Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дыбыс және әріп


Дыбыс және әріп

Дыбыс және әріп

Алфавит

Дыбысты айтуға, құлақпен естуге, ал әріпті  көруге және жазуға болады. Мәселен, бала, бор, қалам, сия  сөздерін айтқанда, ондағы  б, а, л, о, р, қ, м, с, и, я  сияқты  дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысумен жасалғандықтан, құлаққа еркін естіледі. Бұл сөздерді құрастырып тұрған ең  кішкене бөлік – дыбыстар. Осыған орай сөздің ең кішкене бөлігін дыбыс дейміз.
Тілдің  дыбыстық жүйесінің өзіне тән орнықты дербес заңдары  бар. Мәселен, сөздерді айтып қана қоймаймыз, оны кейде дауыс жетпейтін жерге жеткізуге де тура келеді. Сөздерді ондай деңгейге жеткізу құралдары  - радио, телеграф, телефон, және теледидар. Бұлар болмаған жағдайда қолданылатын әдіс – жазу, таңба.
Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Әр елдің өзіне тән дыбыстарды белгілейтін шартты белгісі болады. Мәселен, қазақ халқы өз тарихында көне түркі, араб, латын, орыс графикасына негізделген шартты белгілер - әріп таңбалар  пайдаланды.
Қазір дүние жүзінде көп тараған жазудың түрлері - латын, орыс, араб, қытай  жазуы үлгісінде жасалған таңбалар.
Сөзде дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы (а-ш-ш-ы); аяқ (а-й-а-қ) сөздерінде, сондай-ақ орыс тілінен енген альбом, руль, съезд сөздерінде дыбыс санынан әріп саны артық. Әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары және олардың баспаша да, жазбаша да нұсқасының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Соны¬мен бірге әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. Әріптер белгілі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі. Осылайша әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз.
Қазақ тілінде 42 әріп бар. Олар: Аа (а), Әә (ә), Бб (бэ), Вв (вэ), Гг (гэ), Ғғ (ға), Дд (дэ), Ее (йэ), Ёё (йо), Жж (жэ), Зз (зэ), Ии (и), Йй (қысқа й), Кк(ка), Ққ,(қа),Лл (эл), Мм (эм), Ни (эн), Ңң(эң), Оо(о), Өө(ө),Лп(пэ),Рр(эр), Сс(эс), Тт (тэ), Уу(у), Ұұ(ұ), Үү(ү), Фф (эф), Хх (ха),һһ (һа), Цц(цэ), Чч (чэ), Шш (ша), Щщ (ща), ъ (айыру белгісі), ЬІы (ы), Іі (і), ь (жіңішкелік белгісі), Ээ (э), Юю (йу), Яя (йа).  
Алфавит деген сөз — грек алфавитінің алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа - грек әріптерінің бірінші әрпі де, бета екінші әрпі болып табылады. Кейін осы сөздер жазу жүйесінде белгілі бір тәртіппен тізілген әріптер жиынтығы бөлып, алфавит деп аталып кеткен.
Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмір үшін және еңбек процесін жеңілдетуде практикалық мәні аса зор. Мәселен, сынып оқушыларының тізімі және адамдардың аты жазылған барлық тізімдер алфавит ретімен жазылса, алфавитті жақсы меңгерген адамдар ғана оны жеңіл пайдаланады. Сондай-ақ, басқа тілді меңгеруде түрлі сөздіктермен жұмыс істейтін адамдар үшін де алфавитті дүрыс меңгерудің мәні ерекше. Сөздікпен жұмыс істейтін адамдарға ондағы сөздердің түзілу принципін білген жөн. Мәселен, бірінші әріп біркелкі әріптен басталған сөздер алфавиттік ретпен беріледі, олардың екінші, үшінші әріптері де реттілікті сақтайды. Мұны сөздердің ішкі алфавит тәртібі деп атайды. Мәселен:
қабақ — қас пен кездің арасы;
қабан — жабайы шошқа және еркегі;
қабат - қатар, рет, дүркін;
қағаз - ағаш, шүберек массасына жасалған жазуға арналған зат.
қада - діңгек;
қаз - қүс.
Мүндағы сөздердің басқы әрпі мен екінші әріптері алфавит тәртібін сақтаған.
1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңдер. Алфа¬вит тәртібін сақтап, сөз ішіндегі ешқандай дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңдер.
Қала, жер, орындық, сары, адам, щетка, балык, вагон, иық, ілгек, фабрика, заң, ән, ұршық, өрік, парта, лашын, чех, разъезд, дүйсенбі, тарақ, мал, нан, химия, съезд, бас, альбом, эпос, қол, руль, цирк,  яғни, юрист, қаһарлы, щи, біз, фильм, ыстық, үлкен, акт, педагог, грамматика, түз, әкім, сырнай, осы, сіңір, бет, шолақ, асфальт, география, етік, тың, фонетика, жұлдыз,  табыс.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дыбыстар.
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары
Дыбыс және әріп
Оқушыларды оқуға және сауатты жазуға үйрету
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 33401 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык