Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 6927 |
|
|
|
Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Өтілген дыбыстарды қайталау және әрпін таныстыру.
2. Сөздерді дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
3. Табиғатты сүйе білуге , қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың түрі: серуен сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап , тіл дамыту,қайталау.
Көрнекілік : қима әріптер , компьютерлік слайдтар , Ө әрпінің баспа және жазба түрі.
Пән аралық байланыс: дүниетану
І.Ұйымдастыру.
- Балалар , бүгінгі біздің сабағымызға қонақ апайлар келіпті.
- Қане амандасайық
- Саламатсыздар ма.
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру
- Балалар біз бүгінгі сабағымызда хайуанаттар бағына серуенге шығамыз.
Андардың тапсырмаларын орындай отырып , өткен дыбыстарды қайталап,жаңа
дыбыспен танысамыз.
- Ендеше,автобусқа отырып хайуанаттар бағына барайық, жеткенше әдептілік
сақтап , тыныш отырайық.
- Міне , хайуанаттар бағына келдік.
Кассадан билет алып кіруіміз керек.
Билет алу үшін тапсырмаларға жауап берейік.
1- тапсырма .Өтілген дыбыстарды қайталау А,Щ,Р,Л,Ш,С,У,Ы,Д,Т,М,Н,Ң,Ғ,Ж,І,Ә.
2- тапсырма . «Әріп тастамақ» ойыны.Әріптерді таратып беру , сол дыбыстардан басталатын сөздер ойлап айту.
3- тапсырма.Міне , балалар біз аюмен кездестік. Аю бізге бағанадағы сөздерді оқып беруімізді сұрайды.
Ән Сән Дәмді
Әнші Сәнді Дән
Әл Дәм Дәнді
4- тапсырма .
- Біз қарай жүріп , қасқырмен кездестік
- Қасқыр бізден мәтінді оқып беруімізді сұрады.
Атам – ауылда малшы атамның аты – Әлімжан .Ағамның аты – Әділ.Інімнің аты – Әмір.Әділ мал суарады.Атам саты жасады. Әмір ән салды.
- Балалар қасқырдың тапсырмасын тамаша орындадыңыздар.
- Жарайсындар!
Жаңа сабақ .Ө дыбысы мен әрпі.
А) Суреттен не көріп тұрмыз ?
- Өрік
- Өрік туралы не білеміз ? (оқушылар өз ойларын айтады)
Ә) Өрік сөзін бастап тұрған қай дыбыс ?
- Ө
Б) Ө дыбысын бәріміз бірге дыбыстайық.
(Ө – дауысты дыбыс,әндетіп айтуға болады)
В) Өрік сөзіне дыбыстық талдау жасайық.(дәптермен жұмыс)
Г) Ө әрпі қай әріпке ұқсайды ?
- О әрпіне.
Ғ) Өәрпін жазып көрсету
Жазу жолының ортанғы жағына қолымызды солға қарай иіп жазу жолының төменгі сызығына түсіп қолымызды жоғары қарай көтере отырып оңға қарай түзу сызық сызамыз.( ауада жазамыз 1,2,3)
5- тапсырма
-Балалар, бізге түлкі кездесті.
- Ол қаңдай аң ? (қу,айлакер аң)
-Ол бізге жұмбақтар шешейік,-дейді.
1. Тамақта жоқ , өнеште бар.
Қалашта жоқ , көмеште бар. ( Ө әрпі )
2.Көгеріп көп болады ,
Сарғайып жоқ болады. (Өсімдік)
- Жұбақтардан Ө дыбыс бар сөздерді тауып оқу (өнещ,көмеш,көгеріп)
Сергіту сәті
6- тапсырма
- Қоянмен бірге сергіту сәтін жасайықшы.
- Бармақ болып тоғайға
- Сұр көжегін жуынды...
- Бағанадағы сөздерді оқыту .(сөл,мөл,төл,өмір,өріс,өңір)
- Сөздік жұмысын жүргүзу.
- Біз хайуанаттар бағында зебралармен кездестік . Олар бізге мәтінді бірге оқиық деді
7- тапсырма.
Мәтінмен жұмыс.
Шырын.
А )Жеке оқушыларға оқыту.
Б )Тізбек бойынша оқыту.
ІІІ Сабақ қорыту
- Бізге бақта маймыл кездесті.
- Ол өзі де шырынды жақсы көреді екен . Бізден , шырын неден жасалды? –деп сұрайды
- Сендер білесіндер ме ?
- Шырын жеміс – жидектердің сөлдерінен ( алма, алмұрт,анар, жүзім,шие,өрік,апельсин,лимон,шабдалы,т.б. ) жасалады.(жеміс ағаштарының суреттері көрсетіледі)
- Міне , балалар біздің серуеніміз аяқталды.Хайуанаттар біздерге риза болды. Олар өте қуанышты!
- Мадақтау ( оқушыларға жұлдызшалар таратылады)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |