|
|
Сабақтың тақырыбы: Бесіктің сызбасын сызу
Бесік - нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Ол көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта: «Ел болам десең бесігінді түзе», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді» деген ұлағатты сөздер бар.
Мәдени мұраларымыздың бірі бесік – ұлттық өнеріміздің туындысы, салтыфмыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие құралы. Көшіп – қонып жүрген халқымыздың ғасырлар бойгы жинақтаған тәжірбиесінен туындаған уақыт, заман сынынан сүрінбей өткен, киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі де,тұрмысқа бейімділігі де бала өміріне пайдалылығы да орасан зор.
Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында бар, тек жасалуы жағынан түрліше. Қазақ бесігі бірнеше бөлшектерден тұрады:
• бөген- бесіктің екі басы;
• жорға – доғолша келген табаны;
• белағаш немесе арқалығы;
• бесіктің төсегі.
Бесіктің екібасы доғаша иіліп немесе бөлек ағаштардан қиюластырып жасайды да, ортасына өрнекті тақтай орнатылып,төменгі ұштары дөңес табанмен, яғни жорғаға, ал төбесі арқалықпен не белағашпен қосылады. Бесіктің төсегі тақтайдан (фанера, ДВП,т.б.) салынады. Бесікке қоса жасау - жабдықтарының өзіңше атауларын да білген жөн.
* ШИ Бесік жабдықтарының үстіне, түбек бекітілетін тұсында ойығы бар, тоқылған ши төселеді.
* ЖӨРГЕК. Жұка, талдырып басылған киіз төсеніш. Немесе арасына мақта салынған,сырылған көрпеше.Түбекке тура келетін тұсы ойылады.
* ҚҰС ТӨСЕК. Жөргектің үстінен төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек тұсында ойығы болады.
* ЖАСТЫҚ. Бесіктің енімен сәйкес келетін,арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.
* КӨРПЕ Жай матадан әзірленген көрпені жас күндерінде, ал қыс кундерінде арасына мақта салып қабылған көрпе қолданылады.
* КЕПІЛ Нәрестенің жамбас тұсына,тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар түбек орналасқан ойықтың төңірегіне қойылады.
* ТАРТПА БАУ «ТАҢҒЫШ». Тартпа баулар құр тәрізді биязы жіппен тоқылады немесе екі-үш матаны қабаттап сырып , бауларын есіп әзірлейді. Тартпаның біреуі бөленген,құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің устенін таңылады.
Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады.
* ТҮБЕК . Ол күйдірілген саз балшықтан немесе мыс,жез,қанылтырдан әзірленеді.Сыртында киіз не былғары қабы болады.
* ШҮМЕК . Ол сүйектен,яғни қойдың асық жілігінен, не ағаштан жасалады.
* ЖАБУ. Бесіктің көлеміне сай жұқа селдір матадан тігілен, кестелегенген арнаулы жабу болады. Ол бесікке бөленген жас баланы маса,шыбыннан,күн көзінен,желден,суықтан қорғайды.
Осы айтылғандардан басқа балаға тіл—көз тимесін деп бесіктің басына үкі, тұмар, қарала моншақ, боялған асық т.б. нәрселер тағылады.
Халық: «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Дұрыс бөленген бесік көрген баланың дені сау,тәрбиесі түзу болады. Сондықтан баланы бесікке бөлеудің өзіндік мәні бар.Олай дейтініміз:
* Бесік женіл ағаштан ықшам жасалғандықтан, көшіп-конып жүргенде ат үстінде алып журуге де, жүкпен артуға да қолайлы.
* Бесікте жатқан нәрестеге желдің өті, жердің сызы тимеген. Көшіп жүргенде боран, жауын-шашын болсын бәрібір, немесе бірнеше уақыт бойы баланың жаялығын әлсін-әлсін ауыстырудың қажеті жоқ. Сондықтан бала суық тиюден аман өскен.
* Бесікке таңылған баланың қол-аяғы түзу болып өседі. Дене мүшелері дұрыс қалыптасуы үшін желкесіне , екі жамбасына арнайы жастықшалар қойлады. Тәніне жұмсақ тию үшін мамықтан төсеніш-көрпеше , жұмсақ жөркек , жаялық, жабу т.б. нәрселер қолданылады. Бесікте жатқан бала денесі нәжіс , зәр тиюден аман болады , тері ауруына шалдықпайды. Ол үшін арнайы түбек , шүмек жасалады. Нәрестенің нәжісі төгіліп шашылмас үшін , иісі шықпас үшін түбектің түбіне күл салып қояды. Ондай түбекті тазалауда оңай. Әдетте баланың дәреткен сүйектен жасалған шүмек арқылы түбекке ағады. Шүмек қойдық асық жілігінен жасалады. Ол майға қайнатылып, тазартылады. Демек бабаларымыз бала гигиенасына да назар аударған.
* Бесіктің белағашына әр түске боялған асық, түрлі-түсті сылдырмақтар ілінеді. Солар арқылы баланың көру қабілеті жетіліп, түр-түс реңдерді ажыратуы артады. Бұл әрі көздің қылиланып, шапыраштанбауына ықпалын тигізеді. Тербетілген бесіктің тербелуіне ілесе айтылған ана әлдиі-бесік жырын тыңдап өскен бала саз, әуен ырғағын тез қабылдайды. Порно на http://porno365.plus/categories Демек бала нәресте кезінен-ақ әуенге бейім болып өседі, есту қабілеті ерте қалыптасады.
* Бесікте тербеліп , шайқалып үйренген баланың басы кейін атқа шапқанда , ұшаққа , машинаға , кемеге мінгенде айналмайтын болады.
* Бесікке бөлеулі баланың анасының қолы бос болады, қайта-қайта жаялық жуып, жөргек ауыстырмайды. Анасы баласын бесікке бөлеп қойып, қауіп қатерсіз өз шаруасын тындыра береді, қажет кезде қамсыз дем де алады.
* Бесікке бөленген бала аунап, домалап кете алмайды, отқа, суға түсіп кету қаупіненде аулақ болады, ешқандай зиянды жәндік шаға алмайды.
Міне қазақтың жылы ұясы-бесіктің күнделікті тұрмыста , бала тәрбиесіне , баланың өсіп жетілуіне тигізетін пайдасы осындай . Енді баланы бесікке салу дәстүріне тоқталайық
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |