу,жаттап,жай,сөздерді,сыпайылық,жеткіліксіз,болмақ

 

2.Сағат тілінің бағытына қарай бір көзден тастап отырып оқы. Шыққан сөйлемнің баяндауышын тауып, құрылысына қарай талда, қай сөз табынан болып тұрғанын анықта.

1. Мезгіл сәске түс болып қалған екен.

2. Есіркеп тұратын үйдің іші сіз көргендей емес.

3. Жақсы адам алғыс алар, жаман адам қарғыс алар.

4. Еріншекке есік те тау көрінер.

5. Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.

6. Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік – данадан.

IV   Бекіту.  1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы.

                     2.Баяндауыштың жасалу жолдары.

                     3.Баяндауыш  болатын  сөз таптары.

V  Үйге.   1.Тапсырма: Жерден ауыр не?

                                          Судан терең не?

                                           Оттан ыстық не?

                                           Көктен биік не?

                 2.Ережелерді оқу.

                 3.Көркем шығармадан мысалдар жазып, баяндауыштарының жасалу жолдарын

                   түсіндір.

VI   Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара, күрделі және үйірлі баяндауыш
Бастауыш
Баяндауыш
Баяндауыш пен бастауыштың арасындағы сызықша
Баяндауыш
Тұрлаулы мүшелер
Сөздердің байланысу тәсілдері
Баяндауыш
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 21207 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык