Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дыбыс үндестігі


Дыбыс үндестігі

Сабақтың тақырыбы Дыбыс  үндестігі

Сабақтың мақсаты :
                                  а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;
                                  ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;                                                                                                                                                                                                                                                    
                                  б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                  Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                             Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Үндестік заңы дегеніміз не?                 2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
3.Буын үндестігі дегеніміз не?                    4.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
5.Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшаларды білесіңдер?
6.Фонетика нені зерттейді?                      7.Буын дегеніміз не?
8.Буынның түрлерін ата?
                            б)   Жаңа сабақты түсіндіру :
                       Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы : қаздар (қазтар емес ), есептер ( есепдер емес ).
  Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді : ілгерінді ықпал,кейінді ықпал.
   Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз : тас-тан,жаз-ға,адам-нан.
  Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса,оған жалғанатынқосымша қатаңнан басталады.Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса,қосымша ұяңнан,ал соңғы дыбыс дауысты  немесе үнді дауыссыз болса,қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз.Мысалы :теп – теуіп.

Жаттығумен жұмыс : 324 – жаттығу.Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап,олардың неге түрліше жалғанатынын қандай дауыссыз дыбыстардан кейін көптік жалғауның бір түлі дыбыстың вариянты қолданылатынын түсіндіріңдер.
  Ана,әйел,әшекей,мерген,көрме,сөз,бұрым,көркемөнер,қзақ,қолғап,көзілдірік,жігіт.

Білімді бекіту : 1.Дыбыс ундестігі дегеніміз  не ?                2.Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
                            3.Ілгерінді ықпал дегеніміз не?                    4.Кейінді ықпал дегеніміз не?
Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма . 325 – жаттығу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Үндестік заңы
Үндестік заңы
Буын үндестігі
Жуан және жіңішке дауыстылар
Мәтінмен жұмыс
«Үндестік заңы», «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша
Үндестік заңы Ілгерінді ықпал
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 24916 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык