Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бесік тойы


Бесік тойы
«Балдырған» ересектер тобындағы ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«____»__________20¬___ ж. Апта күні _______________ Педагог_________________
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Ұлттық дәстүр – асыл мұра»
вариативтік курсы
Тақырыбы: Бесік тойы.
Мақсаты: Баланы ұлттық салт дәстүрімізді есте сақтап, оны қадірлей білуге, бала дүниеге шыр етіп келгеннен оны шілдехана тойында бесікке салудың не екенін үйрету, көрсету. Баланың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Бесік, қуыршақ.
Қажетті құрал-жабдықтар: Бесік, қуыршақ, көрпе, көрпеше, ақ жайма.
Сөздік жұмысы:
Билингвальді компонент: Бесік – колыбель, қуыршақ – кукла.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық - Қайырлы күн, балалар!
Күніміз сәтті болсын!
Балаларды дөңгелете отырғызып, ортаға бесікті қойып, бесікпен таныстыру.
Балалар баланы бесікке бөлеу үшін бесікпен бірге тағы не керек?
Бесік, астыңғы көрпеше, бас жастық, тізе көрпе, шүмек, белбау, аяқбау, бет пердесі.

- Рақмет.

Көрпе, көрпеше, жастық керек.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Балалар қазақта мынадай тыйым сөздер бар «бос бесікті тербетпе», «Бесікті ашық қалдырма», «Бей уақытта жылама» осыны естеріңде сақтаңдар. Яғни бесіктің ішінде бала жоқ болса, оны тербетуге болмайды, бесікті ашық қалдыруға болмайды.
Балалар онда бәріміз қуыршақты бесікке бөлеп, әлдилеп ұйықтатайық. сендер қарап отырыңдар.
Әй- әй бөпем, әй бөпем,
Ән айтамын, бал бөпем.
Ән тыңдағың келсе егер,
Және айтамын, жан көкем
Бөпем менің ай ма екен
Шекер ме екен, бал ма
Әй- әй бөпем, әй бөпем
Ұйықтадың ба, бал бөпем.


Балалар бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды (айнамен)

Тақпақты қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар қайталап айтады.
Рефлексиялық - түзетушілік Суреттер арқылы сөздерді қайталау.
Балалар жеке және хормен қайталайды.

Күтілетін нәтиже:
біледі: бесік және оған керекті құралдарды біледі;
игереді: бесікке салу дәстүрін игереді;
меңгереді: бесікке қатысты тиымдарды меңгереді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Wild animals
Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.
Мен өсіп келемін
Бесік жыры.
Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ардақтайық!
Бесіктің сызбасын сызу
Winter is white
Winter is white
Бесік жырының тәрбиелік мәні
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3418 | Қосты: Алькеева Орал Рамазановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык