Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есімше туралы түсінік


Есімше туралы түсінік

Лексикалық тақырып: Қазақ халқының ән өнері

Грамматикалық тақырып: Есімше туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: Мәтінге сүйене отырып грамматикалық тақырыпты түсіндіру.Есімше туралы,оның жұрнақтарының қолданылуы жайлы түсінік беру. Оқулық, сөздік, қосымша материал бойынша сөйлей алу, жұмыс істеу.Тақырып бойынша сұраққа жүйелі жауап беру, әңгімені тиянақты баяндай білуге үйрету.

2.Дамытушылық:Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалыптастыру. Білік дағдыны, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Оқушының ойлау қабілетін, ой белсенділігін,әсемділік,сезімталдыққа баулу.

3.Тәрбиелік: Атақты адамдар өмірінен үлгі алып,елінің саналы азаматы болуына тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Қоғамдық идеялық көзқарасын қалыптастыру. Шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын беру сабағы.Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу,танымдық ойындар,өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс логикалық сұрақтар қою,деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың жабдығы: Кесте, портреттер, үлестірме қағаздар,видео, слайд, интерактив. тақта, электрондық оқулық.

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, ұжымдық 

Жаңа оқыту технологиясы: М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы».(Деңгейлік тапсырмалар,бағалау парақтары,оқыта-үйрету ойындары)
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Өздеріннің сабаққа дайындығын балл жүйесімен анықтау. 
-Балалар, сабаққа дайындықтарыңды бақылау үшін 5 баллдық жүйемен өздеріңді бағалаңдар.(Бұл мұғалімге баланың сабаққа  қандай деңгейде дайын екенін көрсетеді)
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
-Балалар,бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы:                                                                                                      Есімше (Причастие)

       Есімше -етістіктерше,есімдерше де түрленетін және солардың қызметін атқара  алатын етістіктің бір түрі.


                       Есімше шақ бойынша үш топқа бөлінеді:

 

-ған/-ген -ар/-ер/-р -шы/-ші
-қан/-кен -с

                                          Есімшенің түрлері

Дағдылы                                                                                 Мақсат
                   
-атын/-етін/-йтын/-йтін                                                      -мақ/-мек
-ушы/-уші                                                                           -бақ/-бек
                                                                                             -пақ/-пек

    Қызметі -ған/-ген,-қан/-кен -шы/-ші
-ар/-ер/-р -атын/-етін/-йтын/-йтін
1.Бастауыш Айтқаның дұрыс.
«Сказанное тобой верно» Саған айтарым осы.
«Это то,что я хочу тебе сказать» Айтатыным жоқ.
«Мне нечего сказать»
2.Баяндауыш Мен саған айтқанмын.
«Я тебе говорил» Ертең ол айтар.
«Завтра он скажет» Ол саған айтатын.
«Он бывало,тебе говорил»
3. Толықтауыш Сен айтқанымды түсіндің бе?
«Ты понял то,что я тебе сказал?» Мен айтарымды айттым.
«То ,что хотел сказать,я сказал» Мен  саған айтатынымды айттым.
«То,что я хотел тебе сказать,сказал»
4.Анықтауыш Мұны айтқан адам осында отыр
«Сказавший об этом,сидит здесь» Айтар сөзім осы.
«Эти слова,сказанные мной» Айтатын адамды тапқан екенсің.
«Тоже мне,нашел человека,который скажет»

ІҮ. Бекіту жұмыстары (жаттығулар, жұмыс түрлері, кластер, диаграмма құру)
4-тапсырма.

Жақ Өткен шақ Келер шақ Осы шақ
1 Жаз+ған+мын Жаз+ар+мын Жаз+атын+мын
2
2-с
3

7-тапсырма. Сөздерден есімшелерді көрсетіңіз..
1.Мен оқыған кітап.2.Айтқан сөз.3.Кеше келгенмін.4.Келмеген кісіні күтпе.
5.Мен көрген жоқпын.6.Сен көрген кино.7.Олар театрға бармақ.8.Сөйлемейтін адам.9.Болмайтын іс.10.Осында келмек.11.Мүмкін,сөйлермін.12.Ештеңе айтпас.

Электронды оқулықпен жұмыс.(тақырыпты түсіндіру)
Мәтінмен жұмыс.Слайд арқылы таныстырамын.
1.Мәтінді мәнерлеп оқу.     
2.Мәтіннің мазмұныны айтып беріңдер
3. «Ең қиын сұрақ!» оқыта- үйрету ойыны.(Оқушылар мәтінді жылдам,бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап,қағазға жазады.Жүргізушінің қолында сандықша болады.Соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады.Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып,дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.
Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.Білгірлерді құттықтаңыздар!)

                                                 Қазақ халқының ән өнері
     Қазақ халқы әнге бай.Біржан сал,Ақан сері,Абай,Жаяу ұса,Үкілі Ыбырай тағы басқа әнші-композиторлар өшпес рухани байлық қалдырған.Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын,құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлаған.Қазақ мерекесі,қазақ мәжілісі,ырымы,дастарханы мен отырысы ешқашан ән мен күйсіз өткен емес.Ән –адамның ой-сезімін білдіретін,тәрбиелейтін өнер жанры.Ән адамды қуантатын,мұңайтатын,жылататын өнер.
            Біздің заманымыздың композиторлары:Ахмет Жұбанов,Мұқан Төлебаев,Ғазиза Жұбанова,Шәмші Қалдаяқов,Сейдолла Бәйтереков,Әсет Бейсеуов,Ескендір Хасанғалиев т.б. тамаша әндер жазған.

Сұрақтарға жауап беру:
1) Сендердің өмірлеріңде музыка қандай рөл атқарады?
2) Музыканы ұнатасыңдар ма?
3) Қандай композиторларды білесіңдер?
4) Радио және теледидардан қандай музыкалық хабарларды жиі тыңдайсыңдар?
5) Қандай ансамбльдерді,топтарды білесіңдер?

Сөздік жұмысы.Таныс сөздеріне синоним,антонимдерін айтқызып кетемін.


Бессмертный-өшпес
Духовный-рухани
Поверье-ырым
Заседание-отырыс
Чуство-сезім
Радовать-қуанту
Печалить-мұңайту
Разбудить-ояту
Участвовать-қатысу 

                                       Деңгейлік тапсырмалар.
                                                     I  деңгей.
Мәтіннен есімшені тауып,қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
                                                     Музыка өнері
Музыка мәдени тәрбиелік роль атқарады.Адам сезімін,ойын дыбыс арқылы суреттейді.Қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері-Әбу-Насыр-Әл –Фара-би,Қорқыт,Қазтуған,Асанқайғы.Қазақтың 50-ден астам музыкалық аспабы болған.Оның ішінде домбыра,шаңқобыз,сырнай,сыбызғы аспаптары кең

                                                        II  деңгей
Берілген сөздерден сөз тіркестерін жасаңыз.
Музыка,сезім,рухани,ән,жыр,өшпес,актер,әнші

                                                        III  деңгей
«Менің сүйікті әншім немесе тобым»тақырыбына  әңгіме құрыңыз,жазыңыз.

Ү. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).
          Сұхбат құрамыз.
1-тақырып «Даңғыра дегеніміз қандай аспап?»
2-тақырып «Қазақ тілі сабағында...»
        
ҮІ. Үйге тапсырма беру: 1-тапсырма. «Қазақтың ән өнері», мәтінін мазмұндап келу.90 бет.
 Жақсы көретін әншісі туралы шағын жарнама дайындап келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ халқының ән өнері
Музыка және қолданбалы өнер. Қазақтың атақты әнші-күйшілері
Өз жартыңды тап ойыны
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Есімшенің жасалуы мен түрлері
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Қазақ драма театры. Деректі кино
Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөздер
Есімшенің жасалу жолдары
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8553 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык