|
|
Тақырыбы: Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Мақсаты: Н н дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру. Кеспе әріптермен сөз құратып, жаздыру. Н н дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету.Буын туралы түсінігін кеңейту.
Логикалық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын дамыту. Баланың дүниетанымын кеңейту.
Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберіне тұру.
( Балалар бір-біріне жылы сөздер айтып , тілектер тілейді.)
ІІ. Үй тапсырмасы:
- Балалар, өткен сабақта қандай дыбыс пен әріп таңбасымен таныстық?
- П дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- П дыбысынан келетін сөздер айтып жіберейікші.
- Буыннан сөздер құрап жіберейік.
- ПАР- ТА, ПЕР –ДЕ, ПИ –МА, ПА- ПА, А-ПА, ДӘП-ТЕР, КІ-ТАП
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ:
Екі баған ортасында таған,
Ұқсайды оған қай әріп? (Н әрпі)
Әліппе дәптермен жұмыс.
- Балалар, дәптердегі суреттерді атап жіберейікші.
САНДЫҚ, НАР, КҮН
Сандық сөзінде н дыбысы қай жерде келіп тұр?
Нар сөзінде ше?
Күн сөзінде ше? Дұрыс айтасыңдар, Н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Н дыбысына дауысты дыбыстар қосып буындар құрау.
Н-- А НА , Н-- О НО, Н—У НУ
ІҮ. Сергіту сәті.
Ақ қоян тұршы
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Дәптермен жұмыс:
* Н дыбысын дәптерге таңбалап жазу
* Тақтаға жазу.
* Кеспе әріптермен тақтаға сөздер жазу.
Сурет бойынша жұмыс
- Балапан. Қоян. Арыстан.
- Айна. Шана. Нан.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау
Ү. Қорытынды:
- Балалар, бүгін біз қандай әріп таңбасымен таныстық?
- Н н дыбыс дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
- Кім н дыбысынан келетін сөздер айтады?
- Н н дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?
- Сабағымыз аяқталды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |